Жас маманмен жұмыс



бет2/2
Дата25.01.2022
өлшемі20,52 Kb.
#114065
1   2
Байланысты:
Жас маманмен жүргізілген жұмыс

Мақсаты:

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.



Міндеттері:

1.Мұғалімнің педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде білімін жоғары деңгейге көтеру.

2.Мұғалімнің теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру.

3.Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы рөлін арттыру, құзырлығын дамыту.

4.Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, қолдау және ынталандыру.

5.Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын с маманға бағыт беру.

6.Мұғалімнің сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін үйрету.

7.Мұғалімнің құзіреттілігін арттыра отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмектер көрсету.

8.Кәсіби даму жоспарын құруда өз білімін жетілдіруге көмек беру.

Жұмыс формалары: 



  • жеке, ұжымдық, кеңес беру; 

  • сабақтарға қатысу; 

  • мастер-кластар, семинарлар, ашық сабақтар

  • тәлімгерлік; 

  • сауалнама; 

Біздің жұмысымызды  үш кезеңнен құрдық:  

  • 1ші кезең – бейімделу.  

Тәлімгер міндеттерін анықтайды және өкілеттіктерін жас маманның, сондай-ақ оның кемшіліктері және дағдылары жүйелеу үшін бағдарламаны жасау. 

  • 2-ші кезең – негізгі. 

Тәлімгер бағдарламасын әзірлейді және іске асырады, түзетуді жүзеге асырады, кәсіби дағдыларын құруға көмектеседі, оған өзінің бағдарламасын өзін-өзі жетілдіруге үйретеді. 

  • 3-кезең – бақылау-бағалау. 

Тәлімгер тексереді және жас педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейі дәрежесін анықтайды, оның дайындығын өзінің функционалдық міндеттерімен салыстырады, бағалайды. 

Таңдау жұмыс түрі: жас маманмен бастаған кіріспе сауалнама жүргізу және әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемалар.  

Сауалнама қорытындысы бойынша  бірлескен жұмыс жоспары жасалды. 

Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға, сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдану жолдары  анықталды. 

 Оқу процесі кезінде Турсынай  кез келген басқа жас маман сияқты мақсатына жету  үшін маңызды кәсіби сапаларын көрсетті. 


  • оқу – танымдық атмосфера жасау; 

  • пайдаланылатын оқыту әдістері; 

  • оқушылардың сабақта жұмыс істеуі; 

  • сабақтың тәрбиелік жағы; 

  • мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасы; 



Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында[1,5-бет].

Тәлімгерлік жақсы нәтиже берді, өйткені тәлім алушым сабақтарын өз дәрежесінде өткізе бастады . Қарқынды даму үдерісін жүйелеу мақсатында құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекет моделіне сілтеме жасау керек екенін түсіндім. Себебі бұл құрылымның бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені меңгері үшін не істегісі келетіндігін анықтауға бағытталған. Осы ретте тәлім алушы өзі таңдаған тәсілдерді іске асыруда табандылық, құзыреттілік танытып, өзгеге ықпал ете алатын тәлім алушыны қалыптастыруым керек. Тиімді шешім таңдау үшін оқушы осы тәсілдердің мәнін ұғыну керек. Тәлім алушымен бірлесіп жұмыс жасап, оқушыларға оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға ықпал етуді мақсат етіп қойдым. Тәліптің сабақтарына қатысып, сабақтан соң кәсіби әңгімеде «Сабақтарында нені байқадың?, «Не сәтті өтті деп ойлайсың?», «Оқушыларыңда қандай өзгешеліктер болды, оны қалай қабылдады?» деген сұрақтар арқылы сабақ барысында өзіне талдату арқылы тәліптің қөзқарасын анықтадым. Нәтижесіне тоқталсам, тәлім алушым сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана білді, АКТ-ның тиімділігімен қатар жеке жұмыстың артықшылықтарын жете түсініп өз сабақтарында жүйелі енгізе алды, оқушыларға үнемі бағыт-бағдар берумен қатар, сабақ соңында кері байланыс жүргізудің маңыздылығын меңгерді. Атқарылған жұмыстар әріптестерімнің қажеттілігіне бағытталды. Оны қатысушылардың жазған кері байланыстарынан түсіндім. Үшінші аптада тәлім алушы Тұрсынайдың сабақтарын көрдім. Мұғалімнің өткізген сабақтарынан оқыту мен оқу үдерістерінде болған өзгерістерді бақыладым. Төртінші-бесінші апталарда әдістеме бірлестік аясында әріптестерімнің сабақтарына қатыстым. Бұл күндері тәлім алушымен, топ мүшелерімен тығыз байланыста болдым. Барлық іс-шараларды бірлесіп жүргіздік. Жұмыс болған соң қызықты сәттер мен қиындық туғызған кездер де кездесіп жатты. Тәлім алушымен жағымды қарым-қатынас орнады.



  • Сәтті тұстар:Әр сабағын бақылағаннан кейінгі сұхбат, кері байланыс.

  • Бірлесе жұмыс істеу арқылы сабақты жақсы түсінгені. Сабақтың мақсаты мен табыс критерийін құруды үйренді. Кері байланыс арқылы өз ойларын білдіруі.

  • Сәтсіз тұстары: Тәлімгер ретінде әріптесіме теориялық мағлұматтарды көбірек жеткізе алмауым болды. Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын үдеріс болса, алдағы уақытта тәлім алушымен жүргізетін жұмыс жоспарды нақтылап құрып аламын. Тәліптің де сaбaқтaрындa жаңа әдіс тәсілдерді үнемі ықпaлдaстырa жүргізуіне ықпaл жaсaймын

  • Болашаққа қадам: Сенімді қарым –қатынас, сабақтарын бақылау, сұхбаттаса отырып бағыт беру, тәлімгерлікті жалғастыру

Осы кезге дейін жас маманмен жүргізілген жұмыста мынадай қорытынды жасауға болады: 

мұғалім қазірдіңөзінде сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген; сабақтың материалымен таныс, оқу процесінің барысы мен сынып оқушыларының тәртібіне көңіл бөледі. 

Турсынай тек өз пәнімен шектелмейді. Онлайн тестілеу ҰБТ дайындық жұмыстары , ОЖСБ тестілеулері, МАБ бойынша да компьютерлік тестілеудердің барлығын сапалы жүргізеді, әрі оқушыларға ыңғайлы жағдай ұйымдастыра алады. Сонымен қатар мектептің қоғамдық іс-шараларына да белсене атсалысады. 

Қорытынды:  

Бейімделу кезеңінде жас маманның жұмысы  қиындықсыз өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді. 

Алдағы уақытта қойылатын міндеттер: 



• жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында қолданысқа енгізу. 

• зерттеу және тәжірибелік кезеңінде сабаққа қажетті тиімді әдістерін дұрыс жолмен бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейінде әртүрлі ынталандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет