Жас ерекшелігі психологиясы


Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы



бет41/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129
Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат ұрпағының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .

Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу қабілетін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тәрбиелуі .Баланың ата-анасына ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .

2. Жылына дүниеге келген балалардың 6 -і гендік және хромосомдық ақаулықпен дүниеге келеді . Бұндай ақаулықтың пайда болуына сыртқы орта факторлары , түрлі дәрі-дәрмектер , радиация және босанғанда алған жарақаттар жатады . Сонымен қатар ішкі факторлар ананың денсаулығы , жүктілік кезіндегі өзін күту және тұқым қуалау арқылы берілетін аурулардың себебінен пайда болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет