Жастар және бұқаралық ақпараттық құралдары



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі23,73 Kb.
#124656
  1   2   3
Байланысты:
Зауреш тапсырма 2020


1 тапсырма 8.2.3
Жастар және бұқаралық ақпараттық құралдары
Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
Бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріне терең еніп, онымен тығыз байланысқа түсті. Ол әр адамның өміріне дерліктей әсерін тигізеді. Бұқаралық ақпараттық құралдары бізге шексіз ақпарат беріп, білімімізді ұлғайтудан басқа дүниетанымымызды кеңейтеді. Біз ол арқылы жаңалықтарды жылдам біле аламыз. Алайда бұқаралық ақпараттық құралдарының ішінде керексіз, жалған, қажетсіз, тұтынушыны түзу жолдан бұзатын ақпарат жеткілікті. Бұл кішкентайлар мен жастарға үлкен қаупін тигізеді. Бірақ неліктен ? Кішкентайлар мен жастар әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын әр адам біледі. Бұл бұқаралық ақпараттық құралдармен де тығыз байланысты. Тұтынушы керекті мен керексіз ақпаратты сұрыптай алған жағдайда ғана бұқаралақ ақпараттық құралдар адамға пайдасын тигізе алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалған білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар. Бұл жастарға кей жағдайларда зардабын тигізіп жатады. Ойындар, теледидар жастарға өте зиянды әрі қауіпті деген стереотиптің ең негізгі себебі осы болып табылады. Жастарға көру қызығырақ болғанан кейін, көпшілігі теледидарға жүгінеді. Егер біз болашағымызды осы қауіптен аулақ ұстағымыз келсе, теледидарды тәрбиелік мәні бар ақпараттарды тамашалап, газет-журналдарды оқып отыруға тиіспіз. Бала ақпаратты өзгеше түсінумен байланысты, әр бұқаралық ақпараттық құралдарды тұтыну сайын баламен ақпаратты талқылап, баланы түзу жолға тұрғызу керек. Бұл болашақтағы жастың ақпаратты толықтай дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет