Зиянды әдеттер және тәуелділік. Әртүрлі
зиянды
әдеттер мен тәуелділік шынайы өмірді қабылдауда
шегетін азабын уақытша бейтараптандыру үшін
қызмет
етеді. Оның себебі екеу: біріншіден, бұл
оның өзінің кім
болып қалыптасқанынан, өзін
кешіре алмайтын барлық
жамандықтан және барлық сәтсіздіктерден көңілін
бөледі;
екіншіден, мінез-құлықтан ауытқушылық өз-өзін
шынайы сезінетін жалғыз пана ретінде қарастырылады.
Депрессия (күйзеліс). «Баскесер»-аналардың
есейген
балалары күйзеліске жиі ұшырайды. Жеке немесе кәсіби
өміріндегі кез-келген
сәтсіздік қорқынышты ақиқат-
тың бетін ашады: олар өздері аңсаған мінсіз өмірді
сүруге қабілетсіз. Сәтсіз неке, ажырасу, балалармен
ұрыс-керіс, жұмыстағы қиындықтар – осының бар-
лығы олардың асқақ арманының күлін көкке ұшырады.
Мұндай адамдардың сәтсіздікпен күресуге
көмектесетін
«бұлшық еттері» жоқ, себебі, олар күйзеліс билігіне тізе
бүгеді, олар
өзінің шынайы бейнесін көріп, торығып
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: