16 мамыр - №47 орта мектебінде «Жарқын Жолдау – серпінді мақсат!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін-проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Алтынбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.
17 мамыр – «Астана» көпсалалы колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлықсыз өмір – жарқын болашақ кепілі!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы М.Ибраева, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ майоры Д.Маханов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
17 мамыр – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жамбыл медициналық колледжінің жастарымен «Жемқорлықсыз болашақ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Қуанышбекова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі Е.Қыпшақбаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар, 70-ке жуық адам қатысты.
18 мамыр – Жастарға діни экстремизіммен мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын түсіндіру мақсатында «Болашақ» колледжінің мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге 150-ден аса адам қатысты.
18 мамыр - №25 орта мектебінің жиын залында «Сенімге серпін ұялатқан - Жолдау!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жастар арсында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 1 курс студенті, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, №25 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бейсекова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар және жастар, барлығы 60-тан аса адам қатысты.
18 мамыр – Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Нашақорлық қоғам дерті!» атты кездесу өтті. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
18 мамыр – Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында №15 мектеп-гимназиясында «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
18 мамыр - оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында №35 орта мектебінде «Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет» атты кездесу өткізілді.Кездесуге барлығы 30 дан астам адам қатысты.
18 мамыр – №13 Тараз теміржол колледжінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық норкологиялық диспансерінің психолог маманы М.Ибраева, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ сержанты А.Алимбаев, №13 Тараз теміржол колледжі директорының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Г.Тезекбаева, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Г.Еркебекова, жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
Кездесуге №43 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Азимханова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова мен Г.Еркебекова, жастар, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
19 мамыр – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің жастарымен «Жемқорлық – індет, жою міндет!» атты сурет байқауы өткізілді.
Сурет байқауына №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берікова, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар 20-ға жуық адам қатысты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Е.Аюбаев, І орынды Д.Аюбаев, ІІ орынды А.Дунгабаева, ІІІ орынды А.Владимирова, және де Н.Жақсыбаев, Ф.Бабахан, А.Әмір А.Жадикеева арнайы алғыс хаттармен және жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
19 мамыр -жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында №13 Тараз теміржол колледжінде «Нашақорлық - қоғам дерті!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 40-қа жуық адам қатысты.
23 мамыр – «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ерлікке, батырлыққа, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, сонымен қатар жасөспірімдерге мәнерлеп өлең оқу өнерін шыңдауды дамыту мақсатында «Арай» аула клубында №49 орта мектебінің жасөспірімдерімен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым!» атты мәнерлеп өлең оқу байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Г.Базарбай, ІІ орынды Р.Сеңгілбай, ІІІ орынды Ә.Әлжан иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
23 мамыр – Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Ботақан» аула клубында «Мен өмірді таңдаймын!» атты семинар-тренинг өткізілді. Іс – шараға барлығы 20-дан аса адам қатысты.
23 мамыр – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Ботақан» аула клубында «Рәміздер тарихы» атты кездесу өткізілді. Іс – шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
24 мамыр - «4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні!» мерекесіне орай жастар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерімен жан-жақты таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне шолу жасау арқылы жастарға мемлекеттік Рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, Отанды сүйе отырып құрметтеуге үйрету, өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында «Арай» аула клубының жастарымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне құрмет!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
24 мамыр - Елбасының 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябағында «Діни экстремизмге жол жоқ!» атты көрме байқауы қаладағы орта мектептерінің жасөспірімдері арасында өтті. Шара соңында қазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Ж.Жолдықұлов, І орынды Я.Базалей, ІІ орынды Н.Исабеков, Ж.Тапаева, ІІІ орынды Ш.Ризаева, А.Марченко, Д.Унгарбаева иеленіп, қатысушылар дипломдармен, арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Көрмеге 40-қа жуық адам қатысты.
24 мамыр – жастардың құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында №13 Тараз теміржол колледжінде «Жастар қылмысқа қарсы!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
25 мамыр – Жастар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерін қадірлеуге, олардың таңбалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты, Елтаңбасымен еңселі!» атты кездесу өтті. Іс-шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.
26 мамыр – Жастар мен жасөспірімдер арасында наша бизнесін алдын алу, сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Нашақорлықсыз болашақ!» атты сурет байқауы өтті. Іс-шараға барлығы 30-дан астам адам қатысты.
26 мамыр - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерін қадірлеуге, олардың таңбалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Мемлекеттік Рәміздер – мақтанышымыз!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына барлығы 20-ға жуық адам қатысты.
1 маусым – сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, олардың өнерлерін шыңдау, сурет салу қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Балдәурен – балалық шақ!» атты арт-моб байқауы өтті. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
1 маусым - «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!» мерекесіне орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубының жастары арасында «Бақытты балалық шақ!» атты арт-моб байқауы өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-дан аса адам қатысты.
Қазылар алқасының бағалауымен қорытынды шығарылып, бас жүлдені – Н.Уызбай, І орынды – С.Берік, ІІ орынды – Н.Қуаныш, ІІІ орынды – А.Малик иеленіп арнайы дипломдармен марапатталып, естелікке суретке түсті.
1 маусым - сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдердің шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №53 орта мектебінде «Өлкенің гүл жайнаған балғындары!» атты арт-моб байқауы өткізілді.
Әділқазылардың шешімі бойынша қорытынды шығарылып, І орынды А.Шамшитдинова, ІІ орынды А.Ақылбекова, ІІІ орынды А.Жорабек иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.. Байқауға барлығы 30- ға жуық адам қатысты.
3 маусым - Тараз қаласында іске асыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын кеңінен атап өту, өскелең ұрпақты рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ұлан» стадионында «Рәміздерім мақтанышым!» атты патриоттық форумы өткізілді.
Форум «Бәйтеректей биік байрағым!» атты театрландырылған пластикалық сазды композияциясымен бастау алып, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының сарбаздарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын ортаға алып шығып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды. Алғашқы құттықтау сөз – Тараз қаласының әкімі Р.Дәулетке беріліп, Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздерінің 25 жылдығына орай қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген әр сала бойынша жыл патриоттарын марапаттап, форумның арнайы қонағы ретінде кәсіпқой бокстан ІВА және IBF тұжырымдамалары бойынша Әлем чемпионы, WBO тұжырымы бойынша Интерқұрлық чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері М.Мазимбаев жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Қаланың жас ақындары Ж.Бахатай мен А.Кадралиев өздерінің арнау өлеңдерін оқып, шара патриоттық бағыттағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Форум қорытындысы бойынша 7 жыл патриоттары қала әкімінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Марапатталған қала патриоттарының тізімі:
Тараз қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полициясының батальон командирі, подполковник – Жолдасбеков Бахытжан Жүнісбекұлы.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің Қолбасшылығының барлау ротасының полк командирі, аға лейтенант – Тайсенгиров Дулат Болатұлы
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ облыстық филиалының төтенше жағдайлар басқармасының инженері, аға лейтенанты – Жапаров Дархан Рашидұлы
Жамбыл облыстық ауруханасының кардиохирург дәрігері - Бутинбав Ғалымжан Баймолдаұлы
№7 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Белозеров Вадим Дмитриевич
Жас спортшы – (Қазақ күресінен - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Дзюдодан ҚР спорт шебері; Самбо күресінен - ҚР спорт шебері) Айтбек Айбол Думанұлы
Қаланың белсенді қоғамдық бірлестігі - «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдайтын» қоғамдық бірлестігінің ұжымы. Шараға барлығы 3000-ға жуық адам және облыстық, қалалық басылымдар мен «Қазақстан-Тараз», «77-ТВ» телеарналары қатысты.
5 маусым – Жастар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерін қадірлеуге, олардың таңбалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Жас балғын» аула клубының жасөспірімдері арасында «Рәміздерім мақтанышым!» атты қабырға газетінен байқау өтті. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
5 маусым – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінің жастарымен «Жемқорлық – менің таңдауым емес!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нүрекеева, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі А.Зархат, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, және жастар барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
6 маусым - Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №53 орта мектебінің жастарымен «Жемқорлық – менің таңдауым емес!» атты қабырға газетінен жарыс өткізілді.
Қабырға газет жарысына №53 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Құрман, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, және жастар барлығы 20-ға жуық адам қатысты.
Жарыста бас жүлдені А.Қырғызбаев, І орынды А.Шыңғыс, ІІ орынды М.Қалашова, Б.Серікова, ІІІ орынды Ш.Аязова, А.Сағынтаева жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.
6 маусым - жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жамбыл политехникалық колледжінің жастарымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ғ.Өмірзақ, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова және жастар, 40-қа жуық адам қатысты.
6 маусым – «Нашақорлықсыз өмір – жарқын болашақ кепілі!» атты акция өткізілді.
Акцияға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторлары Н.Еркінова мен Г.Еркебекова, «Арай» аула клубының жасөспірімдері мен жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.
6 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай сурет өнеріндегі талантты жасөспірімдерді анықтау, жасөспірімдерді мемлекеттік Рәміздеріміздің тарихын білуге отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» атты сурет көрмесі өткізілді. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
Көрмеге қойылған суреттерді көрермендер бағасымен қорытынды шығарылып, бас жүлдені – С.Берік, І орынды – А.Кадіров, ІІ орынды – А.Жолбарыс, ІІІ орынды – М.Ердалы иеленсе, «Көркем сурет» номинациясымен А.Ердалы, «Айқын бейне» номинациясымен Н.Нұралы лайықты деп танылды.
6 маусым – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында №43 орта мектебінің жастары арасында «Нашақорлық – ғасыр дерті!» атты кездесу өткізілді. Шараға 30-ға жуық адам қатысты.
6 маусым– жастардың құқықтық білімін тереңдетіп, жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Арай» аула клубының жасөспірімдерімен «Жастар қылмысқа қарсы!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 20-ға жуық адам қатысты.
6 маусым - М.Шолохов атындағы қалалық кітапханасында «Жолдауға қолдау жастардан!» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін-проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Алтынбек, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, М.Шолохов атындағы қалалық кітапханасының қызметкерлері және жастар, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.
6 маусым – «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай №3 спорт алаңшасында «Бар мейіріміміз балаларға!» атты спорттық жарыс өткізілді. Іс – шараға барлығы 50-ден аса адам қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша І орынды «Жас балғын» аула клубынан «Қыран» командасы, ІІ орынды «Ботақан» аула клубынан «Найза» командасы, ІІІ орынды «Арай» аула клубынан «Сұңқар» тобы және «Балауса» аула клубынан «Серпер» командалары арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
7 маусым - Абай атындағы орталық кітапханасында «Жаһандық жолға – жүйелі жолдаумен!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дін-проблемаларын талдау секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Б.Алтынбек, «Күлтөбе» пікірсайыс клубының мүшесі А.Байғазиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Э.Әкпар, Абай атындағы орталық кітапханасының қызметкерлері және жастар, барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
8 маусым – жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында Жамбыл политехникалық колледжінің жастарымен «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен күрес!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Жамбыл политехникалық колледжінің құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұрахан, Тараз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің полиция капитаны Ж.Ишанқұлова, Жамбыл политехникалық колледжінің полиция майоры Д.Маханов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, және жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
8 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Ботақан» аула клубында «Рәміздерім – мақтанышым!» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды А.Тұрғанбек, ІІ орынды М.Мұратұлы, ІІІ орынды Д.Орынбасарұлы иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
8, 9 маусым - Тараз қаласында «Қазақстан балалары – нұрлы болашақ» атты республикалық акциясы шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында №15 мектеп-гимназиясы мен №16 орта мектептерінде «Балалар еңбегі тоқтатылсын!» атты жастар флэшмобтары өткізілді..
Жастар флэшмобын ұйымдастырудағы негізгі мақсат – бала еңбегін пайдалану проблемалары, қоғамға тигізетін әсері, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды, үлкендер мен балаларды ақпараттандыру. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың орын алмауы, ата-аналардың бала құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұғылмауының алдын алу болып табылады. Іс-шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
8 маусым - Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қылмыс түрлері және оған қолданылатын жазамен таныстыру, жастардың құқықтық білімдерін кеңейту, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Балауса» аула клубында «Қылмыстың түбі жаза!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
10 маусым – жастар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерімен жан-жақты таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне шолу жасау арқылы жастарға мемлекеттік Рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, Отанды сүйе отырып құрметтеуге үйрету, өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында №43 орта мектебінде «Рәміздер – ұлт мақтанышы!» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке барлығы 80-ге жуық адам қатысты.
10 маусым – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Тараз мамандандырылған колледжінің жастарымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Тараз мамандандырылған колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Каисова, Жамбыл облысы бойынша Жастар маслихатының екінші шақырылым депутаты Е.Әбдиев, Жамбыл медициналық колледжінің студенттік кеңес ұйымының төрағасы Қ.Тлеубаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, және жастар барлығы 40-қа жуық адам қатысты.
11 маусым – жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Тараз-Ғасыр» колледжінің жастарымен «Жемқорлық – індет, жою міндет!» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге «Тараз-Ғасыр» колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нұралы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл облысы бойынша мүшесі А.Зархат, Жамбыл медициналық колледжінің студенттік кеңес ұйымының төрағасы Қ.Тлеубаев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы Ә.Садықбекова, және жастар барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
12 маусым – жасөспірімдерді ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №43 орта мектебінің жасөспірімдерімен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары!» атты спорттық жарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Бүркіт» тобы, ІІ орынды «Барыс», ІІІ орынды «Сұңқар» тобы иеленіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапаттады. Іс-шараға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
12 маусым - оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыстыру мақсатында «Жас балғын» аула клубында «Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет!» атты кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 25-ке жуық адам қатысты.
13 мамыр - Жастарға діни экстремизммен мен терроризм ағымдарынан аулақ бола отырып, шынайы дәстүрлі ислам мен экстремистік діни ағымдардың айырмашылықтарын жете түсіндіру мақсатында «Балауса» аула клубында «Дін және қоғам!» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстелге 30 жуық адам қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |