Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет112/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
12


СӨЙЛЕУ
БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ЫНТАЛАНДЫРУ 
БОЙЫНША АТА-
АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13
91


«
C
өйлемейтін» балалар педагогикалық және меди-
циналық тұрғыдан құрамы әртүрлі топты құрайды. Тіл 
шығуы неге кешеуілдеп жатқанын бірден анықтау мүмкін 
бола бермейді, бірақ педагогикалық тәжірибе баламен 
әрекеттестіктің және қарым-қатынастың белгілі тәсілдері 
нәтижелі болуы мүмкін екенін көрсетеді.
ТІЛДЕСУ – ТІЛ ШЫҒУЫНА ТҮРТКІ БОЛАТЫН 
НЕГІЗГІ СЕБЕП
tТіл дамуы сұхбат барысында жүзеге асады, ал баланың 
алғашқы серігі – ересек адам. Көп ата-аналар баласының 
тілі тезірек шығуы үшін оған сөйлеу үлгісін көрсеткісі 
келеді: «Көлік – деп айтшы, қуыршақ – деп айтшы». «Айт-
шы, айтшы, айтшы...» деп ересектер баланы титықтатады. 
Өкінішке орай, тіл шығуы кешеуілдеп жатқан балалар-
ды осылайша асықтыру теріс реакция тудырады. Кейде 
олар еліктеп, жекелеген қарапайым сөздерді қайталай 
бастайды, бірақ одан әріге бармайды. Тіпті бала қандай 
да бір сөзді айта алса да, шынайы өмірде, айналасындағы 
ересектермен өзара қарым-қатынаста оны қолданбайды. 
Еліктеу – сөйлеп үйренудің міндетті шарты екені мәлім
алайда, бала өзі, өз бастамасымен сөйлей бастауы үшін 
қажеттілік туындауы керек. Алғашқы сөздер ересек адам-
мен қарым-қатынаста, әлденені алғысы келгенде, назар 
аудартқысы келген пайда болады.
Балаға сөйлегенде ым-ишарат пайдалануға ешқашан 
тыйым салмаңыз. Ым-ишараттың пайда болуы бала 
тілдесікісі келетінін, бірақ қалай тілдесу қажет екенін 
білмейтінін көрсетеді. Онымен қандай да жолмен 
тілдескен сізге ұнайтынын көрсетіңіз, сездіріңіз. Алаң 
болмаңыз, тілі шыққанда бала ым-ишаратты аз пайдала-
натын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет