Жасушаның бөлінуі екі кезеңнен тұрады, оның бөлінуге дайындық кезеңі интерфаза, ал бөліну кезеңі митоз деп аталады



бет3/7
Дата13.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#111558
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
митоз и мейоз

Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланысқан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процес анафазаның басталғанының белгісі.

Анафазада центромерлер бөлінеді де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.

Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпақ жасушаларына бөлінеді.


Фазалары

Сипаттамасы

Профаза

Ядрошықтар мен ядро қабығының бұзыла бастауы

Хромосомалар шиыршықтанып қысқарып, жуандауы

Хромосомалардың жасушаның экваторына жинақтала басталуы

Прометафаза - жасуша орталығының центриольдері жасуша полюстеріне таралып, бөліну ұршығының жібін түзе бастауы.



Метафаза

Хромосомалардың екі хроматидалары метафаза пластинкасын түзуі Хромосомалардың жасушаның экваторына жннақталуы.

Әрбір хроматидаға бөліну ұршығының жіпшелері бекінуі



Анафаза

Екі хроматида центромерасының косылған жерінен үзілуі

Бөліну ұршығы жіпшелері қысқарып, хроматиданы екі полюске тартуы

Хромотидалардың ДНҚ-қа ыдырап. хромосомаға айналуы


Телофаза

Екі жас жасушалар денесінің қалыптасуы Профазаға қарама-қарсы фаза

Ядро, ядрошық қалыптасуы.

Карионкинез аяқталып, цитокннезге бастама болуы.


Цитокинез

Органоидтардың біркелкі таралуы, жасушалардың сыртқы мембраналарының қалыптасып, цнтоплазма желісі жойылуы

Митоз нәтижесі

Хромосома жиыны бірдей жас екі жасуша пайда болады.

Органоидтер саны мен құрамы, цитоплазма мөлшері мен құрамы бойынша бірдей келеді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет