ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАҚТАУ – ҚАТЕ-
ЛЕРІН ЕЛЕМЕУ
Енді жүріп үйрене бастаған балаларды ұрып-ұрысқан-
нан гөрі, мақтаса тезірек жүріп кетеді. Сондықтан,
бала түбекті пайдаланғанда қуаныңыз, қателеріне көз
жұма қараңыз. Барлық балалар еліктеу/ұқсату арқылы
үйренеді, сондықтан, дәретханаға кіретін есікті ашық
қалдырыңыз, бала ересектердің дәретханада не істей-
тінін көрсін. Ересектеу балалар, әдетте, жақсы ұстаз бола
алады, ата-аналарын артық әурешіліктен құтқарады.
Кішкентай ұл балалар әкесіне еліктегенді жаны сүйеді,
сондықтан, бала үстіне шыға алатындай орындық қой-
саңыз болады. Балаңыз дәретін отырып сындырғанды
қаласа, алаңдамаңыз, бұл ұзаққа созылмайды. Түбектен
шығуға келетін болсақ, есіңізде болсын, биік отырғышқа
отырғаннан бала қорқып қалуы мүмкін. Балаларға ар-
налған отырғыш, кішкентай орындық немесе аяқ астына
қоюға болатын қорап бұл мәселені шеше алады.
Достарыңызбен бөлісу: