4 тапсырма
Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы.
Жоспар
Жоспар 2
1.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі және жасөспірім ұжымының арасындағы оқушауланған жасөспірімдерге тұлғалық портрет 3
2. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының салыстырмалы сипаттамасы 5
1.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі және жасөспірім ұжымының арасындағы оқушауланған жасөспірімдерге тұлғалық портрет
Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мәселесі өте аз зерттелген тақырыптардың бірі. Сонда да жасөспірім жастағы балалардың аутсайдерлігін келесі сөздермен қысқаша сипаттауға болады: өзін-өзі төмен бағалау, өз құрдастарының арасында жалғыздықты, «ешкімге керек емес сынып мүшесі» ретінде өзін сезінуі.
Сынып ұжымы қалыптасқан сәттен бастап құрылымы мен оқушылардың белсенділігіне қарай кішігіріп «таптарға» ажырай бастайды. Бір оқушы «лидерге» айналса, бір топ оқушылар сол лидердің «жақтасына» ал кейбір оқушылар «аутсайдерлерге» айналады. Аутсайдер термині отандық ғылымда кейіннен пайда болған ұғымдардың бірі. Алдын бұл ұғымды басқа да атаулармен белгіленген.
Аутсайлік мәселесінен алдын жасөспірімдік шақтың өзінің «дағдарысты» кезең екенін естен шығармауымыз керек. Неофрейдизм өкілдері жасөспірім кезеңін құндылық бағдары анықталмаған және ішкі тұрақтылығы толық қалыптаспаған адам өмірінің кезеңі деп бекер айтпаған. А. Фрейдтің пікірінше жасөспірімдік кезеңі инстинкттік табиғаттың оянуына байланысты баланың сезімталдық дәрежесінің өсуі байқалатынын атап көрсеткен. Жасөспірімдік шақта бала өзін өз сыныптастарының алдында жат санай бастайды. Өйткені дәл жасөспірімге айналған сәтте тұлға бір жағынан тәуелсіздікке, автономияға ұмтылса, екінші жағынан басқалардың құндылықтары мен стандарттарына тәуелділіктің туындауына байланысты. Өзін-өзі бөгде, жат санаудың туындау механизмін неофрейдисттер келесідей түсіндіреді: өзінің автономиялылығына қол жеткізу үшін жасөспірім өзін «құдыретті» сезініп, өзін-өзі идеализациялауға ұмтылады. Дегенмен де, ішкі қажеттіліктерге қол жеткізу ұмтылыстары фрустрацияға ұшыраса немесе өзін-өзі идеализациялау жүзеге аспайтындығына көз жеткізілсе (немесе жасөспірімнің өзін-өзі бағалау дәрежесі төмен болса) жасөспірімде күйзеліс, өзін-өзі қабылдамау, өзін-өзі «жек көру» сезімдеру пайда болады. Дәл осы өзін-өзі қабылдау сезімі басым болған жасөспірімдер аутсайдерге айналады.
М.В. Буланова-Топоркова жасөспірім аутсайдерлерді келесі тұлғалық қасиеттермен сипаттайды:
- өзін-өзі сыйламайды;
-өте сезімталдылықпен ерекшеленетіндер;
-өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен, кез-келген сыни пікірлер, күлкі арқылы мазақ сөздер бұл жасөспірімдердің күйзелуіне соқтыруы мүмкін;
-бұл жасөспірімдер өзінің ұмтылыстары немесе көздеген жоспарлары сәтсіздікке ұшырауын қабылдай алмайды;
-жасөспірімдер өзінің бойында кездесетін кемшіліктерді бірден табады;
-бұл жасөспірімдер өзін басқалардан оқшаулануға ұмтылады;
-ұялшақ;
-шынайы өмірді емес, қиялдауды, армандауды ұнатады;
-жалғыздықтан қиналады.
М.В. Буланова-Топоркова пікірінше аутсайдерлі жасөспірімдердің көбісі шизоидті типтегі акцентуация иелері екендігін атап өтеді. Бұл акцентацияның басты сипатты белгісі-тұйықтық, сондықтан аутсайдерлі жасөспірімдер өз құрдастарының ұжымына ұмтылмайды, жалғыздықты немесе үлкендермен қарым-қатынас жасауды қалайды.
Сынып ішінде жалғыз басты аутсайдер-жасөспірім ғана емес, аутсайдерлік топ та болуы мүмкін, аталмыш топ бірқатар белгілі бір себептерге байланысты девиацияға ұшыраған.
Жасөспірімдер арасындағы лидерлік феноменін зерттеушілердің бірі Р. Л. Кричевский болатын. ол топтағы лидердік феноменінің көптеген аспектілерін зерттей отырып, аталмыш феноменге: лидердің жеке тұлғалық қасиеттері, лидердің іс-әрекеттері мен лидердің қабілеттері-осы аталған 3 қасиет «лидер» феноменіне тән қасиет деген тұжырымдама айтқан. Топтағы лидерік құрылымы жөнінде сөз қозғағанда лидерлік дәрежелерінің вертикалды өлшемдері бойынша ең жоғарғы статус-лидер болса, ең төменгі статуста-аутсайдерлер орналасады. Аутсайдерлердің өзіне тән тұлғалық қасиеттерге ие. Осылайша Р. Л. Кричевский жасөспірімдер тобын лидерлдік статустарына қарай келесі топтарға ажыратты:
Топтың лидері;
Орта статусты позициядағылар;
Аутсайдер (немесе кей жағдайда бір сыныпта бірнеше аутсайдер жасөспірім кездесуі де мүмкін).
Жасөспірім тобындағылардың барлығы дерлік аутсайдер позициясына түсіп қалмауға ұмтылады. Орта статусты позициядағылар тобы жасөспірім үшін ең эмоцияналды тартымды позиция болып саналады. Жасөспірімнің өзін өзі жүзеге асыру үшін, өзін-өзі жоғары бағалау үшін дәл осы орта статусты позициядағы жасөспірімдер тобы оңтайлылығымен ерекшеленеді. Ал, аутсайдерлер тобындағы жасөспірімдер-бұл оқшауланғандар тобы болғандықтан, жасөспірімдер арасында топтағы немесе сыныптағы өз статусына деген үрейліліктің пайда болуына түрткі болады. Дегенмен де сол бір жасөспірім әр-түрлі топта әр-түрлі статустарға ие болуы да мүмкін, мысалы мектепте сыныптастар ұжымында жасөспірім аутсайдер статусында болып, жасөспірімдердің формальды емес тобында сол жасөспірім лидер болуы да ықтимал.
Жасөспірім аутсайдерлігіне жеке тұлғалық портрет. Аутсайдер жасөспірімнің басты жеке тұлғалық қасиеті-оның өзін-өзі төмен бағалауы және эмоционалды интеллект дәрежесінің төмен болуында. Аутсайдер жасөспірімдер өз құрдастарына қарағанда эмоционалды интеллект дәрежесі өте төмен, яғни бұл жасөспірімдер «тұлғааралық түсіністік» пен «құрдасының эмоциясын түсіну» деңгейі төмен. Аутсайдер жасөспірім басқаның эмоциясын түсінуде, қабылдауда қиындықтарға тап болады. Дәл осы ерекшеліктер бұл жасөспірімдерді өз құрдастарының арасында оқушаулануына, төменгі статустарға ие болуына алып келеді. Ал, өз құрдасының эмоциясын түсіне алатын жасөспірімдер лидерлер статусына ие болуы ықтимал.
Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.
Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.
Аутсайдерліктің туындау себептерін зерттеген ағылшын психологы Д.Боулидің теориясына сәйкес ата-аналық қамқордың жетіспеушілігі баладан оған қажетті сенімділік, қауіпсіздік сезімін айырады. Ал ол өз кезеңінде ерекше эмоционалды қобалжуды, яғни оқшауланып қалу қорқынышын туғызады. Сонымен қатар жаңа таныстықтар орнатуға кедергі болып, потенциалды адамдардың шеңберін кішірейтуге алып келетін жағдай, ол- қарым-қатынастың төмендігі. Ол қарым-қатынас арқылы жаңа дағдылар мен білімді игеруді керек етпеушілік арқылы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |