Қорқытова Айсулу
Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері.
Жарнама - өндіруші және тауар туралы ақпараттарды мақсатты аудиторияға дейні жеткізуге арналған ақылы ақпарат тарату құралы.
Жарнама нарықта ақпарат таратудың ақылы арнасы болып табылады. Ол маркетинг жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның басты міндеті - жарнама берушінің тауар өтімділігін және пайдасын қамтамасыз ету болып табылады.
Жарнама бес негізгі қызмет атқарады:
- нарықта тауарға деген сұранысты қалыптастыра отырып және өткізуді ынталандыру арқылы тұтынушыларды тауарды сатып алуға итермелейді және сатып алу-сату процесін жылдамдатады, бұл өз кезегінде капитал айналымының ұлғайуына әкеледі, демек жарнама нарықта экономикалық қызмет атқарады;
- өндіруші мен оның тауары туралы ақпараттармен тұтынушыларды қамтамасыз ете отырып нарықта жарнама ақпараттық функияны орындайды;
- жарнама зерттеу процесінде қолданылатын сауалнама, пікір сұрау, өткізуді талдау көмегі арқылы нарық пен тұтынушылар арасында екі жақты байланысты қамтамасыз етіп нарықта комауникациялық қызметті жүзеге асырады.
- жарнама тауардың нарықтағы қозғалысын бақылауға және тұтынушылар сана сезімінде тұрақты түрде тауарға деген қызығушлықтың қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты жарнама бақылау функциясын орындайды.
- нарықтағы тұтынушылардың белгілі тобына әсер ете алу мүмкіндігін пайдалана отырып, жарнама сұранысты басқару қызметін атқарады.
Жарнаманың келесідей түрлері бар:
Аудиторияға
•тұтыну тауарланының жарнамасы
•іскерлік жарнама /өнеркәміптік, сауда, алуылшаруашылығы өнімдері/
2.Аудиторяины қамту дәрежесіне қарай:
•халықаралық жарнама
•ұлттық жарнама
•аймақытқ жарнама
•жергілікті жарнама
Тарату арналарына байланысты жарнамының түрлері:
•Баспасөз жарнамасы – мақала, репотаждар арқылы жарияланған жарнама мәліметтері.
•Радио жарнама
•Тележарнама
•Аудиовизуальды жарнама-жарнамалық роликтер, бейне фильмдер.
•Сыртттағы жарнама- жарнама шиттері, афишалар, дүкен витриналарындағы жарнама, фирмалық вывескалар.
•Көлік құралдарындағы жарнама
•Тікелей пошталық жарнама
•Компьютерлік жарнама
Достарыңызбен бөлісу: |