Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы


Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі63 Kb.
#121971
1   2
Байланысты:
Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығы
Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығы

2. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы


Маргиналдар дегенімін адамзат қоғамында ұсталатын немесе «дұрыс» деп саналатын шеңберден тыс өмір сүретін, белгісіз әлеуметтік жағдайдағы адамдарды айтады. Ал, жасөспірім-әле есейген жоқ, бірақ бала емес, ол оқушы кезеңі аяқталуға жақын, бірақ әле жұмысшы да студент те емес, ата-анамен күн өткен сайын ара-қашықтық ұзарып жатыр, бірақ өзінің жеке отбасы жоқ.


Жасөспірім бір жағынан есеюі шағында, үлкендер өмірінің табалдырығында, тәуелсіз өмірді аңсайтын, үлкендер жағынан өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін мойындатуды қалайтын жасөспірім дегенмен де әле есейген жоқ. Бұл жастағы жасөспірімдер қоршаған ортаны, қоршаған әлемді өз идеалына теңеу арқылы ғана салыстырмалы түрде қабылдайды.
Сонымен, маргиналды адам-екі мәдениет, екі қоғам, түрлі топтардың ортасында тұрған адам, немесе бірінен екіншісіне өтетін адам.
Үлкендер жасөспірімге кішкентай бала ретінде қабылдауды жалғастыра береді. Жеткіншектің екі жақты статусы жасөспірім мен ата-анасы арасындағы қақтығыстарға, түсініспеушіліктерге алып келуі де мүмкін.
К. Левин бойынша жеткіншек ауыспалы кезең болып табылады, яғни жеткіншек жартылай балалар тобына жатса, екінші жартысы үлкендер тобына жатады делінген (сурет-1.). Сондықтан мұғалімдер де, қоғам да жеткіншекке бала ретінде не есейген тұлға ретінде қарым-қатынас жасау керектігін білмейді. Сол үшін де бір жағдайда жасөспірімдерге бала ретінде қараса, бір жағдайда есейген тұлға ретінде қаралады. Жасөспірім өзінің тәуелсіз болуын қалағанымен есейген тұлғаға тән қылық формаларын біле де бермейді. Жеткіншек «әлеуметтік өту» немесе «әлеуметтік алмасу» жағдайында деп саналады.



Сурет-. Жасөспірімдік кезең-балалық шақтан есейген шаққа өтуі

Балалық шақ, есейген шақ немесе «есейген тұлға» және «бала» жеке бөлек топ ретінде бір-бірінен ажыратылып қарастыралады. Әрбір адам өзінің не бала екенін, не есейген тұлға тобына жатытынын анық біледі. Ал, жасөспірімдер осы екі топтың арасындағы орналасып, ен балалар тобына не есейгендер тобына да енбегендіктен психологтар жеткіншектерді маргиналды адамдар тобына жатқызады.


Бұл кезеңде даму, шынымен де тез темп арқылы болады. Әсіресе, тұлға қалыптасуында көптеген өзгерістер байқалады. Жеткіншектің негізгі ерекшелігі – тұлғалық тұрақсыздық қарама-қарсы белгілер, ұмтылыстар, тенденциялары өсіп жатқан баланың әрекеті мен мінезінің қарама-қарсылығын анықтай отырып бір-бірімен күресіп жатады.
Жеткіншектің маргиналдылығына тән өзіндік ерекшеліктер де бар. Мысалы, жеткіншек үлкендердерге тән жауапкершілікті мойнына алғысы келмеген жағдайда өзін бала ретінде ұстанады, ал кейбе есейген тұлғаның құқығына ие болғысы келген жағдайда өзін есейген ретінде ұстанады. Жеткіншек бір жас ерекшелік тобынан екіншісіне өте отырып, аралық, ауыспалы жағдайында өмір сүреді.
Жеткіншектік жаста балалар тек физикалық ғана емес психикалық жағынан да есейіп, не кішкентай бала емес, не үлкен адам емес екеуінің арасында қалғандай болады. Сондықтан, оның ішкі әлемінде, іс-әрекетінде балаға да, үлкендерге де тән белгілер араласып кездеседі. Осы екі этаптағы (балалық және жасөспірімдік) даму ерекшеліктері бір индивидте (жеткіншекте) біріккенде екі этаптың дамуындағы ерекшеліктер бір-біріне қайшы келіп, жеткіншектің жалпы психикалық күйіне жағымсыз әсер етеді. Жеткіншек бір жағынан өзін үлкен сезінеді, шындығында ол бастауыш мектеп балаларына қарағанда көп біледі, көп жұмыс істей алады. Ал, екінші жағынан балалықтың кейбір белгілері әлі қалмаған, аңқаулығынан үлкендерден ескертулер алады, өздерін үлкендер ретінде ұстауында да балалықтары айқын аңғарылды. Жеткіншек жасындағы мұндай екі этап табиғатты оның зейініне де ықпал жасайды. Бір жағынан жеткіншектерде ырықсыз зейін күшті дамыған: барлық жаңалықтар, эмоция туғызатын тітіркендіргіштер жеткіншек назарын аудартады, екінші жағынан жеткіншектер кіші оқушылармен салыстырғанда саналылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, жеткіншектің өмірге қатынасы да саналы болып ырықты зейін қарқынды дамуға ие болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:





  1. Киселева О.В. Психолого-педагогические характеристики, детерминирующие маргинальное поведение в подростковом возрасте // Психология, социология и педагогика. 2015. № 4 [Электронный ресурс]. URL: http://psychology.snauka.ru/2015/04/4754 (дата обращения: 18.06.2015).

  2. Психология: Словарь. // Под ред. А.В.Петровского, М.Г. Ярошевского. – М.: Феникс, 1990.

  3. Реан А.А. Социализация личности // Хрестоматия: Психология личности в трудах отечественных психологов. – СПб.: Питер, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет