Жасөспірім дзюдошыларының дайындық Үлгісін жасау және оны эксперимент


ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҮЛГІЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



бет2/4
Дата17.06.2020
өлшемі1,66 Mb.
#73723
1   2   3   4
Байланысты:
дзюдо

1 ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҮЛГІЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.2 Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын жетілдіру негіздері

Техникалық қозғалыстың қиындығы және нұсқасы техника көмегімен, көбейтіледі, сонымен қатар физикалық сапа әртүрлі, осыларды жетілдіру зерттеу мүмкіндігі. Сонымен бірге жаттығудың құралдарымен әдістерін қолдану. Осылардың ең белсендісі жаттығу, даму бағытын күшейту, спорт қозғалысының техникасын жақсартуды бағдарлау.

Жылдамдық-күш қабілеттігінің дамуы барлық деңгейде қарсылық білдіреді, күрестердің өзіне лайық әрекеті, бірқалыпта өсіп көтеріледі максималды күш және жылдамдық мөлшері спорт дайындығын жаңа бастаған спортшылар үшін тиімді шеңберлік деңгейінің көтерілуі барысында байқалатын жағдай қарқындылық пен мамандық ықпалын пайдалану.

Күш және жылдамдықтың үйлесуі жоғары квалификациялық спортшылардың максималды күш салуы өсу көрсеткішінің артықшылығы болып табылады. Ғалымдардың айтуынша ең үздік құрал арнаулы жылдамдық-күш дайындығына өзіндік жарыс жаттығуы болады. Ал енді практикада бұл жағдайлар физикалық энергиямен нерв жүйесінің жұқаруына әкеліп соғады. Сыртқы құралдарды мұқият тексеріп алу керек, бір шеңберден аспайтын және өзгеше әсері болу керек.

1-сурет. Дзюдо спортындағы базалық күрес схемасы.

Машықтану әрекетінде қолданылатын құрал максималды күш салуда координациялық байланыстардың өрекнделуіне жаттығудың қисыны бар. Қазіргі уақытта жыдамдық -күшқабілетінің дамуына үш түрлі жолы бар.

- Бұлшық еттер арасын үйлестіруді жетілдіру.

- Ішкі бұлшық еттерді үйлестіруді жетілдіру.

- Өз бұлшық еттерінің әрекет қабілеттігін жетілдіру.

Бірінші жол ол жаттығуды қолдану, жарыспен ұқсас.

Екінші жол- үш көрсеткішіне әрекет ету қажет. Қозғалыс бірлігінің оңтайлы саны. Жоғары импульс мотонейроны, мотомирондардың барлық сихронды оңтайлығы яғни жаттығуды үлкен қиындылқпен салмақ салумен қолдану қажет.

Үшінші әдіске салмақ салуды қолдану айласы келеді. 7-13 ( қайталау максимумы), культуристердің жаттығу әрекеттерінде қолдануы. Спорт күрестерінде күш қабылетін зерттеу, ерекшелігіне қарай дзюдода, күрестердің спорт шеберлігінің деңгейін айтатын нәрсе, ол күрестердің күш салуының маңызы оның (жарылыс) әрекетіне көрсетеді.

Осындай жағдайда, әртүрлі күштердің пайда болуыжылдамдылық-күш мүмкіндігінің айрықша маңыздылығы болып табылады. Осындай жаттығудың көмегінің арқасында ерекше маңызды көзтартарлық шабуыл қимылдарында қарсыластың маңызды қарсылығының орынды жауап беруі пайда болады.

Күрескерлердің физиологиялық дайындық жүйесін зерттей отырып, 4 факторды бөлді, соның ішінде арнайы дайындық жылдамдық күш жетілдіру сапасының жоғары деңгейде даму базасындағысы алдыңғы қатарда тұр.

2-сурет. Дзюдо спортындағы лақтыру әдістері.

Адамның қимыл-қозғалыс қабілетін зерттеуден М.А. Годик үш түрлі жылдамдық бар деп тұжырымдаған:

А) Қимыл-қозғалыс кезеңдегі латентті уақыт;

Б) Жеке қимыл қозғалыс жылдамдығы;

В) Қимыл – қозғалыс жиілігі.

Оның үстіне ол қимыл-қозғалыстың жылдам басталу қабілетін айрықша атады.

Таза жылдамдық өте оңай бір буынды қимылдарда байқалады (теппинг-тест-қолды бір ыңғайда сермеу).

Жылдамдық деген ұғымда адам ағзасының функционалдық жиынтық қызметінің қимыл-қозғалыс шапшаңдығы анықтайды. Дара көрсеткіш кезінеде жүгірендегі жылдамдық пен шапшаңдық және әртүрлі жаттығу жасаукезінде тығыз корреляция жоқ.

Дзюдода комплексті жылдамдық сапасымен кездесеміз. Спортсменнің қандай да болсын техникалық қимылымен орындалу ұзақтығы жеке қимыл қозғалыс шапшаңдығына байланысты. Көптеген практикалық аңызды элементарлы қалыпта емес біріккен қимыл-қозғалысының жылдамдығының орындалуында. Бірақ та күрделі қимыл қозғалыстың жылдамдығы тек қана жылдамдық сапасының даму деңгейінде емес, басқа да факторлармен байланысты Мысалы: дзюдода лақтыру жиілігі техникалық қызмет жүйесінің. Дистанциядан, қарсыласының қимыл қозғалысына да байланысты.

1.2 Дзюдошылар үшін жылдамдықтың маңызы

Дзюдода жылдамдық күш жетілдіру санасы өте маңызды және де олапрдың мағынасы жыл сайын өсуде. Дзюдода талаптың жоғарлауына байланысты , бұрынғы дайындық әдістері өзгеруі қажет.

Жекпе-жекте дзюдошы басынан бастап, өзінің жоғарғы деңгейдегі дайындығын көрсетіп. Абсалютты және шалт қимылдардлы қолдануды талап етеді. Жоғары айтылғандарға қарап, және де жекпе-жектен үдемелік сапасының қажеттілігін бағдарлай отырып, спорсменнің физиологиялық сапасының дамуына қатал түрде қарау керек. Көптеген авторлар былай деп санайды, жылдамдық-күш жетілдіру дайындығынаәдіс таңдаудан негізіг критерий сыртық және ішкі жаттығу жүйесінің негізгі параметрлерінің үйлесуі. Арнайы ғылыми методикалық әдебиеттерден дзюдо күресінің жетілдіру және жылдамдық күш дайындығының әдіс-тәсіліне көптеген көңіл бөлінген. Бірақта «Жылдамдық –күш жетілдіру сапасы» мен «Жылдамдық күш жетілдіру дайындығы», деген ұғым кейінгі кезде ғана практикалық және теориялық түрде енген.

Әдебиеттік зерттеу жұмыстары дзюдошылардың практикалық дайындығына жылдамдық күш жетілдіру санасының дамуына әр түрлі жалпы әдістер және арнайы физиологиялық дайындықтарға арналған жаттығулар қолданған. Бұл жылдамдық күш жетілдіру сапасын жоғарлатуға, негізгі спорттық қимыл қозғалыстардың бірге жетілуіне себепкер болады.

Ғалымдар «Спорттық күрес» атты кітабінде жылдамдық-күш жетілдіру дайындығында негізгі әдістеме бағыты адамның физиологиялық қимыл-қозғалысы үш негізге алынатын сәттен тұрады деп белгілейді.


  • Арнай бұлшЫқ ет арасынын үйлесімділігі және деңгейі;
  • Арнайы бұлшық ет ішіедегі үйлесімділік және деңгейі;
  • Бұлшық еттің бойға біткен әрекет қабілеттілігі.

  • Осы факторларды есептей отырып негізгі жаттығуларды, немесе негізгі жаттығуға ұқсас–сарнайы және салмақ салу жаттығуларын қолданады. Спортсмендердің шеберлігі көлемді жүктемелерден шындалады, сөйте тұра арнайы қолданатын әдістері саналмайды. Автордың нандыруы бойынша жылдамдық-күш жетілдіру сапасының нәтижелі даму әдісі техникалық қимылы болып табылады. Сонымен қатар екпіндігі күш әдісі және тренажерлі құрылымдар қолдануды ұсынады.

    Ғалымдардың ойлауынша дзюдошылардың қимыл-қозғалысының жетілуі мен дамуы бірден бір жоғарғы нәтижеге жету жағдайы және олардың даму деңгейі көбінекей нәтижелі техно-тактикалық әдістерін үйретуге байланысты. Сөқйтіп, оптималды жұмыс кестесі құрылған жылдамды –күш жетілдіру жаттығуын орындауы 150/160 мин/сағатына тең.



Қазіргі кезде педагогикалық іс – тәжірибесінде кең жайынған – жылдамдық күш жетілдіру сапасының дамуы спортсмендердің әдетте жоқ әдістер қолдануында. Оған мыналарды жатқызуға болады. Әртүрлі тренажерлік құрылымдарды, және орташа таулық жағдай, электростимуляциялық әдістер және т.т. Әдебиет зерттеулері жылдамдық – күш жетілдіру дайындығының рационализаторлық әдістерумен тәсілдері екі түрлі тығыз байданысқан бағытта.

Біреуі жалпы алынған дайындық әдісін рационалда түрде пайдалануға және таңдауға байланысты. Осы екі бағыт жекеше түрде емес, комплексті түрде бірін – бірі толықтыру арқылы әсер етеді. Спортсмендердің жылдамдық – күш сапасының жетілуіне әдебиет зерттеулері көптеген факторларды есепке алады – арнайы спорт түрі, жасы және мамандығы, және де тағы басқа белгілері.

Дзюдоға арналған әдебиет зерттеулері және басқа күрес түрінің әдебиеттерінің зерттеулері бойынша жылдамдық – күш желілдіру дайындығының арнайы жаттықтыру бағдарламасын орындауда және техникалық арсеналының байланысы жоқ. Алайда ғалымдардың кітаптарында мынадай ақпарат бар: күрескердің техникалық арсеналының ерекшілігімен және жеке бұлшық ет тобының күштілік төзімділігінің арасында тәуелділік бар: неғурлым жоғарғы көрсеткіш негізгі жүктеме орындайтын бұлшық еттерде белгіленген.

Практикалық жұмыстарды зерттей келе күресте жылдамдық – күш жетілдіру бағытында мынаны анықтадық дзюдода әдетте ұйымдастыратын жылдамдық – күш жетілдіру жаттығуларын қолдану сақталған. Ғалымдардың ойынша бұндай жағдай өту және қайта құрұ кезеңінде жылдық айналымда болуы мүмкін.


  • ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ҮЛГІСІН ЭСПЕРИМЕНТ БАРЫСЫНДА ТЕКСЕРУ

  • 2.1 Жасөспірім дзюдошылардың төзімділік қабілетін жетілдірудегі физиологиялық ерекшеліктері

    Спорттық күрес үшін ең алдымен барлық қуаттық жүйелердің мүмкіндіктері, үнемділік және жеке басының сапалары жетекші компанент болып табылады. Практикалық тәжірибе және ғылыми зерттеулер жасы бойынша төзімділіктің даму динамикасын біліп тұруға мүмкіндік береді.

    Балалар мен жасөспірімдердің ағзалары ересектерге қарағанда жұмыс істеу қабілеттілігін аз игерген. Себебі, бұл жағдай жасы бойынша дамудың әлі бітпегендігінің нәтижесінде болып отыр, өйткені органдары мен жүйелердің функционалдық мүмкіндіктері және олардың қызметінің үйлесімділігі өзінің қажетті деңгейіне жетпеген. Төзімділіктің максималды дамуына қажетті жағдайлар толып піскен жасында ғана, ағзаның жас ерекшелігіне қарай қалыптасқанда ғана жасалады. Балалық, жеткіншек, жасөспірім жастарында ағза ұзақ жұмыс орындауға әлі де жеткілікті бейімделмеген, бұл жағдай әсіресе жоғары қарқынмен орындалған жұмыс кездерінде білінеді. Бұл жүрек пен демалу аппаратының жеткіліксіздамуына байланысты болады, осы тектес жұмыстар ағзаның энергетикалық қуатын арттыруға көбірек уақыт екені белгілі, олар осы кезеңде өсу процестерін қамтамасыз етеді. Осы жастардағы жүйке жүйесінің жайы, оны қозғыштығы мен тұрақсыздығы да ағзаның мүмкіндігін шектейді. Осының бәрі құралдар мен әдістерді дұрыс таңдау жолымен төзімділікті дамыту қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Төзімділікті дамытудағы арнайы жұмыс жыныс мүшелері жетілгеннен кейін ғана басталуы тиіс, бірақ та жасөспірімдік сияқты жеткіншек кезінде де бұл жұмысты бастауға болады, дегенмен оның мөлшері жалпы қолданылып жүрген құралдар көлемінің ішінде көп емес.


Жас балуандардың жалпы және арнайы төзімділіктерін дамыту ерекшеліктеріне талдау жасайық.

Ауыспалы жас деп аталатын жыныстық жетілгенге дейінгі және жыныстық жетілу кезеңі 2–3 жылға созылады: балаларда 13–14 жастан 18 жасқа дейін; қыздарда 12–13 жастан 16 жасқа дейін. Кейбір жағдайларда жыныстық жетілудің әр жылдары орта және одан үлкен мектеп жасындағылар арасындағы шектеулікті болдырмауы мүмкін. Біреулеріндегі 13–14 жастағы биологиялық өзгерістер кейбіреулерінде 16–17 жастағыдай болуы мүмкін. Осы кезде бас миының қызметіне әсер ететін эндокринді жүйенің дамуы жүріп жатады. Геофиз жыныстық темірлерге әсер етеді. Жүйке саласында негізгі жүйке процестерін жетілдіретін өзгерістер болады. Ішкі тежеу күшейеді, бірақ қозуы басымдау болып қала береді. Екінші белгі беру жүйесінде даму болады және күрделене түседі. Күрделі еңбек түріне және спротпен шұғылдануға ұмтылыс пайда болады. Жалпы дамумен қатар жыныстық жетілу кезеңнің басталуын жүрек–тамыр жүйесінде де өзгерістер басталады. Жоғарғы қозғалыс әрекеті жүректің күшейтілген дамуын тұғызады, 12–14 жаста басталады, ал 15 жасқа қарай ол жаңа туғанмен салыстырғанда 15 есе көбейеді. Осы кезеңдегі даму қуаты жекелей тербеліске ұшырайды. Бұл кезең балаларға қарағанда қыздарда ерте басталады, ерте аяқталады.

Жасөспірімдер өздерінің күштілігіне мақтанады, оны көрсетуге ұмтылады және өздерінің мүмкіндіктерін артық бағалайды. Жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін, өзінің күшін біртіндеп, жүйелі түрде қолдануды ұмытып кетеді. Еркін дене шынықтыру оларда өзін - өзі сақтау сезіміне қайшы келіп отырады.

Жақсы спорттық нәтижелер көрсетіп жүрген кейбір жасөспірімдер жыныстық жетілу кезеңінің алдында оларды бірден төмендетіп жіберуі мүмкін. Бұл жағдай бойы тездетіп өсіп келе жатқандарда байқалады.

Жасөспірімдердің төзімділік сияқты денелік сапасын дамыту жолында жұмыс істеу үшін, олардың денелік дамуының жалпы деңгейіне дұрыс баға бере білу қажет. Денесінің ұзындығы мен салмағы, көкірек кеудесінің қапсырмасы сияқты денелік даму көрсеткіштері ағзаның басқа жүйелерінің көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады және адамның жеке биологиялық дамуы туралы біршама деректері болады. Кез келген шұғылданушының денелік дамуының қандай деңгейіне жататынын бағалау үшін қажетті жүргізілетін өлшемдер мыналар:

  • дененің ұзындығы;
  • дененің салмағы;
  • көкірек кеудесінің қапсырмасы.

Жаттығу жүктемелерінің компоненттерін үйлестіру ағзаның жауаптық реакциясының көлемі мен сипатына әсер етеді.

Жаттығудың қарқындылығы. Жүктеменің қарқындылығына бұлшық ет жұмысының қуаттылығын қамтамасыз ету сипаты байланысты болғандықтан, оларды топтастыру кезінде энергетикалық өлшемдерді, яғни қуаттық қамтамасыз етудің аэробты және анаэробты процестерінің арақатынасын пайдаланған орынды.

Жаттығудың қарқындылығы мыналар болуы мүмкін:

а) Максималды – жұмыс көбінесе қуатпен қамтамасыз етудің алактатты (креатинфосфатты) анаэробты механизмы есебінен қамтамасыз етіледі;

б) Субмаксималды – жұмыс гликолитикалық анаэробты процестердің есебінен қамтамасыз етіледі;

в) Үлкен – жұмыс аэробты өнімділіктің максималды деңгейі кезіндегі бұлшық ет қызметін аралас аэробты – анаэробты қамтамасыз ету есебінен орындалады.

Жаттығулардың қарқындылығы оларды орындау кезінде бұлшық еттердің жұмысы негізінен орта, бірқалыпты және аз аэробты процестерін есебінен қамтамасыз етіледі.

2.2 Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары

Жасөспірімдер спорты көп жылдық дайындық жұмысының шешуші сатысы. Суда жүзу, коньки, гимнастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары балалар спорты деп те атайды. Бұл спорт түрлерінде бұғанасы қатпаған жастар алғашқы жаттығу, дәрістерін ала бастайды.

Көпжылдық спорттық жетілдіру жұмысының бірнеше кезеңімен атқарылатыны мәлім. Алғашқы дайындау кезеңі 7-10 жас аралығын қамтыса, бастапқы спорттық мамандандыру 10-13 жаста, мақсатты спорттық мамандандыру13-15 жаста жүргізіледі; 15-17 жас спорттық шеберлікті шыңдау кезеңі негізгі жаттығулар жыныстық жетілукезінде орындалады. Балалармен жасөспірімдердің спорттық мамандығын ойдағыдай шыңдап, денсаулықтарына зиян келтірмеудің бірден-бір жолы-жүйелі кешенді бақылау, соның ішінде медициналық бақылау болып табылады.

Медициналық бақылау барысында шешілетін мәселелер көп. Олардың ішінде спорттық медицинаның мақсатымен мазмұнына сәйкес барша дене шынықтырушылар мен спортшылар арасында жүргізілетін жұмыстармен қатар арнайы да мәселелер бар. Соның бірі- спорттық сұрыптау мен бейімдеу.

Спорттық сұрыптау, спорт түріне бейімдеу жан-жақты қаралатын күрделі проблема. Оның медициналық көрсеткіштеріде аз емес. Олар:

- денсаулық;

- тұқым қуалай берілетін құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің бастапқыд еңгейімен даму қарқыны;

- спорт түрінде негізгі ауыртпалық түсетін физилогиялық ағзалар мен жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері және олардың жаттығу барысында жетілу сатысы;

- қызу жаттығуға төзімділік;

- жыныстық жетілу дәрежесі мен дененің дамуерекшеліктері.

Спортқа іріктегенде басты назарды баланың денсаулығына бөлу керек спортпен тексау балалар ғана шұғылдануға болады. Бұл спорттық медицинаның мызғымайтын талаптарынының бірі.

Спорттық сұрыптауда жасөспірімнің спорт түріне жарамдығын анықтайтын көрсеткіштер жинағы бар. Бұл тұқым қуалай беріліп, онтогенез барысында оншалықты өзгере қоймайтын құрылымдық және физилогиялық сипаттамалар, қимыл ептілігі, талдамалардың сезімталдығы, жоғары жүйке қызметімен мінез–құлық ерекшіліктері.

Дене дайындығы көрсеткішетірін жетілдірудің әдістемесі.

Дене дайындығын тестілеудің бағдарламасы спорт түріне байланысты 4-кестеде көрсетіңген тізімде өз еркімен таңдалған жәнге дене дайындығының көрсеткіштерінің түріне міндетті тобы енгізілген.

1. 3х10 м қайтармалы жүгіріс (челночный бег). Тестті ұзындығы 10 м тегіс жолда жүргізеді. Ара қашықтығының старт пен финиш сызышаларымен шектелген. Әрбір сызықтан соң ортаңғы сызықта тұратын 52 см радиуста екі жарты шеңбер белгілеп қояды. Жоғарғы старт қалпынан «марш» бұйрығын ести сала сыналушы 10 м жүгіріп, финиш сызығындағы жарты шеңберден (5х5х5см) кубигін алып, қайта айналып, 10 м старт сызығына жүгіріп келеді де, кубикті осындағы жарты шеңберге қайтып финиш сызығына қарай орала сызықтан асып өтеді.

2. 5 мин үзіліссіз жүгіру, м. 5 мин ішінде жүгіріп өткен ара-қашықтықтың ұзындығын анықтау үшін, 10 м кесінді белгіленген жолы бар стадиондаөткізіледі. Әрбір қатысушы 5 мин өткен кезде дабылды естіген жерінен белгі жасайды. 5 мин ішінде жүгіріп өткен жалпы қашықтықыт тіркейді.

3. Бір орыннан ұзындыққа секіру, см. Секіруді қос аяқтап орындайды. Екі аяқпен жерге түсу қажет.Секіруді белгіленген резиналық (тартар) жолда орындалады. Үш әрекеттің ең тәуірі тіркеледі.

4. Екі кг салмағы бар тығыздалған доппен бастан асырып алға лақтыру. Лақтырар бұрын спортшы старт сызығында алғашқы мына қалыпта болады: аяқтары екі жаққа қарата отырады, доп бастың төбесінде созылған қолдарда және ашылған аяқтардың бұрышы старт сызығына қараған болуы тиіс. Лақтыру ұзақтығы рулеткамен өлшенеді, үш әрекет жасалып, ең жоғарғысы есептеледі.

5. Көлденең ағашқа ілініп тартылу, реттік саны. Алғашқы қалып – жоғарыдан ұстап ілінеді, қолдары иықтардың деңгейінде, жаттығуды орындау ырғағы ерікті. Қолды жиырған кезде көлденең ағаштан асса, тартылу орындалған болып есептеледі. Аяқ пен дененің көмегімен жасалған әрекеттер есепке жатпайды.

6. Алға еңкею, см. (иілгіштікке тест). Бой жаздырудан кейін орындалады. Алғашқы қалпы гимнасикалық тақтайда тұрып, аяқтары бірге, бүгілмей тұрады. Еңкеюдің тереңдігін қол саусақтарының ұшы мен тақтайдың жоғарғы бетінің ара-қашықтығын өлшейді. Ол үшін екі сызғышты нольдік белгісі тақтайшаның жоғарғы қырына теңестіріліп, тақтайға тік орналасуы қажет. Нәтиже сыналушы саусақтары тақтайшаның жоғарғы бетінен төмен түссе плюс(+) белгісімен тіркеледі, егер саусақтарының ұшы тақтайдың беткі қырына жетпесе, минус ( – ) белгісімен тіркеледі. Тестілеуде тізені бүгуге және дененің оқыс қимылдарын жасауға болмайды.

7. Гимнастикалық таяқша арқылы буындар қозғалысын бағалау. Ағашқа сантиметрлік лента жапсырылған немесе 0,1 см дейін бқлінулер белгіленген. Алғашқы қалып:ағаш төменде, үстінен қос қолдап ұстайды, екі қол иықтар деңгейінде. Қолды жоғары қарай көтере отырып, ағашты арқасына қарвй төмен түсіреді (бұралу). Бұралғанк езде ұстап қалған жер мен иықтың ара- қашықтығы салыстырылады. Сыналу алдында алдын ала бой жаздырып алу қажет. Тестің орындау бағасы: 5 ұпай – иық пен ұстаған жердің айырмашылығы 10 см, және одан да аз; 4 ұпай – 11-20 см; 3 ұпай – 21-30 см; 2 ұпай – 30-40 см; 1 ұпай – 41 см және одан да жоғары.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жасөспірім дзюдошылардың – дене дайындығы мүлтіксіз әдістемелік бағытта болу үшін жарыс қызметінің өзгешеліктерімен сәйкес болу керек. Ол үшін неғурлым келешегі бар техникалық қызмет түрін әр салмақтағы дзюдошыларға нәтижелі жылдамдық – күш жетілдіру дайындық бағдарламасын анықтап беруді ұсынады. Дене дайындығын жетілдіру әдістемесі бағытын таңдауда нәтижелі әдістемелік өңдеу кезінде жеке шабуыл арсеналы мен қорғану қызмететін қолдана отырып белгілі бір спорттық нәтиже деңгейіне жеткен дзюдошының еңбегін ұмытпаған жөн.

Әр спортшыға кешенді жаттығу таңдау кезінде көбіне өзі жақсы көретін әдіс-тәсілдері мен ұқсас болуын ұсынады. Соған байланысты сол спортшыға дайындық жоспарын құрғанда, айла-тәсілдерін қолданғанда жылдамдық-күш жетілдіруде, көп жұмыс істейтін бұлшық ет топтарына ыңғайлайды. Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығы сапасын арттыруда әртүрлі жаттықтыру әдісін жекеше нәтижеге жетуін қадағалауды ұсынады.

Ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы бапкерлердің тәжірибесіне және жеке зерттеу нәтижесінің қорытындысында, 13-15 жастағы дзюдошылардың жылдық дайындық цикілінде бір қалыпты дене дайындығын жетілдіру қолданғаннан нәтижелі физиологиялық дайындық түрінде жоғары деңгейге жетуіне мүмкін емес екеніне көз жеткізді.

Зерттеу жұмысының қорытындысында дене дайындығын жетілдіру үрдісін қолдануда 13-15 жастағы жасөспірім дзюдошылардың жылдамдық-күшін жетілдіру деңгейі мағыналы түрде жоғарылайды. Мынаны әрқашан есте сақтау керек: мұндай жүктемені 4 жылдан кем емес дайындығы бар, 1-ші дәрежеден төмен емес біліктілігі бар спортшыларға жүктеу керек, өйткені олар керекті көлемдегі жүктемелерін толтырған және де ағзалары ұзақ уақыт жоғарғы қарқындағы салмақты көтере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет