Жақұты бар жанға жасыл түспес



Дата16.10.2023
өлшемі23,5 Kb.
#185761
Байланысты:
иассауи тәрбие сағаты
26 Робот

Жақұты бар жанға жасыл түспес.
Мынандай бір тәмсіл сөз бар. Асыл тас әр түрлі болады. Адамдар оны жүзікке көз етіп салады. Сондай жүзікті саусағына салған адамға ешқашан жасыл түспейді. Тіпті оның табиғи қасиеті соншалықты, бөзге орап отқа тастасаң, бөз де, тас та жанбайды. Бұл тәжірибеден өткізілген. Егер әбден шөлдеген адам сол жақұтты таңдайына салса, шөлін басады.
Өнегеңмен үлгісің,ұлы баба.
/Қожа Ахмет Яссауи туралы/
Көрнекіліктер:
а/ Түркістан-екі дүние есігі ғой,
Түркістан-екі дүние бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген несібі ғой.

ә/Қожа Ахмет Яссауидің суреті

б/Кітаптар: «Түркістан», «Диуани хикмет»,слайдтар.

І-жүргізуші:
Мұрагермін,мұраңды жалғастырар ұрпақпын,
Яссауиден нәр алып,хикметін ұқпақпын.
Көз жүгіртіп қарайық,хикметке халайық,
Өміршең үлгі алып,әрқашанда басшылыққа алайық..

Ұлы бабамыздың аруағына арналған кешімізді бастаймыз. Қожа Ахмет Яссауи бабаларыңның кім болғанын,өмірі жайлы білесіңдер ме?


1-оқушы
Қ.А.Яссауи Исниджабта /Сайрамда/ дүниеге келген.Сол қалада балалық,жастық шағын өткізген.

2-оқушы
Анасының есімі-Қарашаш, әкесі-Ибрахим,сол кезде мешітте шырақшы болған,сауатты,көзі ашық адам болған.Бірақ,ол ата-анасынан жетім қалып,әпкесі Гаухардың тәрбиесінде болған.

3-оқушы.
Жастайынан өте зерек,білімді,дінге берілген Қожа Ахмет Бұхардағы медресені бітіріп,сол кезде қалың да, көлемді құран кітабын жатқа айтатын болды. «Диуани хикмет»даналық кітабын жазған. 63 жасында жер асты қылуетке түскен.

Жүргізуші:
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың балалық шағынан көрініс.

Автор
Қожа Ахметтің әкесі дін жолын ұстаумен қатар диқан да болған.Бірде ол жерге аяғының ұшын тіреп қойып,шоқиып отырып,пияздың арам шөптерін теріп жатады.
Ахмет
-Әке,неге шоқиып отырсыз? Аяғыңыз ауырмай ма?
Әкесі
-Егінімді зиян шөп басып кетіпті, соны тазалап отырмын.
Ахмет
-Бұлай аяғыңызды ауыртқанша «пайдалың қал, зияның кет» демейсіз бе?
Әкесі
-Әкеңді әулие деп пе едің, менде ондай қасиет жоқ..
Ахмет
-Орныңызды тұрыңызшы. Е,алла тілегімді қабыл ал! «Пайдалың қал,зияның шық» Әумин!
/Сол күннен бастап Ыбырайым баласының әулиелік,көріпкелдік қасиетіне бас иген/
Мұғалім
Яссауи бабамыздың даналығы өзінің «даналық» кітабында айқын көрінеді.Онда ислам дінінің төрт алтын діңгегі: мағрипат,шариғат,хакиқат мадақталады.

1-оқушы
Мағрипатта-ғылым-білімді жырлайды.
2-оқушы
Тарихатта- о дүние,құдайға құлшылық етудің жол жүйесін көрсетеді.
3-оқушы
Хакиқат-сопылық туралы ілім.
4-оқушы
Шариғат-мұсылмандық жолының заңдылықтары.
Жүргізуші
Қожа Ахет атамыз имандылықтың туын жоғары көтеріп,имансыздық атаулымен күреседі.
Есің болса өкпелеме жалғанға,
Ертеңінді,алдағыны арманда.
Пенде болсаң түзет мінез-құлқыңды
Бой алдырма қызықтарға бір күнгі.
Әр нәрсеге олақ болып теңселме,
Имансыздан қайыр күтпе өлсең де.
Мұғалім
Яссауи даналығының жоғары үлгісі қандай жағдайда болмасын сабырлықтан айырылмау, қандай ауыртпалық заман келсе де, артынан берекелі кезең де келетініне үміт пен сенімді жоғалтпауды паш етеді.

5-оқушы
Сабырлық білдіру,адамдық қадір-қасиетті жоғары биікке көтере білу. Қожа Ахмет бабамыздың даналық сөздерінің бірі.
Мұғалім
-Иә,балалар,Яссауи бабамыздың даналығын байқаймыз. Қорыта келгенде,ол:
-Халқыңа,еліңе әділ бол,жаныңды Отан құрбаны қыл;
-Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аяма,жомарт бол;
-Дүниеқұмар,боққұмар,пейілсіз болма.
-Қанағат,рақым сақта;
-Үлкен сөзін,ғұлама сөзін,ұстаз сөзін,ақылдарын екі кетпей тыңдап,ұғын,нағыз тура жол осы,-дейді.
Ахмет Йасауи –білімпаз ғалым,ақын,ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы.Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып,қазақ жерін Үнді,Қытай,Еуропамен байланыстырған,Түркістан қаласында тұрған.

Йасауи ата-анасынан 7жасында жетім қалып,Түркістанда


(ол кезде Йасы деп атаған)апасының қолында тәрбиеленді.


Йасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.Ол бүкіл өмірін исламды


уағыздауға,шәкірт тәрбиелеуге арнады.Ал 63жасында жер астынан 1кісілік жертөле қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім,бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады»-деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген,73жас ында


қайтыс болған.Ибраһим,Гауһар есімді ұл-қызы бар екен,ұлы жастай қайтыс болыпты.


Екі ұстазы болған:Арыстан баб және Қожа Иусуф Хамадани.


Екеуі де дүниеге қызықпайтын ,дін тазалығын,адамдық жолын ұстаған кісілер еді.Қожа Ахмет Йасауи де өзіне осы жолды таңдады.


2.Әдебиетші Фариза не дейді екен?


Жауабы:Йасауи жер астында отырып,соңғы он жылында


«Хикметтер»атты кітабын жазған. «Диуани хикмет» кітабы ,Диуани-жинақ,хикмет-алланың құдірет күші,яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап»деген мағынаны білдіреді.


«Диуани хикмет»-дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы,оның түп нұсқасы сақталмаған.


« Диуани хикмет»-әрбір адамды имандылыққа ,ізгілікке,адамгершілікке бағыттайтын,тәрбиелік мәні аса зор


еңбек.

3.Ахмет Йасауи тұрған Түркістан қаласы туралы археолог

не айтар екен?


Түркістан-бабалардың көне қаласы.Ол Қаратау менСырдария


өзенінің ортасында ,Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.


Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған.Ақын


Қожа АХметтің Ясауи болатыны осы тұс.Ата-бабаларымыз


көне заманнан Түркістан топырағына барып, тәу етіп,қасиет тұтқан.Көне Түркістан топырағында 81хандар,билер,


батырлардың сүйегі жерленген.


Мұғалімнің сөзі:


Ғалымдар таянышта көрсетілген мәселелерге жауап берді.


Олардың пікірлерін жинақтайтын болсақ, «Диуани хикмет»-


«Даналық кітабы» 12ғасырда жазған,149 хикмет бар.


Бұл кітапта ислам дінінің 4алтын діңгегі: «Мағрипат», «Тарихат», «Хақиқат», «Шариғат» мадақталады.


Бекіту.1. Сөздік жұмысы.


Сопылық-ислам дініндегі бір ағым,рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.


Қылует-халуат деген сөзден шыққан,жер астында бір кісілік жертөле.


Күпірлік-асып-тасқандық


2.Йасауи сақтандырған 5нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау,кестені толтыру:


Йасауи: Абай:


1.Алланың ақ жолын мойында 1.Өсек


2.Менмен,тәкәппар болма 2.өтірік
3.Арыңды сатпа 3.мақтаншақ
4.Арамдықтан аулақ бол. 4.еріншек.
5.Еріншек болма. 5.бекер мал шашпақ
Оқушылар осылай кесте толтырды.

Мұғалім: Абай мен Ахмет ілімінің үндестігі байқала ма?


Бізді неге тәрбиелейді,қандай болуымыз керек?


«Хикметтерімді білімділер қолына алсын,


Мақсаттары ойға алған орындалсын-деп нені көздеген,

кімдерге арнаған?(ойларын айтып,пікірлеседі)


4.Қорытындылау.Бәріне ортақ тапсырма беріледі.


Алған білімімізді жинақтап, «Йасауиды тану»картасын толтырамыз:


Мұғалім: Оқушы:


1.Ахмет Йасауи кім? Ғалым,ақын,ойшыл


2.Қайда туған,қай жерде тұрған Сайрамда туып,Түркістанда
тұрған

3.Қанша жыл өмір сүрген? 73 жасында қайтыс болған


4.Қандай еңбегін білесің? «Диуани хикмет»атты кітабы
5. «Диуани хикмет»нені
Уағыздайды?

Алланың ақ жолын уағыздайтын


кітап
5.Бес жолды өлең жазу. Ақын

білімді адал


ойлайды айтады жазады


Ахмет-сопылық әдебиеттің өкілі


Ахмет
6.Мұғалімнің сабақты қорытындылауы:Ахмет Йасауи сынды ұлы ойшылымыздың мұраларын талдап,ұғыну-біздің борышымыз.


Алланың ақ жолын,ислам дінін уағыздауымыз керек.


Йасауидың ойлары мәңгілікке жалғасын таппақ.Ақынның кесенесін қазақ халқы қасиетті жер есебінде құрметтейді.




Өзі өлсе де,еңбектері өлмейді,яғни ақын да өлмейді деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет