Жас ерекшелігі психологиясы


Дәрістің мазмұны 1. Пренатальды даму, кезеңдері мен триместрлер,нәрестенің дүниеге келу процесі



бет53/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129

Дәрістің мазмұны

1. Пренатальды даму, кезеңдері мен триместрлер,нәрестенің дүниеге келу процесі.


2. . Нәрестелік шаққа жалпы сипаттама

3 .Нәрестелік шақтағы денелік және моторлық даму

4. Нәрестелік шақтағы сенсорлық даму

5. Нәрестелік шақтағы когнитивтік даму


Мақсаты: ұрықтық даму кезеңдерін және нәрестенің дүниеге келу үрдісін, осы кезеңнің маңызын, болашақ ана денсаулығын болашақ нәресте үшін маңызын ұғындыру.
1.Пренатальды даму кезеңі деп- тұқымқуалау арқылы берілген потенциалдың қалыптасуы. Пренатальды даму ұрықтанудан бастап дүниеге келген кезеңді қамтиды. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы , көзбен көрінбейтін жаңа ағзаның дүниеге келуі үшін барлық гениталдық мәліметпен қамтамасыз етілген жалғыз жасуша. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы ұзақта қатерлі 9-ай өмір сүреді. Әйелдің менструальды циклының 10-шы күні жұмыртқа жасушасы қайтадан пайда болып гормондардың әсерімен тез дами бастайды.Әйел ағзасына енген сперпатазойдтар вагинадан ағзадағы фалопиевтік трубадағы жұмыртқа жасушаларын ұрықтандырады. Жұмыртқа жасушасы мен сперматазойд қосылғаннан кейін зигота пайда болады. Одан кейін герминальды кезең 2-жұмаға жалғасады. Бұл уақыт өткеннен кейін эмбриональды кезең басталады. Онда ағзаның құрылымдары пайда болып ол 6-жұмаға созылады. 3-айдан туғанға дейінгі фетальды кезеңге ұласады. Осы кезеңде баланың бұлшықеттері, ағзасы, тұлға жүйелері дамиды. Зигота пайда болғаннан кейін фалопиевті трубада жылжи отырып2 жасушаға бөлінеді.Екінші бөлінуде 2 жасушадан 4 жасуша пайда болады. Осы кезеңде ұрықтың ; қолы, саусақ, беті, жүрек, ми, өкпе және басқа да негізгі мүшелері дамиды.Эмбрион қорғаныс қабы амнионда яғни плацент деп аталатын ағзада дамиды. Ол кіндікпен байланысты онда 2 артерия, 1 вена қаны бар. 6 –шы жұмада ұрық тез дамиды. Эмбрион 3 жеке қабыққа бөлінеді. Ішкі қабықтан эктодерма қабығы-онда тері, сезім мүшелері, жүйке жүйесі,дамиды. Ал ортаңғы қабықта мезодерма қабығы -онда бұлшықет ткані, қан, зәр шығару, ішкі эндодермадан қабығынан асқорыту, өкпе мүшелері дамиды. Фетальды кезең 3 айдан 7айға дейінгі аралықты қамтиды. Ол кезеңде ұрық қозғала бастайды.

2. Пренатальды кезеңде ана ағзасына түскен инфекция екі жол арқылы плацент және жыныстық жолмен амнитикалық сұйықтық арқылы ағзаны улайды. Бұл ауру түрлеріне венералогиялық аурулар соның ішінде ең қауіптісі СПИД. Инфекция ұрықты улап түсік тастатуы мүмкін.Теротегендердің ұрыққа әсері ішкі және сыртқы факторлармен байланысты. Мысалы егер ана диабетпен ауырса ұрықта инсулген жетіспеушілік етеді.Соңғы айларда ағза инсулгенді өндіре алса ұрыққа инсулген жеткілікті болады. Резус-фаторы ұрықтың дамуында үлкен маңызы бар. Кейде ана мен оның ағзасында дамып келе жатқан ағзаның қандары сыйымсыз болады. Белоктың қанда 85% болуы қолайлы фактор да болмауы жағымсыз резус. Бұл екі резус типі ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отырады. Ал егер ананың резусы жағымсыз, баланың қанының резусы жағымды болса ол сыйымсыз. Ана ағзасындағы қанның жартысы қан жүйесіне толықтырылады да ана ағзасында антитела пайда болады. Ол ана ағзасына қауіп төндіріп қана қоймай дүниеге келетін балаға да қауіп төндіреді. Ананың жасы да пренатальды кезеңге көп әсерін тигізеді. Пренатальды ақаулық пен анамалиялар алғашқы жүктілікте 35 жастан үлкен аналар және 19 жастан кіші аналар жағдайында кездеседі. Қауіпсіздендіру факторының бірі жүктілік кезіндегі ананың денсаулығының жоғары деңгейде болуы.



3.Ұрықтың дүниеге алғаш есігін ашуы- оның қауіпсіз және қорегі бар ортадан қауіптілігі бар, қатал ортаға әкеледі. Оттегі және ас енді плацент және кіндік арқылы берілмейді. Енді дүниеге келген нәресте өзі қоректенуі керек. Күнделікті өмірде дүниеге келу процесі 3 стадиядан өтеді. 1) жеңілдену алды толғағы. Мұнда әйелдің жатыны кеңейеді, амниен қабығы айырылады және ұрықтанған шырын сыртқа шығарылады.2) жеңілдену. Жатын толығымен ашылғаннан кейін 10-12 күшті жүйелі бұлшықет жиырылуы болады да, ұрық басын алға жылжытады. Бұл стадия көп жағдайда 10 минуттан 40 минутқа дейін ұласады. Жыйырылу жүйелі түрде 2-3 минут сайын болып тұрады. Осы кезеңде ана өзі белсенділік көрсетіп көмектесе алады. Қалыпты жағдайда бала жеңілдену каналынан басы бірінші, бетімен төменге қарап шығады. Бас бірінші шыққан жағдайда басы босап бала бұрылып дененің қарсылықсыз шығуына жағдай жасайды. Егер баланың артқы бөлігі бірінші келсе, ол ауыр жеңілденуге жатқызылады. Бұл жағдайдың әрбіреуі арнайы көмекті қажет етеді. Плацент және кіндік пен соған байланысты ткандердің шығуы жеңілденудің соңғы стадиясын көрсетеді.Ол дүниеге келгеннен кейінгі 20 минутты қамтиды. Жеңілденудің соңғы сәттерінде нәресте ағзасы үлкен адреналин және норадреналин, стресс гормондарын өндіреді. Кенеттен адреналиннің берілуі оттегінің жетімсіздігін көрсетіп өкпе арқылы демалуға әзірлейді. Нәрістенің ана құрсағынан сыртқы ортаға шығу сәтінде-ақ оның алғашқы айқайы дыбыс шығаруы естіледі. Қалыпты нәрестенің салмағы 2,5 кг нан 4,3 кг,ал бойы 48-ден 56 см болуы керек.Нәресте дүниеге келе салысымен төрт түрлі жүйені яғни тынысалу, қанайналым, асқорыту, және терморегуляцияны өздігінен реттеуге үйренеді. Өмірдің басталуының дәстүрлі белгісі айқай. Бұл қадам өте маңызды болып саналады. Алғашқы ауаның жұтылуынан өкпе алғаш рет үріліп тыныс алу жүйесін жұмысқа кірістіреді. Баланың әрі қарай дамуы сол қоғамның, отбасының күтуіне соған байланысты міндеттерді орындауы, сол туралы хабардарлығына алдағы күнге сенімділігіне әсер етеді. Сонымен қатар бала дүниеге келісімен дағдарысқа кезігеді.Л.С. Выготский айтқандай «баланың дамуы дүниеге келу дағдарысымен және одан кейін жаңа туған кезең дағдарысымен басталады.мұнда нәрісте өзі үйренген ортадан жаңа қорқынышы көп ортаға тап болады . Бала жаңа ортаға бейімделуін алғашқы айқайы арқылы білдіреді.Бала бір жасқа толғанда екінші дағдарысқа тап болады.Бұл кезеңнің дағдарысының мәні оның жүре бастауымен байланысты.Ерте балалық жаста бала жүре алатын болса да, ол үшін жүру кеңістікте қозғалатын негізгі форамаға айналады.үш жастағы дағдарыстың жаңа түзілімдеріне баланың үлкендерге қатысты позициясының өзгеруі, өзбетті болуға ұмтылуы, үлкендердің оны мойындауын керек етуі жатады. Осы кезеңде баланың «мен» концепциясы қалыптасады.Балада менікі, өзім жасаймын деген қылықтар пайда болады.мектеп кезеңі барлық басқа кезеңдер секілді дағдарыспен, өтпелі кезеңмен басталады.7 жаста баланың бойы тез өсе бастайды, сәйкесінше денесінде көптеген физиологиялық өзгерістер пайда болады.Бұндай өзгерістер психикалық деңгейде де жүреді.Бала өзіне , өзгелерге деген қарым-қатынасы өзгереді. Балада түсініксіз мінез-құлық пайда болады. Басынан кешіретін сезімдер шынайы бола бастайды.13 жастағы дағдарысқа тыңдамаушылықтың асқынуы, дөрекілік, үлкендерге ешбір мотивациясыз қарсы шығу, уайымдау тән.Орта жастағы дағдарыс кезеңінде адам өзінің өмірінің керемет кезеңінің артта қалғанын, өлімнің жақындағанын сезінеді. Ересек адамдарды ұрпағына не қалдырам, бұлөмірде не тындырдым қандай жетсітікке жеттім деген сұрақтар мазалайды. Сондықтан бұл кезеңнің дағдарысын сұрақтар дағдарысы деп атайды.дағдарыс кезеңдері адамға психологиялық және әлеуметтік жағынан біршама қиындықтар әкеледі.Бірақ көптеген адамдар осы өтпелі кезеңге бейімделіп, алдын-ала антиципация көмегімен өмірлік жағдайларды жоспарлай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет