Кейінірек, жылау тек физикалық емес, сондай-ақ, бала-
ның жан қиналысын да білдіре бастайды.
Күлімсіреу сияқты ұнамды сезімдер балада айғайдан
кешірек пайда болады. Авторлардың көпшілігі бала-
лардың күлімсірей бастауы 4-6 аптада басталады деп
санайды. Біздің байқауымызша, сәби өмірінің алғашқы
аптасында, ал кейде, алғашқы күні-ақ күлімсірей
бастайды. Бірақ бұл жастағы күлімсіреу айналасын-
дағы ересектермен қарым-қатынас белгісі емес, тек
физикалық тұрғыдан толығымен жайлы сезіну
күйін білдіреді.
Алғашқы, «әлеуметтік» күлімсіреу
(яғни, қарым-қатынасқа бағытталған)
бала өмірінің 1-1,5 айына қарай
пайда болады. 4-6 айлығында
бөбек анасының жұмсақ дауыс
ырғағына, жүзін жақындатқанына
күлімсіреп жауап береді.
2,5-3 айлығында бала, әдетте, да-
уысты дыбыстарды және көмей-
лік дыбыстарды әуендетіп айтып,
гу-гулей бастайды.
3 айлығында бала өз дауысын басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түсу үшін қолданады: ол «ау-ау» деп
дыбыстайды, сосын біраз үнсіз қалады, ересекке қарап,
жауап күтеді, ересек адам жауап қайтарғанда ол сол
ересек сөйлеп біткенше күтеді де, қайтадан «ау-ау»
деп бастайды. Қалыпты дамып келе жатқан бала «тірі
емес» заттармен осылай «сөйлесуге» тырыспайды,
олардың тарапынан дыбыс немесе өзге жауап күтпей-
ді.
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек
адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық
әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану
кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату,
күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы
(бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды)
кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: