«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының 3-тоқсандағы есебі
«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының «Эрудит» дебат клубы құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет тақырыбында 31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өткен онкүндік аясында заман және заң тақырыбында 8-10 сыныптар арасында дебат өткізілді.Осы онкүндік барысында «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының комитет мүшелерімен барлығыңа заң ортақ тақырыбында 8-11 сынып арасында челлендж ұйымдастырылды.Ақпан айында Мұқағали Мақатаевтің туылған күніне орай мектеп оқушылар арасында мәнерлеп оқу жарысын Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қожаханова Гүрнара Жұмағалиқызымен және ақысыз үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен жарыс өткізілді.Жарысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.Жақсы өнер көрсеткен оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.Ақпан айында ауылымыздағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.Сонымен қатар Ж.Жабаевтың туылғанына 175 жыл. «Ұлы даланың жаршысы» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шәріпжанова Меруерт Қабиболлақызының ұйымдастыруымен әдеби шығармашылық кеш өткізілді.
Наурыз айында «Ана деп көркем жыр төккен,армысың ару нұр көктем » 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне ұстаз аналарымызға «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару мүшелері құрмет көрсетті.Сонымен қатар «Нұр себелеу, Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесі әр сыныптарда сынып сағаттарымен жалғасты.