«Жас мамандар» мектебінің отырысы



бет1/4
Дата20.02.2022
өлшемі23,87 Kb.
#132570
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Хаттама жас маман
001a2238-733380fe, 10 кл каз олимпиада, №10 саб.6кл., социология 2 лекция, Энзимология 11, СӨЖ№2, 1 лекция ОХТ, сор 6- 9кл ря

Хаттама №1
«Жас мамандар» мектебінің отырысы
06.09.2021 ж
Қатысуға тиісті: 3
Қатысқаны:3
Күн тәртібінде:

  1. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру.

  2. Жас мамандарды сабақты өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік беретін Ереже және жекеленген Ережелермен таныстыру туралы.

  3. Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту.таныстыру жайында.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектептегі “Жас мамандар” тәлімгер Б.Бескенова 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Жас ұстаздың кәсіптік қызмет картасы төмендегіше болатынын түсіндірді.
· Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
· Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
· Әдістемелік жұмыстары
· Кәсіптік жаңашылдық қызметі
· Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі
· Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары
· Қоғамдық педагогикалық қызметі
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады..Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар, психологиялық тренингтер, іскерлік ойындар, семинарлар жүргізілетіні және оқу жылының соңында “үздік жас маман ” байқауы қорытындыланатыны айтылды. Мектеп директорының бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдер таныстырылды. Одан әрі жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру жүргізілді. Жас мамандарға еңбек тәртібі , өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәелелері ескертілді.Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер өздеріне бөлінген жас мамандармен жүргізетін жұмыс жоспарларын таныстырып өтті.
Шешімі:
1.2021-2022 оқу жылына жоспарланған жұмыстар уақытында орындалсын;
2. Жас мамандарға еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, негізгі ережелерде көрсетілген
міндеттерді орындау тапсырылсын;
3. Тәлімгерлер мен жас мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі қолға алынып, әр жартыжылдық сайын есебі тыңдалсын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет