6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6.1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
6
6.2. Мемлекеттік мекемемен оқу-тәрбие қызметінің барлық деңгейі
мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жасалған оқу
жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6.3. Негізгі жалпы, орташа жалпы, орта білім берудің білім беру
бағдарламаларын меңгеру оқу бітірушілерді мемлекеттік аттестациялаудың міндетті қорытындысымен аяқталады.
6.4. Мемлекеттік мекеме оқушыларды аралық аттестациялау түрін,
тәртібін және кезеңін таңдауда дербестікті сақтайды.
6.5. Мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, мұғалімдердің адами құндылықтарын өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларға қатысты жеке, моральдық және психикалық күш көрсету әдістерін қолдануға жол берілмейді.
6.6. Білім алушы кәмелетке толмағандар ата-анасы және басқа заңды
өкілдері білім беру жүйесінің барысы мен сақталуымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіле алады, сонымен қатар білім алушылардың үлгерімі жөніндегі бағаларымен.
6.7.Тәрбие беру бағдарламалары жалпы білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады, олар интернационалдық патриотизмді, жоғары моралды және өнегелілікті қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылардың әрқилы мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталады.
6.8. Жалпы білім беретін орта мектептегі сабақ ұзақтығы-45 минут.
Сабақтар аралығындағы үзілістер уақыты-10 минут, үлкен үзіліс-20 минут. Күн
сайынғы сабақ саны және тізбектілігі кестемен анықталады.
6.9. Оқушылар білімі мынандай балдармен бағаланады: 5 (өте жақсы),
4 (жақсы), 3 (қанағаттанарлық), 2 (төмен), 1 (өте төмен).
Жекелеген 3 пәндер бойынша оқушылардың қабілеті мен танымдары «сыналды» немесе «сыналған жоқ» деп бағаланады.
6.10. Оқушылар мінез-құлқы «үлгілі», «жақсы», «қанағаттанарлық» деп
бағаланады. Сондай-ақ оқушылардың білімі және оңдірістік еңбегі де бағаланады.
6.11. Үй тапсырмасы оқушыларға оларды орындау мүмкіндігіне орай
шекте: 2 сыныптарға 30 минутқа дейін, ал; 3-4 сыныптарға 1 сағатқа дейін; 5-6 сыныптарға 1,5 сағатқа дейін; 7-8 сыныптарға 2 сағатқа дейін; 9- 11сыныптарда 2,5 сағатқа дейін беріледі. 1 сыныпта үй тапсырмасы берілмейді.
6.12. 9 және 11 сыныпта білім министрлігі белгілейтін міндетті бітіру емтихандары белгіленеді. 2-8,10 сыныптардың оқушылары қанағаттанғысыз қорытынды бағалар алмаса, келесі сыныпқа көшіріледі.10-сынып оқушылары еңбек тәжірибесінен өткеннен кейін. Барлық пәннен бес және «сыналды» бағаларын, үлгілі тәртібі мен қоғам өміріне белсене араласатын оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталады. Екі пәннен көп емес қанағаттанғысыз бағалар алған 2-8,10 сынып оқушылары жазға тапсырма алады. Жазғы
7
тапсырмаларды орындауына және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы мәселелерді мектептің педкеңесі шешеді. Оқушылар белгіленген
тәртіпте сынақ немесе емтиханды тапсыру арқылы келесі сыныпқа көшірілуі мүмкін.Үш және оданда көп пәндерден жылдық қанағаттанғысыз бағаларды иеленген 2-8,10 сынып оқушылары осы сыныпта қайтадан оқу курсына
қалдырлады. Оқу жылының аяқтау тәртібін, оқушылар үшін бітіру және көшіру емтихандарын өткізу тәртібін өзгерту, ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес енгізілуі мүмкін.
6.13. Негізгі мектепті бітіруші тұлға негізгі білімі туралы куәлік алады, орта мектепті бітіруші тұлға орта білімі туралы аттестат алады.
6.14. Оқыту тілі-қазақша.
6.15. Мемлекеттік мекеме оқушылар құрамы бар болғанда мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптар ашуға құқық иеленеді.
6.16. Нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік келісімге келмейтін және айрықшалықты насихаттау, келетін өзге идеялар мемлекеттік мекемеде тыйым салынады.
6.17. Жалпы білім беру негізіндегі базада әскер қатарына шақыру жасына дейінгі оқушы жастарға алғашқы әскери дайындық мемлекеттік мекемеде ҚР Заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
6.18. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік негізгі бөлігін қарайтын, білім алғаны туралы құжат берілетін базалық оқу жоспары негізінде жұмыс істейді, білімі беру 3 сатылы негізде құрылады:
Бастауыш 4 жыл, 1-4 сыныптар
Негізгі 5 жыл, 5-9 сыныптар
Орта 2 жыл, 10-11 сыныптар
6.19.Мемлекеттік мекемеде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, оқу жылының ұзақтығы ең кемі 34 оқу аптасы (1 сыныптан басқасы). Жыл оқу тоқсанына бөлінеді:
1 тоқсан 1 қыркүйектен 3 қараша аралығы;
2 тоқсан 12 қарашадан 29 желтоқсан аралығы;
3 тоқсан 9 қаңтардан 19 наурыз аралығы;
4 тоқсан 1 сәуірден 25 мамыр аралығы
Демалыс мерзімдері:
Күзгі 4-тен 11 қараша аралығы;
Қысқы 30 желтоқсаннан 8 қаңтар аралығы
Көктемгі 20 наурыз 31 наурыз аралығы;
Жазғы оқу жылы аяқталғаннан 31 тамыз аралығы.
Демалыс мерзімдері жоғары тұрған ұйымдар келесі бойынша педагогикалық кеңес шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін:
-1 сыныптардың оқушылары үшін жыл ішінде қосымша демалыстар белгіленеді.
8
- жұмыс кестесі, қоңыраулар тәртібін мектептің педкеңесі анықтайды, сабақ кестесін мекеме директоры бекітеді.
- Оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру оқу бітіруші сыныптардағы аттестациялау қорытындылары негізінде жүргізіледі.
1.Көшірілетін (уақыты мен санын мектеп педкеңесі анықтайды)
2.Оқу бітірушілер ҚР-сы білім және ғылым Министірлігінің Бұйрығы мен Ережесі негізінде.
-Оқуды 4 және 5 бітірген 5-8, 10 сынып оқушылары педкеңес шешімі бойынша емтихансыз көшіріледі. -Оқу пәнін меңгермеген, себепсіз сабақ босатқан, тәртіп бұзған оқушылар мен
әңгіме жүргізіледі және жоғары сыныптар кеңесінде, мектеп кеңесі отырысында, кәмелетке толмағандар ісі бойынша аудандық комиссия мәжілісінде жазаға тарту шаралары қабылданады.
Оқушылар |ММ-ге мектептік киіммен келуге тиісті: қыздар – классикалық (іскерлік) стильде қара,көк,қоңыр түсті костюм,юбка,көйлек, ұлдар - классикалық (іскерлік) стильде костюм, мемлекеттік мекеме ішінде бас киім киюге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |