Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат тұқымының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .
Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу өкілдігін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тәрбиелуі .Баланың ата-анасына ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .
Достарыңызбен бөлісу: |