Жасыл химия пәні
СӨЖ 1.
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы химиялық заттар өндіретін мекемелердің іс-әрекетінің Жасыл химияның 12 принципіне сәйкестігін айқындау
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы химиялық заттар өндіретін мекемелердің іс-әрекетінің Жасыл химияның 12 принципіне сәйкестігін айқындау
Орындау тәртібі:
1) әрбір студент өнеркәсіп мекемесін таңдап алады (мекеме таңдау кезінде тақырып қайталанбау үшін міндетті түрде студенттік топта оқытушымен бірге талқылау ұйымдастырылады;
Талқылаудан кейін таңдалған мекемелердің тізімі жазылып, әрбір студентке бекітіледі;
Өнеркәсіп мекемесі әрбір студентке бекітілгеннен кейін, студент өзінің орындайтын жұмысына жоспар құрады және жоспарды оқытушыға көрсетеді;
Студенттің жоспары талқыланғаннан кейін түзетулер енгізіледі және студент жұмысты орындауға кіріседі;
Жоспар құрылған кезде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі қажет:
5.1 Мекеменің аталуы, орналасуы;
5.2 Мекеме пайдаланатын шикізат;
5.3 Өндірілетін өнім;
5.4 Технология;
5.5 Технологиялық циклдерде орын алатын химиялық процестер;
5.6 Технологиялық процестерді іске асыру кезінде мүмкін болатын атмосфераның ластануы;
5.7 Технологиялық процестерді іске асыру кезінде түзілуі м.мкін ағызынды сулардың құрамы;
5.8 Қоршаған ортаның ластануын болдырмау әрекеттері;
5.9 Мекеменің іс-әрекетіндегі қалдықсыз технология (аз қалдықты технологияны) іске асыру мүмкіндігі немесе осындай мақсатта жүргізілетін іс-шаралар;
5.10 Барлық жиналған деректерді Жасыл химияның 12 принципі тұрғысынан қарастыру
6) Құрылған жоспар бойынша деректер жинау және жиналған деректерді бір жүйеге келтіру;
7) Жұмысты орындау барысында оқытушыдан кеңес алып тұру қажет;
8) Жұмысты орындау барысында жиналған мәліметтерді жүйелеп, жоба дайындау, топ алдында қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |