Жас ерекшелігі психологиясы


Даму психологиясындағы психодинамикалық бағыт



бет38/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129

3. Даму психологиясындағы психодинамикалық бағыт


4. Дамудың психоәлеуметтік теориясы

5. Бихевиоризм және үйрету теориясы



Мақсаты:Шетел теорияларындағы адам дамуының мәселелерін талдай отырып , теориялардағы даму бағыттарымен таныстыру.

1. Эволюциялық идеялардың негізгі өкілі –Ч.Дарвин. Ғылыми ойлаудағы дарвинизм жасаған төнкеріс ағза мен орта арасындағы детерменистік қатынастардың жаңа схемасын жасауға көмегін тигізді. Бұрынғы концепцияларда орта- ықпалдық маңызға ие болса, енді ол өмір тіршілігін өзгерте алатын күшке айналады. Ағзалар туралы түсініктер өзгерді. Бұрынғы биолгтар түрлер өзгермейді, ал тірі дене психикалық құрылымға белгіленген деп санады. Алайда ағза ортамен өзара әрекеттегі филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі екендігі анықталды және оған эволюция заңымен қамтылған ішкі органикалық ерекшеліктер тән. Психологияның дамуына тәжірибелік әдістермен қатар эволюция принципі және кеңінен –даму принципі де маңызды ықпалын тигізді.Ч.Дарвиннің биология саласындағы өзінің ең маңызды еңбегі «Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығуы» Осы еңбегі арқылы түрлердің өзгергіштігі фактісі мен эволюция заңы ашылды. Эволюция заңы бойынша өзгергіштік заңы мен тұқымқуалаушылық принципі негізінде органикалық заттардың тіршілік үшін күрес жағдайында табиғи сұрыптау жүреді, ол материалистік түсіндірудің мақсатқа сәйкестігін берді, яғни табиғатқа ағзалардың бейімделуін көрсетеді.

2. Ч.Дарвиннің балаларға жүргізген зерттеулерінен кейін бала дамуына бақылау формасындағы зерттеулер көбейе бастады. Осы саладағы алғашқы теория рекапитуляция теориясы болып саналады. Бұл теорияны С.Холл мен Дж. Болдиунмен қалыптастырды. Оның негізіне балалар психологиясы мен эмбриологиясына көшірілген Э.Геккельдің биогенетикалық заңы еңгізілген. Рекапитуляция заңы бойынша бала жеке даму процесінде эволюциялық процес кезеңдерінен өтеді, сонымен қатар адамзат басынан кешірілген: жабайылық,аң аулау, мал шаруашылығы т.б. мәдени дамудан өтеді. Олардың қатал заңдылық бір ізділігінің маңызды сатылары автоматты түрде бірінен кейін бірі өңдіріледі. Тек сондай жағдайда балада сыналатын қарама- қарсы сезім-судан қорқу және оны жақсы көру –бұл жануарлардың суда тіршілік еткен мезгілінен қалған белгілер, содан кейін өздерінің мекен еткен ортасын таңдауына байланысты. Онтогенетикалық даму биологиялық детерменизм процесі ретінде қарастырылды. С.Холл педагогика ғылымына көп көңіл бөліп «педология» ұғымын еңгізді. Дж. Болдуин онтогенетикалық даму адамзат тарихын толықтай қайталай алмайды деп, сыртқы факторларды есепке алу керек екенін анықтады.. Ол психикалық даму факторы мен В.Штерннің оларды конвергенциялау теориясы бойынша түсіндіріледі. В.Штерн бойынша бала дүниеге келген ағза, ол органикалық мүмкіндіктерге, түйсіктерге , туа біткен бейімділіктерге ие болады.Ол оларды рухани дамуды анықтайтын ішкі ерекшеліктер, немесе ішкі фактролар деп атады. Екінші факторға ортаның ықпалы, табиғи және қоғамдық факторлар жатады деп атап көрсеткен.

3.Даму теориясындағы психодинамикалық бағыттың негізгі -өкілі-З.Фрейд.З.Фрейдтің зерттеуінің қорытындысы бойынша үлкен адамдардың аурулық себептері бала кезіндегі үрейлену салдарынан.Ол жеке тұлға дамуын мынадай стадияларға бөлді:



Оральды стадия (0-1ж) Бұл кезеңде баланың дамуы тамақтануға байланысты. Бұл кезеңдегі ауыз тамақтану құралы болып табылады.Бала барлық жағынан анасына тәуелді болады. Баланың тісі шыға бастағанда ашушаң мінезі де пайда болады. Фрейдтің айтуы бойынша осы кезеңнің өзінде балада ; тойымсыз, сараң, талапқойғыш,қанағаттанбау сияқты қасиеттері дамиды.

Анальды стадия (1-3ж) Бұл стадияда «мен» концепциясы дами бастайды және «ол» концепциясына бақылау жасап отырады. Бала өзінің қызығушылығымен шынайы өмір арасында келіспеушіліктерді мойындап оларды дұрыс шешуге үйренеді. Әлеуметтік ақыл- кеңес, ата-аналардың жазасы және олардың сүйіспеншілігін жоғалту үрейі кейбір тыйым салулармен келісуге әкеледі. Психоаналитиктердің тұжырымдамасы бойынша осы кезеңде;ұқыптылық, пунктуальдылық, тұйықтық, ашушаңдық, экономдылық, бірбеткейлік қабілеттері пайда болады.

Фаликалық стадия (3-5ж) Фрейд баланың ең негізгі даму кезеңін 5 жасқа дейін деп белгіледі. Осы кезеңде оның маңызды жекелік құрылымы пайда болады. Осы стадияда; өзін-өзі байқау, ақыл, рациональды ойлау қабілеттері пайда болады.

Латентті стадия (5-12ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық төмендейді. Бала жалпы адамдық тәжірибені жетік меңгеріп, өз құрдастарымен, үлкендермен, отбасымен қарым-қатынасын жақсартуға тырысады.

Генетальды стадия (12-18ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық жоғарылайды. Бала үлкен болады. Оның негізгі мінез-құлқы оның дамуы «ол», «мен» және «меннің жоғарылауы» қарым-қатынасы арқылы пайда болады.

4.Психоәлеуметтік теорияның негізгі өкілі-Э.Эриксон. Оның теориясы бейсаналылыққа қарағанда саналы іс-әрекетке көп мән береді. Э.Эриксон адамның қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынас роліне аса назар аударды.

Э.Эриксон адам дамуын 8 стадиясы бөлді:

1.Сенімділік және сенімсіздік (тағаннан 1ж.д.) Бұл кезеңде бала өзін күткен қамқорлық жасаған адамдарды сезінеді. Егер оның қажеттіліктері қанағаттандырылып, оған үлкен қамқорлық көрсетілсе, ол өмірге, қоршаған ортадағы адамдарға сенімділікпен қарайды. Ал егер оның өмірінде стресс, жиі ауру, ашушаңдық тудыратындай жағдайлар болса, балада қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.

2.Ұялу және күдіктену. (1-3ж) Бұл шақта бала жүре бастайды.Өздігінен тамақтануға, киінуге, тік жүруге үйрене бастайды. Оған өз бетімен бір іс-әрекет жасау тапсырылса балада сенімділік пайда болады, ал осы әрекеті үшін үлкендер оны жазаласа оның бойында ұялу өз күшіне күдіктену қалыптасады.

3. Инициатива немесе күнәмшілдік. (3-6ж) Бала өз денесінің белсенділігін бақылайды. Олар өздерінің белсенділігі арқылы адамдармен, айналадағы заттармен қарым-қатынас жасайды, ынтасы жоғарылайды. Ал егер оларды сынап жазалап отырса , олар өздерін кінәлайды.

4. Еңбексүйгіштік немесе толымсыздық.. (6-12ж) Балалар мектептен , үйден және өзінің жолдастарынан көптеген дағдыларды игереді. Оның «мен» концепциясы дамиды. Олардың өзін бағалауы академиялық үлгерімдеріне байланысты болады. Егер бала жақсы оқымаса онда толымсыздық комплексі қалыптасады.

5.Ұқсастық және рольдердің алмасуы (12-18ж) Бұл кезеңде балалар көптеген рольдерді біледі.Мысалы; мұғалім, оқушы т.б. Олар осы рольдерді біртұтас ұқсастықтарға интеграциялайды.

6. Жақындық және алшақтық. (18-40ж) Жастық пен қарттықтың басында дамудың негізгі қарама-қайшылығы жақындық пен алшақтық арасындағы дау жанжал туындайды. Жақындық дегеніміз- өзінің ұқсастықтарын жоғалтуға қорықпастан, өзінің жан дүниесін басқа адамдармен бөлісу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет