Құжаттармен жұмыс



бет2/2
Дата05.07.2022
өлшемі161,67 Kb.
#147297
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
document name (2)

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1. «Мозайка» әдісі арқылы төрт топқа бөлінеді. Бұлт түрлері арқылы топқа бөлудегі мақсатым: тиімді қарым-қатынас арқылы қолайлы орта құру. Бұлт түрлері суретке бөлшектелген үлестірме қағаздары түрінде таратылады. Бөлшектерді құрап, толық суретке сәйкес топқа бөлінеді. (бұлт түрлері бейнеленген сурет беттерінде төрт түрлі сөздер жазылады: жеке бұлт, ортақ бұлт, қоғамдық бұлт, аралас бұлт) І топ: Жеке бұлт ІІ топ: Ортақ бұлт ІІІ топ: Қоғамдық бұлт ІV топ: Аралас бұлт
2. «Ашық микрофон» әдісі Мақсаты: өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, оқушыларды шапшаңдыққа, ойын жинақтауға тәрбиелеу. Нұсқау: үй тапсырмасын қорытындылау үшін «Ашық микрофон» сұрақтарына жауап беру. 1. Ақпараттың қасиеттерін атаңыз? 2. Ақпаратты оның қасиеттері арқылы бағалаңыз? 3. Компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты қауіптерге мысал келтіріңіз? Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер арқылы бағаланады. 3. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың мақсатын анықтау. - Ақпаратты қалай сақтаймыз? - Ақпаратты сақтаудың қандай тиімді жолдарын білесіздер?

Сабақтың ортасы

Тапсырма 1 Мәтінмен жұмыс «Кейс- стади» әдісі (жеке, жұптық, топтық) Мақсаты: Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау. 1-қадам. Оқулықтағы тақырыппен жеке танысып, маңызды мәліметті түртіп алады. - құжаттармен бірлескен жұмыс жасау үшін бұлттық технологияны және оның тиімділігін анықтайды. Мысалы: 1. Бұлттық технология 2. Бұлт моделі 3. Бұлттық технологияның тиімділігі 2-қадам. Топта талқылайды: - Бұлтты технологияның түрлерін біледі және құжаттармен бірлескен жұмыс жасауды жүзеге асыруды талқылайды. 3-қадам. Басқа топтармен бөліседі. Бағалау критерийі Дескрипторлар Бұлтты технологияларды қолдана біледі, құжаттармен жұмыс жасай алады. - Бұлтты технологияларды қолданады. - Бұлтты технологияларды қолданады, құжаттармен бірлесе жұмыс жасай алады. - Бұлтты технологияның тиімді жақтарын пайдалана отырып, оларды мақсатына қарай шығармашылық деңгейде қолданады Қалыптастырушы бағалау: «Бір ауыз сөз» әдісі. (топтық бағалау) Тапсырма 2. «Ойлан-жұптас» әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау. (Ұжымдық жұмыс, практикалық жұмыс) А деңгейі. Сәйкестендіру. Аралас бұлттар Қоғамдық бұлттар Ортақ бұлттар Жеке бұлттар В деңгейі. Google drive қызметін пайдалана отырып, «Менің мектебім» қапшығын жасап, жүктеңіз. С деңгейі. Бұлттық технологияларды қолдана отырып, олардың құжаттармен бірлескен жұмыстағы байланысын анықтаңыз. Бағалау критерийі Дескрипторлар Бұлтты технологияны қолданып және құжаттармен бірлескен жұмыс істей алады. -Бұлттық технологияның түрлерін анықтай алады. - Google drive қызметін пайдаланып, «Менің мектебім» қапшығын жасайды, жүктейді. - Бұлттық технологияларды қолдана отырып, олардың құжаттармен бірлескен жұмыстағы байланысын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау: моноблок, планшет, ұялы телефон суреттері арқылы бағалау. Тапсырма 3. Ой толғау үшін «Синквейн» әдісін қолдану Бұлттық технологияның мүмкіндіктерін «Бұлттық технология» тақырыбында синквейн құру арқылы келтіріңіз. Нұсқаулық 1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде) 2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіру (екі сын есім түрінде) 3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс-әрекет жазылады (етістік, көсемше) 4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі. 5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора жазылады) Бағалау критерийі Дескрипторлар Бұлттық технологияның мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде қолданады - Бұлттық технологияның түрлерін біледі. - Бұлттық технологияны өңдеп, сақтау арқылы қызметін анықтайды. - Бұлттық технологияның мүмкіншіліктері мен тиімділігін біледі. - Синквейн әдісіндегі тірек сөздер пайдаланады. Қалыптастырушы бағалау: моноблок, планшет, ұялы телефон суреттері арқылы бағалау.

Сабақтың соңы

«Аяқталмаған сөйлем» Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: -Бүгінгі сабақта мені қуантқан .... - Менің түсінгенім .... - Бүгін маған .... сәті түсті. - .... қиындық тудырды. - Қызықты болғаны ... - Сабақтан соң маған .... келді. - Бүгінгі сабақта мен .... түсіндім, .... білдім, .... жасай алдым. Үйге тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбында презентация әзірлеп Google drive-қа жүктеп, сақтаңыз.

Рефлексия

Блоб ағашы

Құжаттармен жұмыс

Ой толғау үшін «Синквейн» әдісін арқылы «Бұлттық технологияның» мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет