Жасқа дейінгі баланың физикалық дамуын бағалау үшін мейірбике келесі зерттеулерді жүргізеді



бет3/3
Дата23.05.2023
өлшемі382,5 Kb.
#177464
1   2   3
Байланысты:
бала ауруы госс общ тест (1)

гиперплазиясы
54. Экссудативті-катаралды диатезбен балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:
A.1 жыл
B.2 жыл+
C.3 жыл
D.5 жыл
E.жасөспірімдер кабинетіне өткізгенге дейін
55. Атиптік пневмонияларды шақырады:
A.пневмококктар
B.хламидиялар+
C.стафилококктар
D.гемофилді таяқшалар
E.стрептококктар
56. Билирубиндік энцефалопатия ОЖЖ-ң қандай перинаталдық зақымдалуына жатады?
A. гипоксиялық-ишемиялық
B. гипоксиялық-геморрагиялық
C. жарақаттық
D.метаболиттік+
E. инфекциялық
57. Ағзаның резистенттілігін бағалау үшін қандай көрсеткіш тән емес?
A.қанағаттанарлық+
B. жақсы
C.төмендеген
D.төмен
E.өте төмен
58. Құрсақ ішілік гипотрофиямен туылған балалардың салмақ-бой көрсеткіші:
A.50+
B. 60
C.70
D. 80
E. 90
59. Денсаулықтың ІІІ тобына жататын нәрестеге дәрігердің патронаж жасау жиілігі:
A.аптасына 2 рет
B. өмірінің 10, 14, 21 күндері
C.алғашқы айда әрбір 5 күн сайын+
D.айына 1 рет
E.аптасына 1 рет
60. Қанның қандай көрсеткіштері темірдің тіндік қорын көрсетеді?
A.түсті көрсеткіш
В. сарысулық темір
C.гематокрит
D.трансферриннің қанығу коэффициенті
E.сарысулық ферритин+
61. Бала 1 жүктіліктен, жүктілік 2-ші жартысында токсикозбен, анемиямен өткен. Мерзімінде туылған, асфиксиямен туылған. Кіндігі мойнына 2 рет оратылған, туылғандағы дене салмағы 3300г, бойы 51 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 6-7 балл, 5 минуттан кейін 7-8 балл. Қанағаттанарлық жағдайда педиатрдың бақылауына үйіне шығарылды. Денсаулық тобын анықтаңыз:
A. І
B.ІІ А+
C.ІІ B
D.ІII
E. IV
62. Бала өмірінің 8-ші күні перзентханадан шығарылды. Анасы 28 жаста, мамандығы инженер-химик, темекі шегеді. Жүктіліктің 12-ші аптасында тұмаумен ауырған. 35-36 аптада босанды. Босану қызметі әлсіз, сусыз кезең 5 сағат. Асфиксияда туылған, 6-7 балл, дене салмағы 2400г, бойы 46 см. Омырауға 12 сағаттан кейін берілді, әлсіз емеді, тез ұйықтап қалады. Физиологиялық салмақ жоғалту 250,0. 4-ші тәулікте сол жақ 2-ші қабырға аралығында және арқасында қарқынды систолалық шу пайда болды, тахикардия. Денсаулық тобын анықтаңыз:
A.І
B.ІІ
C.ІІІ +
D.ІV
E. V
63. Анасының жасы 22-де, соматикалық дені сау. Босануға дейінгі патронаж жүктіліктің 16-шы және 38-ші апталарында. Екінші туыт. Жүктілік пен босану қалыпты өткен. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл, туылғандағы дене салмағы 3450г, бойы 52 см. Омырауға 30 минуттан кейін берілді, белсенді емеді. Қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Соматикалық статуста ауытқу жоқ. Туа біткен автоматизм рефлекстері шақырылады, ширақ, үйлесімді. Денсаулық тобын анықтаңыз:
A.І +
B.ІІ
C.ІІІ
D.ІV
E. V
64. Өмірінің 6-шы күні баланың терісінің табиғи қатпарларында ашық түсті қызару пайда болып, ұсақ эрозиялар түзілді. Баланың жағдайы бірқалыпты, дене қызуы қалыпты. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
A.баздану+
B.тербөртпе
C.пемфигус
D.эксфолиативті дерматит
E.везикулопустулез
65. Бала 6 жаста, жиі ЖРВИ-мен ауырады. Тәбеті төмендеген, құлақтарында шу бар, көздерінің алдына «шіркей» елестейді, ентігеді, жүрегі қағады, жады төмендеген, тез шаршайды, боз, терісі құрғақ, қабыршақтанады, шашы мен тырнақтары сынғыш, арық. Жүрек үндері кереңделген. ЖҚА: эр – 3,0 х1012/л, НC.75г/л, ТК – 0,8, лейк – 8,7х109/л, э – 5%, т/я – 3%, с- 41%, лимфоцит – 44%, моноцит – 7%, анизоцитоз , пойкилоцитоз , ЭТЖ – 9 мм/сағ. Дұрыс жауап:
A.витамин тапшылықты анемия II дәр.
B.темір тапшылықты анемия II дәр.+
C.белок тапшылықты анемия
D.гипопластикалық Фанкони анемиясы
E. темір тапшылықты анемия IIІ дәр.
66. Темір тапшылықты анемиямен баланы қан талдаулары қалпына келгеннен кейін «Д» есептен шығару мерзімін көрсетіңіз:
A.3 айдан кейін
B.6 айдан кейін
C.1 жылдан соң +
D.2 жылдан соң
E.есептен шығарылмайды
67. Шала туылу дәрежесін анықтағанда басты көрсеткіш болып табылады:
A.гестация мерзімі+
B. тері асты-май қабатының айқындылығы
C.туа біткен автоматизм рефлекстерінің болуы
D.Апгар шкаласы бойынша бағалау
E. туылғандағы дене салмағы
68. 10 айлық қыз бала. Тәбеті төмендеген, енжар. Терісі боз. 3,5 айынан бастап жасанды тамақтандырылады, 5 айынан бастап негізінен ботқалармен тамақтандырылады, шырындарды үнемі алып отырмаған. Қан талдауында: эр-2,8х1012/л, Нв- 76 г/л, ТК- 0,6, лейк-13,2х109/л, с/я- 29%, т/я-2%, лимфоцит-57%, моноцит-8%, эозинофил-4%. Болжам диагноз:
A.витамин тапшылықты анемия II дәр.
B.белок тапшылықты анемия
C.гемолитикалық анемия
D.темір тапшылықты анемия+
E.гипопластикалық анемия
69. Дені сау нәрестеге туберкелезге қарсы бірінші екпе мына мерзімде жүргізіледі:
A.алғашқы 0-4 күнде+
B.туылғаннан кейін бір аптадан кейін
C.туылғаннан кейін екі аптадан кейін
D.1 айлығында
E.2 айлығында
70. Қызамыққа қарсы екпені бала мына жаста алады:
A.6 айда
B.1,5 жаста
C.12-15 айда+
D. 3 жаста
E. 2 жаста
71. Дені сау бала паротике қарсы екпені мына жаста алады:
A. 6 айда
B. 2 жаста
C. 1,5 жаста
D. 8 айда
E. 12-15 айда+
72. Дені сау бала АКДС-ң бірінші ревакцинациясын мына жаста алады:
A.6 айда
B.18 айда+
C.2-3 жаста
D.4 жаста
E.10 айда
73. 14 жастағы жасөспірім көшеде сатып алған ішінде еті бар бәлішті жегеннен кейін 2 сағаттан кейін жедел ауырып қалды. 3 рет құсқан, іші ауырып, дене қызуы 38 оС болды, 2 рет сұйық нәжіс болды. Диагноз қою үшін қандай зерттеу ақпарат береді?
A.құсық массаларын немесе асқазанның шайынды суын себу+
В. нәжісті ішек топтарына немесе стафилококкқа себу
С. ЖҚА
D.копрограмма
Е. ЖЗА
74. 1 жасқа дейінгі балалардағы менингококктық менингиттің клиникалық көріністерінің ерекшеліктері:
A) шыңғырып монотонды жылау
B.үлкен еңбектің кернелуі, ісінуі және пульсациясы
C.жоғары қызба, инфекциялық токсикоз
D.«іліну» симптомының (Лессаж) оң болуы
E.барлық аталған симптомдар+
75. Желшешекте бөртпе мына жерлерге шықпайды:
A) бетке
B.бастың шашты бөліміне
C.денеге
D.аяқ-қолдарға
E.алақан мен табанға+
76. 8 күндік баланың денесінде іріңді бөртпе пайда болды, бұл бөртпе мына ауруға тән:
A. желшешекке
B.везикулопустулезге+
C.нәресте көпіршігіне
D.тербөртпеге
E.аллергиялық бөртпеге
77. Жұқпалы мононуклеозға тән емес симптом:
A. бауырдың ұлғаюы
B.катаралдық белгілер
C.көкбауырдың ұлғаюы
D.систолалық шу +
E.лимфоаденопатия
78. Бала 8 жаста, сиыр сүті және ботқамен жасанды тамақтандырылады. Рахиттің профилактикасы тұрақта емес. Қарау кезінде: тершең, маңдай және төбе төмпекшесі шығынқы, үлкен еңбек 3,0х3,5 см, қыры басылады. Тісітері жоқ. «Гаррисонов бұдырмағының», қабырғалары «анық». Бұлшық ет гипотониясы. Қанның Б/х. анализі: Са – 1,5 ммоль/л, Р.- 0,7 ммоль/л, шырышты фосфатаза – 3,1 ммоль/л. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
A.рахит I, басталған кезеңі, желе ағымы.
B.ОЖЖ перенатальды зақымдануының гипоксиялы-ишемиялық түрі.
C.темі жетіспеушілігінің І дәрежесінің жеңіл түрі.
D.рахит II, өршу кекзеңі, жедел ағымы. +
E.рахит II, репарация кезеңі, қайталанған ағыны
79. Ер бала 10 жаста, баспаман асырғаннан екі күннен кейін оң жақ тірсек, сол жақ тізе буынында ауырсыну, ісіну және қызыметінің шектелуіне, дене қызуының 37,9 С жоғарлауына шағымданады. Қарау кезінде: анулярлы бөрітпе, сол жақ жүрек шекарасының тұйықтығы 2 см. ұлғайған, пульсі 120 рет. Мин., жүрек үшында 1 тонның және сол жерде систолиялық шу.
Сіздің клиникалық диагнозға болжамыңыз:
A. жедел ревматикалық қызба +
B. Жүйелі қызыл жегі
C. ювенильді ревматикалық артрит
D. Рейтер ауруы
E. реактивті артрит
78. Бала 5 жаста, үш апта бойы интермиттирлеуші қызба дірілмен; оң жақ тізе буынында моноартриті, таң ертеңгілік құрысу, артралгия, тахикардия пайда болған. НЬ-100 г/л, Л. – 14*10-9, нейтрофилез, ЭТЖ- 35 мм/сағ. Қан себуі стерильді. Екі апта бойы жүргізілген антибактериальды терапия нәтижесіз. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А. ювенильді ревматоидты артрит
B. ревматизм
C. сепсис
D. Жүйелі қызыл жегі
E. Жүйелі склеродермия
81. Қыз бала 11 жаста, 1,5 ай бойы ауырады. Бетінде көбелек тәрізді бөрітпе, өзінен өзінен кейін дефармация қалдырмайды рецидивирлеуші полиартрит, ауыз қуысында майда ойық жаралар байқалады. Жүрек аускультациясында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. НЬ - 73 г/л, Эритр - 2.8*10-12/л, СОЭ - 43 мм/час. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A. жүйелі қызыл жегі+
B. Жүйелі пайда болған ювенильді ревматоидты артрит
C. Түйінді периартериит
D. ревматизм
E. дерматомиозит
82. Гипофиз гормондарына жатпайды:
A. адренокортикотропты
B.соматотропты
C.лютеиндеуші
D.альдостерон+
E.вазопрессин
83. 2,5 айындағы бала, аралас тамақтануда. Қарау кезінде шап аймақтарында, мойынында, қолтық астында қызарулары анықталды. Бетінде гиперемия, ісіктік, жырылулар, сүт қабықтар, бала мазасыз, ұйқысы бұзылған. Алғашқы диагнозды қойыңыз:

  1. экссудативно-катаралды диатез+

  2. аллергиялық дерматит

  3. лимфатико-гипопластикалық диатез

  4. баздану

  5. стрептодермия

84. Аймақтық педиатр 2 жасар балаға шақырылған. Бала жедел ауырған: дене қызуы 39 градусқа көтерілген, катаралды белгілер, мазасыздық пайда болған. Оқыс қысқамерзімді құрысулар. Алғашқы диагноз:

  1. Эпилепсия

  2. Фебрильді құрысулар +

  3. Спазмофилия

  4. Менингит

  5. Вирусты энцефалит

85. Тиреотропты гормонның әсер ету механизмі:
A.катехоламиндердің синтезін күшейтеді
B.антидиуретикалық гормонның синтезіне ықпал етеді
C.қалқанша безінің гормондарының синтезін күшейтеді+
D.қалқанша маңы безінің гормондарының синтезін күшейтеді
E.андрогендердің синтезін күшейтеді
86. Бала I жүктіліктен және I босанудан. Туғандағы салмағы 2900 г., бойы 49 см. Анасында А(II), Rh() қан, балада АВ (IV), Rh (-) қан. Апгар шкаласы 7-8 балл. 3-ші тәулігінде тері жамылғысының сарғаюы басталды. Соруы белсенді, құспайды. В Биохимиялық анализдерінде билирубин тікелей емес фракциясы негізінде 90 мкмоль/л, трансаминаздар қалыпты. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

  1. пренаталды гипотрофия

  2. Rh сәйкезсіздік бойынша гемолитикалық ауру

  3. АВО сәйкезсіздік бойынша гемолитикалық ауру

  4. физиологиялық сарғаю+

  5. асфиксия кезіндегі сарғаю

87. 2 жасар баланың массасы 16 кг. Жиі респираторлы инфекциялармен ауырады. Қарағанда сылбыр, апатиялық, пастозды. Тері серпімділігі, жұмсақ ткандер тургоры төмендеген, бұлшық еттері аз дамыған. Перифериялық барлық лимфа түйіндері Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған.Мұрын арқылы тынысы қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Өкпе рентгенограммасында тамшылық жүрек, тимомегалия. Жалпы қан анализінде: Нв-120 /л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, т-22%, с-25%, лимф-62%, мон-10%. Қандай диагноз жөнінде ойлауға болады:

  1. аллергиялық диатез

  2. нервно-артритикалық диатез

  3. лимфатико-гипопластикалық диатез+

  4. экссудативно-катаральдық диатез

  5. геморрагиялық диатез

88. Қантсыз диабетке тән емес симптом:
A.анорексия
B.олигоурия
C.гипостенурия+
D.гиперстенурия
E.дисфагия

89. Балаларда өт шығару жолының дискенезиясының негізгі себебі:



  1. неврозы

  2. дұрыс тамақтанбау

  3. улану

  4. өт қапшығының деформациясы+

  5. Іш қату

90. Қалқанша безінің гормондарына жатады:
A.катехоламиндер
B.простагландиндер
C.кальцитонин+
D.кортизол
E.альдостерон
91. 2 жасар бала қабылдауда дене қызуы 37С, кеудесінде мол ұсақ нүктелі әржерде біріккен бөртпелер. Тері фоны өзгермеген. Шүйде лимфатүйіндері пальпацияланады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

  1. Аллергиялық бөртпе

  2. Қызамық+

  3. Қызылша

  4. Скарлатина (жаншау)

  5. желшешек

92. Мына симптомдар кешені (бой өсудің артта қалуы, адинамия, тәбеттің төмендеуі, брадикардия, тілдің үлкен болуы, іш қату) мына ауруға тән:
A.қантсыз диабетке
B.Иценко-Кушинг ауруына
C.гипотиреозға+
D.гипертиреозға
E.гипофизарлық кахексияға
93. Гипертиреозға мына симптом тән емес:
A.тітіркенгіштік
B.аяқ-қолдардың треморы
C.тахикардия
D.гипергидроз
E.брадикардия+
94. 8 жасар баланың анамнезінде жиі ЖРВИ, баспалар. 3 жасынан созылмалы тонзиллит бойынша диспансерлік бақылауда. Баспадан 3 аптадан кейін шаршағыштық, артралгия, тахикардия, жүрек шекарасының кеңеюі, систолалық шу пайда болды.Алғашқы диагнозыңыз бен тактиканыңыз:
A. Ревматикалық емес миокардит, госпитализациялау
B. Ревматикалық қызба, госпитализациялау+
C. Ревматикалық емес миокардит, амбулаторлы ем
D. Ревматикалық қызба, амбулаторлы ем
E. Жүрек ақауы, госпитализациялау
95. Қалқанша маңы безі мынаған ықпал етеді:
A.көмірсу алмасуына
B.фосфор-кальций алмасуына +
C.белоктар мен амин қышқылдарының синтезіне
D.зәрмен фосфордың бөлінуне бөгет жасайды
E.майлардың ыдырауын күшейтеді
96. Жоғары нерв-бұлшықеттік қозғыштық симптомы (Хвостек, Труссо, ларингоспазм, Люст симптомдары) мына ауруға тән:
A.гипотиреозға
B.гипертиреозға+
C.спазмофилияға
D.андреногениталды синдромға
E.қант диабетіне
97. Мына симптомдар кешені (семіздік, дөңгелек қызыл бет, бой өсудің артта қалуы, гипертония, гипертрихоз) мына ауруға тән:
A.қант диабетіне
B.қантсыз диабетке
C. гипотиреозға+
D.Иценко-Кушинг ауруына
E.токсикалық жемсауға
98. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында өндіріледі:
A.норадреналин
B.адреналин+
C.андрогендер
D.соматостатин
E.пролактин
99. Жоғарғы нервтің қозғыш, анорексия, таңертең ауыздан ацетон иісінің шығуы, кейде құсу, уртикарлық бөрітпе- осылардың барлығы мына аурудың белгілері болып табылады:
A. атопиялық дерматит
B. қант диабеті+
C. лимфатикалық- гипопластикалық диатез
D. нервтік-артритикалық диатез
E. эписиндром
100. Жалпы тәжірибе дәрігері 3-айлық баланы қараған кезде оның жоғары тершеңдігіне, жылауықтығына, шүйде шаштарының түсуіне, үлкен еңбектің ұырлары бойынша бас сүйегінің жұмсаруына көңіл аудырған. Дәрігердің әрекеті қандай:
A. витамин Д тәулігіне 150 ХБ мөлшерінде тағайындау
B. ауруханаға жатқызу
C. Д витаминін тәулігіне 200 000 ХБ мөлшерінде тағайындау
D. Д витаминін бір курсқа 10000000 мөлшерінде тағайындау
E. Д витаминін тәулігіне 2000 ХБ мөлшерінде тағайындау+
101. Науқас 5 жаста. Оң жақ санның жедел гематогенді остеомиелитпен түсті. Ауру басталғаннан 5 күннен кейін жағдай бірден нашарлап кетті: бозару пайда болды, жүрек аймағындағы ауру сезімі, бетінің домбығуы, мойын веналарының ісінуі, пульсі әлсіз толады 160 соққы/мин, АҚ 70/40 мм с.б. Жүрек шекарасы барлық бағытқа кеңейген. Жүректің тондары шұғыл тұйықталған, бауыр қабырға доғасының жиегінің астынан 6-8 см-ге шығып орналасқан, гепатоюгулярный феномен оң (Плеша симптомы). Науқастағы негізгі аурудың қандай асқынуы екенін көрсетіңіз.
A. Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
B. Миокардит
C. Миокардтың фиброэластозы
D. Перикардит+
E. Митральды қақпақшаның пролапсы
102. 10 айлық балаға жалған круп синдромы қойылды. Осы синдромға тән клиникалық симптом:

  1. үрген жөтел+

  2. монотонды шыңғырып жылау

  3. Филатов-Коплик дақтары

  4. экспираторлық ентігу

  5. тырысулар

103. Д гипервитаминозы кезінде қандай асқынулар пайда болады:
A. тыныс алу жетіспеушілігі
B. жедел бүйрек жетіспеушілігі
C. жедел бауыр жетіспеушілігі
D. нефрокальциноз+
E. мальабсорбции синдромы
104. 8 жаста қыз бала полиурияға, әлсіздікке, аш болу сеізіміне шағымданады. Терісі бозарған, бұлшық еті әлсіз. Қанның биохимиялық анализінде: қант – 4,5 ммоль литрге, қалдық азот – 4,8 ммоль литрге. Жалпы зәр анализінде қант 1%. Болжау диагнозыңыз:
A. Қант диабеті
B. де Тони- Дебре-Фанкони синдромы
C. бүйректік глюкозурия+
D. рахит
E. қантты емес диабет
105. Балалардағы тырысу синдромын жою үшін қолданылмайды:

  1. брюзепам

  2. седуксен

  3. кальций глюконаты

  4. инсулин+

  5. магний сульфаты

106. Мазасыздық, жасқаншақтық, тітіркенушілік, гиперестезия, ұйқысының бұзылуы, тітіркену, тершеңдік мына аурудың белгілері болып табылады:

  1. рахит, өршу кезеңі

  2. репарация кезеңіндегі рахит

  3. рахита, жеделдеу кезеңі

  4. рахит, қайталанушы ағым

  5. рахиттің бастапқы кезеңі+

107. Мына препаратты ұзақ қабылдау мешелдің дамуына әкеледі:

  1. папаверина

  2. фенобарбитала+

  3. пенициллина

  4. глюконата кальция

  5. препаратов железа.

108. Жүре бастағанда аурумен байланысты қаңқаның рахиттәрізді өзгерістері: О-тәрізді аяқ, “үйрек тәрізді” жүру, гипофосфатемия, қандағы кальций деңгейі қалыпты кезіндегі сілтілі фосфатазаның жоғарылауы мына ауруға тән:
A. де Тони- Дебре-Фанкони синдромына
B. бүйректік тубулярлық ацидозға+
C. фосфат- диабетке
D. рахиттың алғашқы кезеңіне
Е. спазмофилияға
109. Тыныс жеткіліксіздігі синдромы балаларда мына ауруға тән емес:

  1. пневмонияға

  2. бөгде заттың аспирациясына

  3. стеноздаушы ларинготрахеитке

  4. целиакияға +

  5. бронх демікпесіне

110. 2 айлық баланы қарап тексергенде салмағының қалыптан 25% артта қалуы байқалған. Жүйкелік-психикалық дамуы жасына сәйкес. Сіздің диагнозыңыз:
A. хондродистрофия
B. нанизм
C. І дәрежедегі гипотрофия +
D. ІІ дәрежедегі гипотрофия
E. ІІІ дәрежедегі гипотрофия
111. Тағамдағы жануар белогының жоқтығынан пайда болатын гипотрофияның варианты:
A. гипостатура
B. квашиоркор+
C. паратрофия
D. маразм
E. внутриутробная гипотрофия
112. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің ықтимал себебін көрсетіңіз:

  1. Митралдық стеноз +

  2. Жүрекше аралық перденің дефекті

  3. Ашық боталлов өзегі

  4. Қолқа коарктациясы

  5. Қарынша аралық перденің дефекті

113. 1,5 жастағы балада: гиперестезия, бір үнмен жылау, тремор, бұлшық ет гипотониясы, клоникалық-тоникалық құрысулар, оң Хвостека синдромы байқалады. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

  1. эпилепсия

  2. мидың ісінуі

  3. мидың қатерлі ісігі

  4. спазмофилия+

  5. гипогликемия

114. Хеликобактериоздың диагностикасының сапалы әдісі:

  1. ПЦР әдісімен сілекейде микробты анықтау кезінде

  2. биоптатпен оң уреаздық тест кезінде

  3. биоптаттан таза себіндісін бөлу+

  4. клиникалық-эндоскопиялық зерттеулер кезінде

  5. копрология

115. 11жастағы бала. 3 жыл бойы ауырады. Оң жақ қабырға астындағы қақсайтын, жаншитын, суық, майлы, қуырылған тамақтан соң күшейетін ауыру сезіміне шағымданады, сондай-ақ әлсіздік, енжарлық, жүрегінің айнуы және аузындағы қышқыл сезім мазалайды. Кейде құсуболады, үлкен дәреті тұрақсыз. Сіздің диагнозыңыз:
A. жедел гастрит
B. жедел панкреатит+
C. созылмалы холецистит
D. вирусты гепатит
E. энтероколит
116. 1 айлық балада туылғаннан бастап алыстан естілетін шулы тыныс бар, емізгенде, мазасызданғанда күшейеді, дене қызуы жоғарыламайды, көгермейді. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  1. Бөгде зат

  2. Анемия

  3. Пневмония

  4. Стридор +

  5. Жүректің туа біткен ақауы

117. Жаңа туылған нәрестелерде эритроциттің өмір сүру ұзақтығы (күн)?
A. 8
B. 12+
C. 20
D. 25
E. 30
118. Құрсақ қуысындаға сұйықтықтың аз көлемі қандай әдіспен анықталады:
A. флюктуация
B. перкуссия+
C. аускультация
D. пальпация
E. қарау
119. Темір тапшылықты анемияны темір препараттарымен емдеу ұзақтығы мынаған байланысты:
A) сарысудың темір байланыстырушы жалпы қабілетінің көрсеткіштерінің жоғарылауы
B.салмақ қосуы
C.тері мен кілегей қабықтардың боздығының азаюы
D.гемоглобин мен сарысулық ферритиннің көрсеткіштерінің қалыпты болуы+
E.гематокрит көрсеткіштерінің жоғарылауы
120. ЖТД келесі патронажында нәрестеде іріңді омфалит, кіндіктің үлкен аймағының зақымдалғанын анықтады. Дәрігердің тактикасы қандай болуы керек?
A) зақымдалған аймақты бриллиант көгінің 3% ерітіндісімен өңдеуі керек
B.баланы тез арада нәрестелерге арналған хирургиялық бөлімшеге жіберуі тиіс+
C.үйдегі стационар ұйымдастыруы керек
D.дерматологтың кеңесіне жіберуі керек
E.аллергологтың кеңесіне жіберуі керек
121. 12 жасар балада ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін 3 апта өткен соң енжарлық, әлсіздік пайда болды, тәбеті төмендеді, тізе мен шынтақ-білезік буындары ауырды, ісінді. Қарағанда табандары мен балтырларында симметриялы петехиалды-папулезді бөртпе бар, макрогематурия. Сіздің болжам диагнозыңыз?
A) ревматикалық қызба
B.ревматоидты артрит
C.жүйелі қызыл жегі
D.тромбоцитопениялық пурпура
E.геморрагиялық васкулит +
122. Мына симптомдар кешені (тәбеттің жоғарылауы, шөлдеу, полиурия, терінің құрғақтығы, гиперстенурия, арықтау) мына ауруға тән:
A.созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне
B.қант диабетіне +
C.қантсыз диабетке
D.Аддисон ауруына
E.гипотериозға
123. Ауруханадан тыс дамыған пневмония дейміз, егер ол ауруханаға жатқызғаннан кейін мына уақыттан кейін дамыса (сағат):
A.6
B. 12
C.24
D.48+
E.72
124. Нәрестелік кезеңнің ұзақтығы (күндер):
A. 7
B. 10
C. 24
D.28 +
E. 30
125. Дені сау нәрестенің бірінші патронажын перзентханадан шыққаннан кейін дәрігер мен мейірбике мына мерзімде жүзеге асырады:
A.алғашқы 3 күнде+
B.алғашқы 5 күнде
C.алғашқы 4 күнде
D.1 аптадан кейін
E.10 күннің ішінде
126. Краниотабес – бұл:
А. бас өлшемінің кішіреюі
B. шүйде сүйегінің жұмсаруы+
C. еңбектерінің шетінің жұмсаруы
D. бас өлшемінің ұлғаюы
E. бас сүйегінің тығыздалуы
127. Қандай фактор шала туылған нәрестелердің ерте анемиясының дамуының негізгі себебі емес?
A.эритроциттердің күшейген «физиологиялық» гемолизі+
B.сүйек кемігінің жетілмеуі
C.тіндік эритропоэтиндердің өндірілуінің төмендеуі
D.эритроциттердің мембраналарының тұрақтылығы
E.феталді гемоглобин
128. Балалардағы құрысу синдромы кезінде қолайсыз факторлар болып табылады:
A. қалыпты дене температурасы кезіндегі құрысу (афебрилдік)+
B. гипертермия кезіндегі құрысулардың пайда болу
C. құрысудың ұйықтап жатқан кезде пайда болуы
D. гипокальциемия кезінде
E. ұзақтығы 10 минуттан көп құрысулар
129. Балалардағы ыстық түсіретін препараттарды тағайындауға көрсеткіштер:
A. қолтық астында тексергенде дене қызуының 39С-тан жоғары болатын қызба
B. фондық аурулар – гипотрофия, рахит, анемия
C. балалардағы жүректің туа біткен ақауларымен 38,5С-тан жоғары қызба+
D. бұрын аллергиялық реакциялар болған 38,5С-тан жоғары қызба
E. 37,5С дене қызуымен 2-3 жастағы балалар
130. Созылмалы бронхиттің клиникасында қандай негізгі үш белгінің болуы маңызды болып табылады?

  1. кеуде клеткасындағы ауыру сезімі, бетіндегі қызару, «тат түсті» қақырық

  2. кеуде клеткасындағы ауыру сезімі, ентігу, ісінулер

  3. қан түкіру, таңертеңгі сасық иіспен іріңді қақырық

  4. лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы, қызба, тершеңдік, құрғақ жөтел

  5. жөтел, қақырық, ентігу+

131. БЭЖ-ң I дәрежесіндегі баланың дене салмағының тапшылығы ( %):
A.1–5
B.5–10
C.11–20+
D.21–30
E.30-дан астам
132. Нерв-артриттік диатезбен балалардың генеалогиялық анамнезінде мына аурудың таралуы өте жоғары:
A.подаграның+
B.ревматоидтық артриттің
C.жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстарының
D.қант диабетінің
E.созылмалы бронхиттің
133. Нерв-артриттік диатезбен балалар мына тағамды шектеуі тиіс:
A.қырыққабатты
B.қымыздықты+
C.картопты
D.сәбізді
E.қызылшаны
134. Жедел бронхиттің аускультативтік белгілері:
A.бронхиалдық тыныс, тыныс алғанда және тыныс шығарудың басында құрғақ, ылғалды орта көпіршікті сырылдар+
B.әлсіреген тыныс, өкпенің барлық аймағында құрғақ және ызылдаған сырылдар
C.оң өкпеде тыныстың болмауы
D.әлсіреген тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар
E.қатаң тыныс, тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар, сықыр
135. Балық өнімдері адамға мына инвазияларды тарату факторы болып табылады:
A. энтеробиоз
B. аскаридоз
C.описторхоз+
D. тениоз
E. эхинококкоз
136.Рахиттің бастапқы кезеңі мына жүйенің бұзылыстарымен сипатталады:
A.тыныс
B.несеп-жыныс
C.жүрек-қантамыр
D.жүйке+
E. эндокриндік
137. Қатынастық-тұрмыстық жолмен беріледі:
A. энтеробиоз
B. аскаридоз+
C. тениоз
D. описторхоз
E. мысықтық екі мұрт
138. 9 жастағы балада бассейнге жазылу кезінде нәжіс анализінде ергежейлі құрт жұмыртқасы табылған. Сіздің диагнозыңыз:
A. энтеробиоз
B. описторхоз
C.гименолепидоз+
D. аскаридоз
E. тениоз
139. Спазмофилия кезінде жедел көмекті мына препаратты енгізуден бастау қажет:
A. фосфор
B. паратгормон
C. витамина
D. кальций+
E. темір
140. Участкелік педиатрдың II-III дәрежелі гипотрофиялы нәрестеге ұстанымы қандай болуы керек:

  1. Үйде емдеу

  2. Диагностикалық орталықта зерттеу

  3. Гастроэнтеролог ақыл-кеңесі

  4. госпитализация+

  5. күндізгі стационарда емдеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет