Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ



Pdf көрінісі
бет122/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ 
14


ШЫДАМДЫ БОЛЫҢЫЗ!
Қандай да бір дыбысты қайталай білуге қол жеткізу оңай 
емес. Бастапқыда бала тек сөйлеп жатқан адамның беті-
не зер салып қарайды, ықтиярсыз үнсіз қалады немесе 
дыбыссыз ернін қимылдатады, аузын ашады және жаба-
ды. Тек «әңгімелесуге» деген ықыласын сақтай отырып 
қана, сіз баланың жауап қайтаруға деген ынта-құлшыны-
сына дем бересіз.
Бір жастан кейін баланың сөздігі қалыптасады, алғашқы 
сөз тіркестері пайда болады. Есте сақтаңыз:
бала үшін сіз - тіл және сөйлеу үлгісісіз; үйдегілер 
қалай сөйлесе, ол да дәл солай сөйлейді (дауыс 
ырғағы, екпін, сөйлеу және грамматикалық қателер);
бала үнемі қоршаған әлемді бақылайды, зерттейді 
және тілмен жеткізе алғанынан гөрі әлдеқайда 
көбірек түсінеді;
сәбилік жастан шыққан баламен «балаша» сөйле-
судің қажеті жоқ, баламен қарапайым, түсінікті сөй-
лемдерді пайдалана отырып, тілдесіңіз. Бала тіліне 
«ұқсатып» сөйлеу мүлдем орынсыз, ол көбінесе тіл 
дамуын тежейді;
қарапайым әрекеттерді (киіну, шешіну, жуыну, 
шомылу, тамақтану, қыдыру және т.б.) бірнеше рет 
дүркін-дүркін қайталаңыз;
5-6 айда балада алғашқы түсіну белгілері дамиды – ол 
ересек адамның қимыл-қозғалыстарына көңіл аудара 
бастайды, олардың мәнін түсіне бастайды. Мұндағы 
басты міндет те бастапқы түсіну және белсенді дауыс 
реакцияларын дамыту болып табылады.
ересек адамның қимыл-қозғалысына және әрекет-
теріне назар аудартыңыз, олардың мәнін түсінуге 
үйретіңіз;
сөйлеп тұрған ересек адамды бақылауға итерме-
леңіз, баланы бөлменің әр жерінен дауыстап шақы-
рыңыз, сыбырлап сөйлеу мен көтеріңкі дауыспен 
сөйлеуді алма-кезек қолданыңыз. Әртүрлі тұрмыс- 
тық дыбыстарға және ойыншықтар шығаратын 
дыбыстарға құлақ салуды үйретіңіз;
баланың дыбыстық белсенділігін онымен тілдесу 
арқылы үнемі демеп отырыңыз, бала дыбыстарды 
айтуға жиі, әрі көбірек жаттығуына қол жеткізіңіз. 
Баланы эмоционалдық байланыссыз еліктеуге итер-
мелеу мүмкін емес. Бала
бөтен адамдарға еліктемейді;
99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет