Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Орта жас кезеңге қандай жас аралығы жатады?
2. Орта жас кезеңдгі денелік өзгерістерді ата?
3. Орта жас кезеңнің негізгі міндеттерін ата?
4. Орта жас кезеңдегі интеллектуалдық даму сатысы?
5. Биологиялық жас дегеніміз не?
6 . Психологиялық жас дегеніміз не?
7 .Әлеуметтік жас дегеніміз не?
Орта жас кезеңіндегі психоәлеуметтік даму. 1. Орта жастағы міндеттер
2. Орта жастағы тұлға аралық қатынастар.
3. Жанұядағы өзгерістер.
Жеке тұлға, жанұя және жұмыс
Өткен тарауларда көрсетіліп кеткендей балалық шақ,ересектік және жастық шақ кезеңдерімен танысып,біз көптеген тұлға концепциялары бар екенін білеміз.Ересек адам тұлғасын қатысты маңызды мәліметтерді Абрахам Маслоу қарастырды.(1908-1970). Маслоу теориясы әртүрлі конструкцияларды игереді,олар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қолданбалы болып келеді.Алайда олар даму стадияларында емес,өз потенциалын құруға талпыныс және өзінің Меніне жету сезімі бар әрбір адам қанағаттандыруға тиісті қажеттіліктерде негізделеді.Адам өмірінің мақсаты өзіндік ерекшелену болып табылады,яғни өзіндік талант пен қабілетті іске асыру.Өзіндік ерекшеленуге қажеттілік Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының ең жоғарғысында тұрады,ол иерархия пирамида түрінде бейнеленеді.Гуманистік психологияның өкілдері ,әсіресе Маслоу «өмір сүру барысында біз әрқашан өз болашағымызды таңдаймыз» деп тұжырымдайды.Өз тәжірибеміз бойынша басқа адамдармен қарым-қатынасқа тәуелдіміз,бірақ қайда бағыт алу керектігін және жетуге тиісті мақсаттарды өзіміз анықтаймыз.
Адам өзіндік ерекшелену қажеттілігіндегі айырмашылықтарды ұйымдастырады немесе оны төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді мысалы;тамаққа,өзін қорғауға,т.б қанағаттандырғаннан кейін іске асырады.Үнемі депрессия мен үрей жағдайында өмір сүретін адамдарда ішкі өзіндік потенциалмен қамтамасыз етілмейді.Адамдарға өмір барысында жақсы көру мен сүйікті болу қажет,сонымен қатар белгілі-бір топқа жатқызылуы және өз жанұясы,қоғамда белгілі-бір орын алуы тиіс.Сонымен қатар,біз әрқашан сыйластыққа мұқтажбыз.Адамдардың әртүрлі жағдайлармен әсер еткенін,дағдыларымызды,тұлғалық қасиеттерді және жанұя мен достар арқылы жеткен жетістіктерді жай қолданудан үлкен қоғамдық мойындағанын қалаймыз.Біз сонымен қатар жоғары когнитивті және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмтыламыз.
Өзіндік ерекшелікке ұмтылатын адамдар қандай сапаларды игереді? Әдетте олар шыншылдығымен, жақсы әзілдік сезімімен, шығармашылдығымен,жасампаздық бастамашылдығымен ерекшеленеді және жағымды Мен-концепциясын игереді.Алайда олардың орындалуы міндетті емес.Мұндай адамдар кейде өзімшіл және өзіндік адамгершілікті,қобалжулы, өзінің жекелік потенциалын қалыптастыру үшін тұрақты болады.Олар үнемі бақытты бола бермейді,бірақ та өзіндік қайғыруды бастан кешіреді.Ерте ересектік жаста адам тек өзіндік ерекшеліктің бастамасын ғана басынан кешіреді, оған ену бүкіл өмір бойына жүреді.
Гуманистік психолог Карл Роджерс (1902-1987) бұл мәселелерді психотерапевт тұрғысынан қарастырды.Ол пациенттің үрей сезімін,олардың төмен бағалауын және өзіндік маңыздылықты,тұлғааралық қарым-қатынас үрдісінде пайда болатын қиындықтардың себептерін ашуға тырысты.Роджерске сәйкес,адам табиғатының негізін денсаулық пен конструктивті импульстері құрайды.Адам дүниеге келгенде жақсы, қоғамның тәртіпті мүшесі болуға дайын болады, бірақ даму барысында қоғам адамдарды «бұзады ».Ата-аналардан бастап әртүрлі маңызды фигуралар бізге сыйластық жағдайын ұсынады: мынаны істе,оны жасама,онда сен зердесіз боласың; деген сияқты.Осындай жағдайлар егер индивидте орын алса, өзін сәтсіз,жолы болмайтын деп қабылдайды, өзін төмен бағалап,үнемі үрей мен қайғыру болады.Мұндай интернализиондық жағдайлар жетістіктің қол жетпейтін стандарты болады.Роджерс бойынша,біздер басқа адамдарды толық қабылдап,жағымды қарым-қатынасты ұстану керек.Ата-ана ретінде өз баласының жағымсыз қылықтарына қарамастан оны жақсы көруі тиіс. Егер ол тәртіп бұзса,оны жазалау керек.Көбіне балаға оның маңыздылығы,қажеттілігі туралы сезімді білінбеуі кеерк.Эриксоннан кейінгі қазіргі тұлға теориялары ұқсастықтың маңыздылығын есекреді.Сьюзан Уитбурн және Лоурен Коннэлидің ойынша: «Ұқсастық бойынша индивидтің өзіндік бағалауын, әлеуметтік рөлдердің және сонымен қоса әлеуметтік жұмысы мен жанұя мүшелері,қоғам азаматтарының мінез-құлқы,мотиві,физикалық және когнитивтік тәсілдерге қатысты айырмашылықтары түсініледі.»Ерте ересектік жаста және одан әрі өмірінде ұқсастық статикалық болмайды.Кейбір ғалымдардың айтуынша,индивидтің қайғыруы мен тәжірибесі ұқсастықтағы аккодацияға ықпал етуі мүмкін,және бұл Пиаже атап көрсеткендей когнитивті дамуы үшін процестерге аналогиялық әсер етеді.Өз кезегінде,әрбір жас топтарындағы ересектерде 3 негізгі ұқсатық стилі болады: шындықтан бас тарта отырып, өзін өзгермейтін деп есептейтін адамдар.Олар ассимиляцияға жақын келеді;аккомодацияға жақын адамдар және жеке тәжірибесі ықпалымен өте үлкен өзгерістерге бейім келеді; жоғарғы деңгейдегі(уровновешенные) адамдар өз ұқсастықтарында жағымды және жағымсыз қайғыруларды көрсетуге бейім келеді.Соңғы аталған стил әлдеқайда таза болып келеді.
.Ересектік жағдайларды қарастыратын кезде көбіне біздер рольдердің, жағдайлардың ауысуына әлеуметтік шыңға даму міндеттеріне көңіл аударамыз. Бұл элементтердің тұрақтылығы мен өзгеруінің көрінуі жанұя циклімен және даму моделімен байланысты.Орта ересектік кезеңі үшін өзіндік міндеттер тән. Бірақта ерте және кеш ересектік кезеңнің міндеттері берілген кезең тапсырмаларымен сәйкес келуі мүмкін. Сондай – ақ бұл тапсырмалар ерлер және әйелдер үшін әртүрлі.
Орта жас- бұл ұзақ уақыттың кәсіби мақсаттарды жүзеге асыру, карьераның дамуын түзету, жұмыстан көңілі қалу, бұл жұмыспен байланысты стресстің жоғары деңгейіне жету кезеңі деп түсіндіреді.Осы кезеңдегі жанұя мәселесі адамдарды көп мазалайды. Бұл уақытта үйден кету, қайта жанұя құру немесе қайтып оралу мен байланысты боллады.
Орта жастағы адамдар кішілер мен үлкендердің арасындағы байланыстырушы көпір ролін атқарады. Олар орта жаста өздерінің өзгермелі ролдеріне үйренеді. Енді олар жұмысты ұйымдастыратын немесе жүргізуге жауапкершілік алады. Бұл жауапкершілік бәрнеше қортындыларды жасауға тура келтіреді. Оларға қандайда бір мақсаттардың орындалмағанына өкініш білдіреді, және бірнеше жоспарлар жоспар болып қана қалатындығына келіседі. Орта жаста адамдар басқа жастармен салыстырғанда қазіргімен өмір сүрулері қажет. Жастар алға қараса, қарттар артқа бұрылса, орта жастағы адамдар өзіне деген көзқарас тұрғысында осында не қазір деп өмір сүру керек. Олар отбасын қорғайтын адам ролін ұстанады. Олар отбасының дәстүрін сақтап, отбасының әрбіреуін отбасылық мерекелерге жинайды, отбасының тарихын сақтайдды.
Үлкен балалармен қатынас олардың жеке өмірге өтінішін бөлек тұруға үйрену процесіне ауысу кезеңінен тұрады.
Ата- ана менбала арасындағы қарым- қатынасты шешу баланың жеке өмірге аяқ басуынан басталады. Кейбір жанұялар осы ролді жақсы қабылдайды.Жастарға көмекті оларға сенетіні сыйлайтын ата- аналар көмектесе алады.Ата- ана балаларын қалай болғандада дәл сол күйінде қабылдаулары қажет. Көптеген ата- аналар балаларының үйден кеткендеріне реніш білдіріп өздерін уақытша бақытсыз сезінеді, қанағатсыздықтың негізгі себептері жұмыс пен жанұялық қарым- қатынастың балаларымен айырылуымен байланысты.
Ата- аналар үнемі балаларының бар болғанына қуанып олар үшін қуанса бірақ олар кеткен соң өздерінде еркіндіктің күшейгендігіне жеке өмірінде мүмкіндіктің молайғандығымен не қосымша ресурстардың пайда болуы анық көрініс табады.
Бұл жастағы бұрынғы қиындықтар және оларды шешетін мүмкіндіктер уақытымен қайта шығады, әсіресе стресс және өзгеріс кезеңі. Күтпеген аурулар, мысалы инфаркт мынаған әкелуі мүмкін, адамға автономияны және тәуелділікті қайтадан шешуге тура келеді.Серігінің қайтыс болуы жарының жақындасуды қалауын қайтадан маңызды етуі мүмкін. Өмірде кез келген бейімделу қайта қарауды жіне бұрынғы шешілген қиындықтарды қайта бағалауды қалайды. Эриксонның ойынша, өмірдің маңызды жағдайлары, күйеуінің немесе әйелінің қайтыс болуы адам өміріне түпкілікті өзгерістер әкеледі, ол 1-ші базальды сенуге қайта оралады автономиялық ынта, ұқсастық және жақындық жіне осыдан кейін кемелділік генеративтілігіне қол жеткізеді.Ересектік өмірдің спецификалық өмірлік тапсырмаларын оқуға тырысқан Пек, ересек адамның 7 проблемасын немесе жанжалды атап көрсетті.Алғашқы 4 проблема орта жаста ерекше мағына береді, қалған 3- уі кемелділік жылдарында маңызды болады, бірақта жеке тұлғалар олармен өмірінің ортасынан бастап соқтығысады.
Эриксонның стадиясында Пектің бірде- бір проблемасы орта немесе қарттық жаспен шектелмейді. Өмірінің басында қабылданған шешімдер, кірпіштер ролінде шығады, ересек адамның әрекеттері орналасады, ал орта жастағы адамдар проблемаларын шешуді қарттыққа дейін бастайды. Зерттеулер көрсеткендей 50-ден 60 жасқа дейінгі кезең түзетуге қиын болып табылады және адам қалған өмірін қалай өткізетінін осыдан анықтауға болады.
№ 14 дәріс