ОМ4. Бесбұрыштың периметрі 30 см тең. Үш қабырғасының әрқайсысының ұзындығы 4 см-ге тең. Басқа екі, а және b қабырғаларының ұзындықтары бірдей.
а қабырғасының ұзындығы нешеге тең?
А) 6
В) 9
С) 12
D) 18
ОМ5.
3:00 уақытта сағаттың тілдері тік бұрышта орналасады. Тағы қандай уақытта сағаттың тілдері тік бұрышта орналасады?
А) 3:15
В) 3:45
С) 9:00
D) 9:45
ОМ6. Ауылдан қалаға дейін велосипедші 20км/сағ жылдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын тап.
Жауабы: ____________
ОМ7.
Абай өз үйінен Мұхиттың үйіне дейін жолмен 40 метр жаяу жүреді. Содан кейін мектепке жету үшін ол жолын жалғастырады.
Абайдың үйінен мектепке дейінгі жолдың ұзындығы қандай?
А) 40 м
В) 80 м
С) 100 м
D) 130 м
ОМ8. Мектептің ойын алаңы шаршы пішінді. Алаңның бір жағының ұзындығы 100 метрге тең. Райгүл алаңның барлық шетін айнала жүрді. Ол қанша қашықтық жүрді?
А) 100 м
В) 200 м
С) 100 м
D) 10 000 м
ОМ9.
Диаграммада мұғалім үстелінде жатқан көк, қызыл және қара қалам саны көрсетілген. Қызыл қалам қара қаламға қарағанда қаншаға артық?
А) 2-ге артық
В) 4-ке артық
С) 6-ға артық
D) 8-ге артық
ОМ10. Мектептен соң кейбір оқушылардың немен айналысатыны шеңберлі диаграммада көрсетілген. Шеңберлі диаграмма бірдей 10 бөлікке бөлінген. 20 оқушының кітап оқығаны белгілі. Қанша оқушы достарымен кездеседі?