4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар
арасында өзара байланыс бар екені туралы түсінігі
қалыптасады, танымдық сезімдері дамиды.
6 айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға
әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс
ырғағындағы, дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне
алады. Бұл жаста негізгі сезім түрлерінің түгелдей бір
жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, таныс және бей-
таныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе.
12 айлық балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтиже-
сінде туындайтын сан-алуан әлеуметтік сезімдерге ие
болады, сонымен қатар, ересектермен қарым-қатынас
мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі зат-
тармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бір-
те мақсатты «әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз
қолына алады. Оны белсенділігі мен білімқұмарлығы,
дербестікке ұмтылысы сезімдерінің қалыптасуына
ықпал етеді.
22
Достарыңызбен бөлісу: