Құжаттарды нотариаттық куәландыру



Дата06.12.2023
өлшемі21,05 Kb.
#195282
Байланысты:
Құжаттарды нотариаттық куәландыру


Құжаттарды нотариаттық куәландыру.
Жоспары:
1. Мəмілелерді куəландырудың жалпы ережелері
2. Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куəландыру
3. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқаулығын куəландыру
4. Құжаттардың аудармасының дұрыстығын куəландыру
5. Азаматтың тірі табылу жəне азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісін куəландыру
6. Құжаттардың көрсетілу уақытын куəландыру

1. Мəмілелерді куəландырудың жалпы ережелері


Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанда мəмілелерді куəландырады. Тараптардың тілегін заңмен міндетті нотариаттық нысанмен белгіленбеген мəмілелер мен басқа да мəмілелер куəландырылуы мүмкін.
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мəмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге жəне оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сəйкес келетінін жəне заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.
Егер мəміле жасау сəтінде əрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус мəмілені куəландырудан бас тартуға тиіс. 14 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың атынан мəмілелерді олардың ата-аналары, ал əрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан-қамқоршылары жасайды. 14-тен 18 жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-аналарының, ал əрекет қабілеттілігі шектелген адамдар – қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Кəмелетке жасы толмағандар, қамқорлыққа алынғандар атынан қамқоршылар мəміле жасау үшін немесе оларды заңда көрсетілген жағдайларда жасау үшін қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарының келісімі талап етіледі. Тіркелуге жататын қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу жəне кепілге салу туралы мəлімдемелер иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке деген құқықты растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куəландырылуы мүмкін.
Мəмілелердің мазмұны баяндалатын нотариаттық тəртіпте куəландырылатын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы тиіс, оныңбіреуінотариустақалады, бірақмəмілегеқатысушылардың санынан артық болмауға тиіс.
Қолданып жүрген заңдарға сəйкес мəміленің мынандай түрлері міндетті нотариаттық куəландыруға жатады:
1) тұрғын үйлерді иеліктен шығару, яғни сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмір бойы асырау шартымен иеліктен шығару жəне кепілге салу туралы шарттар;
2) өсиеттер;
3) мүліктік басқаруға, егер заңда өзгеше көрсетілмесе, нотариаттық куəландыруды талап ететін мəмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар;
4) шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылық құжаттары;
5) неке келісімшарттары.
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мəмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге жəне оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сəйкес келетінін жəне заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.
Егер мəміле жасау сəтінде əрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус мəмілені куəландырудан бас тартуға тиіс.
Мəміле жарамсыз деп танылғанда немесе ол тараптардың келісімі бойынша бұзылған жағдайда нотариус бұл жөнінде тізілімде осы туралы белгі қояды жəне иеліктен айырушыға құқық беретін құжаттарды қайтарады. Бұл ретте бұрын алынған мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылмайды. Мəмілелердің мазмұны баяндалатын нотариаттық тəртіпте куəландырылатын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы тиіс, оның біреуі нотариуста қалады, бірақ мəмілеге қатысушылардың санынан артық болмауға тиіс.
2. Құжаттардың көшермелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куəландыру
Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген жəне заңдық мəні болған жағдайда куəландырады. Нотариустың заңды мағынасы жоқ жеке хаттарды, монографияларды, мақалаларды, кiтаптарды, газеттiк шығарылымдарды жəне де нормативтiк құқықтық актiлердiң жəне басқа да құжаттардың көшiрмесiнiң дұрыстығын куəландыруға құқығы жоқ.
Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куəлік көрсетілген кезде ғана куəландырылады. Нотариус құжаттың көшірмесінің дұрыстығын күші тоқтатылған құқық қатынастары баяндалған деген негізбен (мысалы, мерзімі өтіп кеткен сенімхат көшірмесін) куəландырудан бас тартуға құқылы емес. Нотариус тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың, немесе егер құжат қарындашпен жазылса, мəтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбағанжəне бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық емес, өшіріліп қалған құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куəландыруға құқылы емес.
Нотариалды куəландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дəлме-дəл мəтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мəтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куəландыру жазбасы, оның қолы жəне мөрдің бедерлемесі қойылады.
Бірнеше беткежазылған құжат көшірмесі сақталыпжасалуға тиіс. Нотариус шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куəландыруды құжатта ресмилендіру туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты ресмилендіру немесе апостиль талап етілмейді.
Құжаттан алынған көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке-жеке мəселелердің шешімі болған жағдайда куəландырылады. Көшірмеде құжаттың белгілі бір мəселе бойынша бөлігінің толық мəтіні қайталануға тиіс. Бірнеше жеке-жеке, бірақ өзара байланысты бір тұлғаға қатысты (жеке де, заңды да) мəселелері бар құжаттан алынған жазулардың дұрыстығы куəландырылмайды.
Азамат берген құжат көшірмесінің дұрыстығы жеке тұлға қолының дұрыстығын заңда белгіленген тəртіппен нотариус немесе нотариаттық іс-əрекет жасауға заңмен өкілеттік алған лауазымды тұлға куəландырған жағдайда куəландырылады.
Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тəртіпте куəландырылған болса жəне оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға ғана куəландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге жəне оның түпнұсқа құжат құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.
Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куəландыру тəртібі құжаттың көшірмесін куəландыру ережелеріне ұқсас. Бұл ретте көшірмеден алынған көшірменің дұрыстығыонда арнайынысандағы куəландыру жазуын жазу жолымен куəландырылады. Тізілімде құжаттың мазмұны мен деректемелері, сондай-ақ көшірмені алғаш куəландырған орган туралы жазу жазылуға тиіс.
3. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куəландыру
Нотариус мазмұны заң актілеріне қайшы келмейтін жəне құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куəландырады. Нотариаттық əрекет жасату үшін нотариусқа арызды өзі берген адам қолының дұрыстығы арыз берумен қатар (жұбайының мүлікті иеліктен шығаруға келісім беруі жəне т.б.) арыз берушінің жеке басы анықталады, ал оның қолының дұрыстығы жеке басын куəландыратын құжат негізінде тексерілді деген нотариустың қол қоюымен (тізбеде тіркелмей) куəландырылады. Нотариус құжатта 14 пен 18 жас аралығындағы кəмелетке толмағандардың қолының дұрыстығын ата-аналарының бiреуiнің (асырап алушының, қамқоршының) қатысуымен, ал əрекет қабiлеттiлiгi шектеулi адамдардың – қамқоршылардың келiсiмiмен куəландырады.
Өсиетті жою, сенімхатты жою туралы, мұрадан бас тарту, өсиетті орындаушының келісімі туралы, бірге иемденушіні тұрғын үйдің (пəтердің) бөлігін сатуды хабардар ету туралы арыздар міндетті нотариаттық куəландыруға жатады.
Азаматтың құжатқа қойған қолының дұрыстығын куəландыра отырып, нотариус құжатта жазылған фактілерді куəландырмайды, ол тек қолды белгілі бір адамның қойғанын растайды. Қолдардың дұрыстығын куəландыру кезінде нотариус осы Нұсқаулықтың 16, 17-тармақтары бойынша азаматтардың əрекетке қабілеттілігін анықтайды
Егер құжатта куəландыру құқығы мемлекеттік органға берілген жағдайлар көрсетілген болса (мəселен, туу, неке қию, қайтыс болу уақыты жəне т.б.), азаматтың құжатқа қойған қолының дұрыстығы куəландырылмайды.
Банкке ұсынылатын, қолдардың үлгілері мен заңды тұлға мөрінің үлгісі бар карточкалардағы заңды тұлғалар лауазымды адамдары қолдарының дұрыстығын куəландыру кезінде нотариус заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін, сондай-ақ қолдың дұрыстығын жəне лауазымды адамның қол қою өкілеттіктерін тексереді. Қол қою құқығына заңды тұлғаның құқық қабілеттілiгiн жəне лауазымды адамның өкiлеттiгiн растайтын құжаттардың көшiрмесi нотариуста қалады.
4. Құжаттардың аудармасының дұрыстығын куəландыру
Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куəландырады. Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куəландырылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасауы мүмкін. Бұл ретте нотариус осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сəйкес аудармашының өкілеттігін тексереді жəне жеке басын анықтайды. Аудармашының өкілеттігі оның біліктілігін растайтын (білімі туралы диплом, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрық жəне т.б.) құжат бойынша тексеріледі.
Егер аударманың дұрыстығын куəландыру үшін шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжат ұсынылса, мұндай нотариаттық əрекет құжатта оның ресмилендірілгендігі немесе апостилi туралы белгі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Егер нотариаттық əрекет жасау кезінде (мəмілені куəландыру, көшірменің дұрыстығын куəландыру жəне т.б.) бір мезгілде басқа тілге аудару да жүзеге асырылса, онда аударма түпнұсқамен бір бетте жазылады, түпнұсқа оң жақта, аударма сол жақта тұратындай етіп тік сызықпен сызылған бір бетте аударма түпнұсқамен бірге, екі мəтін қатар орналастырылады. Аударма аударылатын құжаттың бүкіл мəтінінен жасалуға (соның ішінде куəландыру жазуы, құжатты ресмилендіру туралы жазба жəне т.б.) жəне қойылған қолдармен аяқталуға тиіс. Аударма астына аудармашының қолы қойылады. Куəландыру жазбасы құжат мəтінінің жəне оның аудармасының астына жазылады.
Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тəуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық əрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып жəне заңмен белгіленген тəртіппен жүргізіледі. Құжатты шет тілден орыс тіліне аударудың дұрыстығын куəландыру кезінде аударма жеке парақта жасалады жəне түпнұсқа құжатпен бірге (тууы туралы, неке туралы куəліктерден, төлқұжаттардан, сондай-ақ əртүрлі куəліктерден, кредиттік карточкалардан, автокөлік құралдарына жүргізушілік құқықтары мен техникалық төлқұжаттарынан басқа) тігіледі.
Түпнұсқадан бөлек мəтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады жəне нотариустың қолымен жəне оның мөрімен бекітіледі.
5. Азаматтың тірі табылу жəне азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісін куəландыру
Нотариус мүдделі (жеке де, заңды да) тұлғалардың жазбаша арызының негізінде азаматтың тірі табылу фактісін куəландырады. Жеке адамның тірі табылу фактісі адамның нотариаттық органға келуіжағдайында да, нотариустың бұлфактіні нотариаттық кеңседен тыс жерде куəландыруы жағдайында да белгіленеді. Жеке тұлғаның тірі табылу фактісін белгілеу үшін нотариустың оның жеке басын жеке басты куəландыратын құжат бойынша тексеруі жеткілікті. Кəмелетке толмаған адамның тірі табылу фактісін куəландыру оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-ақ кəмелетке толмағанды қорғауына алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Кəмелетке толмаған адамның жеке басы оның заңды өкілдерінің сөзі бойынша белгіленеді.
Нотариус кəмелетке толмағанның жеке басын анықтау бойынша қосымша шаралар (көршiлерден, мұғалiмдерден жəне т.б. сұрау) қолдануы мүмкiн. Азаматтың тірі табылу фактісін растау түрінде мүдделі адамдарға куəлік беріледі. Бұл куəліктің бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде сақталады.
Нотариус мүдделі (жеке немесе заңды) тұлғалардың жазбаша арызы бойынша жеке адамның белгілі бір жерде табылу фактісін куəландырады. Азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісі оның нотариаттық органға келуі жағдайында да, бұл фактіні нотариус нотариаттық кеңседен тыс жерде куəландырған жағдайда да белгіленеді. Кəмелетке толмаған адамның белгілі бір жерде табылу фактісін куəландыру оның заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының), сондай-ақ кəмелетке толмағанды қамқорлығына алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Азаматтың белгілі жерде табылу фактісін белгілеу үшін нотариус оның жеке басын жеке басты куəландыратын құжат бойынша анықтайды.
Кəмелетке толмағанның жеке басы анықталады. Аталған фактіні растау түрінде мүдделі адамдарға куəлік беріледі. Куəліктің бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде қалады.
6. Құжаттардың көрсетілу уақытын куəландыру
Нотариус құжаттардың көрсетілу уақытын жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша арызы негізінде куəландырады. Көрсетілу уақытын куəландыру жүзеге асырылатын құжаттар əртүрлі болуы мүмкін – өнертабысты сипаттау, басқа ғылыми жəне əдеби шығармалар, іссапар куəліктері жəне т.б. Құжаттарды көрсетілу уақытын куəландыру кезінде нотариус жеке тұлғаның жеке басын, не құжатты ұсынған заңды тұлға өкілінің өкілеттіктері мен жеке басын анықтайды.
Көрсетілген уақытын куəландыру қажет құжат нотариусқа кемінде үш данадан беріледі. Егер үш түпнұсқа дананы беру мүмкін болмаса, онда нотариус осы құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куəландырады (нотариатты түрде немесе жай қол қою арқылы) жəне əрбір данада берілген уақыты туралы куəландыру жазуын жазады. Мұнда түпнұсқаны қоса отырып екі дананы, қажет болған жағдайда бір дананы тиісті адресатқа жолдау мүмкіндігі болу үшін мүдделі адамға береді, бір данасы нотариаттық органның (нотариустың) істерінде қалады. Егер нотариусқа бір мезгілде бірнеше құжат берілсе, куəландыру жазуы олардың əрқайсысына жазылады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет