«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс- əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді .
«Бейімделу» термині кең мағынада – бұл қоршаған ортаға бейімделу дегенді білдіреді. Бейімделу процесінің екі деңгейі бар, ол биологиялық жəне психологиялық. Биологиялық - бұл организмнің физикалық ортадағы өзгерістерге, ал психологиялық – бұл адамның тұлға ретінде қоғамның талаптарына бейімделуі. Психологиялық бейімделу - социумның құндылықтары мен нормаларын игеру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі көріністеріне адамның қоршаған ортамен өзара əрекеттесуі яғни қарым-қатынас жəне белсенді іс-əрекет жатады.
Отбасына бейімделу жоғарыда көрсетілген компонеттерді қосады жəне отбасылық өмірмен танысу процесінен басталады. Ал, ерлі-зайыптылардың бейімделуі деп отбасылық өмірге немесе күйеуі мен əйелінің бір-біріне бейімделуі процесін атаймыз. Осы кезең күрделі, өйткені жас ерлі-зайыптылардың тұлғасында өзгерістер болады, қажеттілік- мотивациялық сфералары қайта құрылады, жаңа өзіндік сана деңгейі қалыптасады, əлеуметтік ортамен жаңа байланыстар жасауды (қарым-қатынас) қажет етеді.