Құжаттың атауы


-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі116,19 Kb.
#82116
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 күн тапсырмалары

1.5-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары
Бағалау әдістерінің валидтілігін, сенімділігін және объективтілігін бағалаңыз:
Ж (жоғары деңгей)
Т (төмен деңгей)





Бағалау тәсілдері

Валидтілік

Сенімдік

Объективтілік

1

Көп таңдауы бар тест тапсырмалары

Т

т

т

2

Эссе

Ж

ж

ж

3

Сәйкестендіру

Ж

ж

ж

4

Топтық жоба

Ж

ж

т

5

Тәжірибелік жұмыс

Ж

ж

ж

6

Бақылау

Ж

т

Ж

7

Сауалнама

Т

т

т

8

Өзін-өзі бағалау

Т

т

Т

9

Бірін-бірі бағалау

Ж

ж

ж

10

Рөлдік ойын

ж

ж

ж

1.6-тапсырма. Төменде берілген үзіндіні оқып шығып, тест әзірлеу процесі бойынша өз түсінігіңізді тұжырымдаңыз.
Тест тапсырмаларын құрастыру – өнер ме, әлде ғылым ба?
«Білім берудегі өлшем» (Educational measurements, 2006) кітабынан үзінді

Тест әзірлеудің тиімді тәжірибесі туралы бізге белгілі бірқатар деректер соңғы 60 жыл ішінде осы тақырып бойынша бірнеше табысты оқу құралын шығарған сарапшы мамандардың пікірлерінен, сондай-ақ тәжірибе жүзінде тест әзірлеумен айналысқан мамандардың тәжірибесінен туындайды. Тест тапсырмаларын әзірлеуге эксперименттік тұрғыдан дизайнды зерттеуге арналған зерттеулер де біршама әсер етті.


Мән-мағынасы айқын, күрделілік деңгейі жоғары тест тапсырмасын әзірлеу процесі нағыз өнер деп санайтын тест әзірлеуші мамандар бар, олардың бұл пікірінің де жаны бар. Бағалау тарихында әлі күнге дейін айқындалмаған мәселе – тест әзірлеушілердің тест тапсырмаларының мазмұнын, оны әзірлеу ресімдерін қандай дәрежеде зерттеп-зерделегені болып табылады, бұл тест әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде, яғни тест дизайнын ойластырудан бастап тестілеу және бағалауға дейінгі тест әзірлеудің тұтас процесін бағыттап отыратын дәлелдемелерге ғылыми тұрғыдан берік негізделуі тиіс. Тест әзірлеудің ғылыми негізделуі бұл кәсіби тұрғыдан зерттеп-зерделеуді қажет ететін мәселе болып табылады.
Тест құрастырудың қажеттілігіне орай ғылыми компонентке негізделетіні туралы тұжырым жасау тест құрастырудың валидацияда (дұрыстығын растауда) маңызды рөл атқарады деп тұжырымдағанмен бірдей болады. Тест әзірлеудің білім алушылардың оқу нәтижелерін және соларға негізделген қорытындыларды айқындап, тұжырымдауда аса маңызды екендігі сөзсіз.
Тест нәтижелерін дұрыс қорытып шығаруы тиіс тест әзірлеуші маман ең алдымен ​​тест спецификациясын мұқият зерделеп, олардың қалай есептелгенін, тест құрастыру процесін және мүмкіндігінше, бір немесе бірнеше қолданылған тест формаларын зерттеуі тиіс. Бұл тест «мазмұнының валидтілігін» бағалау мәселесі ғана емес; тест әзірлеу көптеген валидтілік аспектілеріне, көптеген қорытынды түрлеріне әсер етеді. Бұрын тест әзірлеу жалпы өнер ретінде қарастырылды деуге болғанымен, бұл оны толыққанды сипаттай алмайды. Қазіргі кезде тест құрастырудың анағұрлым берік ғылыми негіздемесін қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.


Қорытынды:
Мен оқушылардың білімін тест әдісімен жиі бағалап отырамын.
Тест дегеніміз- біртіндеп күрделенетін жеке адамның білімі мен басқа да қасиеттерін түпкілікті түрде сенімді бағалай алатын, бір-біріміен тығыз байланысты тапсырмалар жиынтығы.Бұл оқушыны тез ойлауға, ұқыптылыққа, пәнді тереңірек меңгертуге ықпал ететін әдіс екендігін өмір тәжірибесі үйретуге: тест жұмысын орындау арқылы оқушы сол пәннен алған білімін біріктей түседі. 
Тест әдісін қайталау сабақтарында, әр тарау соңында, тоқсан аяғында, әр сабақта қолданамын. Тест әдісінің артықшылығы мен кемшіліктері де болып жатады. Атап айтсақ:
Артықшылығы- тестілеудің тіздігі және оқушыларды бағалаудың қарапайымдылығы. Тест жұмысын орындау арқылы оқушы сол пәннен алған білімін беріктей түседі және көбірек ізденуді талап етеді.
Компьютерде тестік бақылау өткізудің артықшылығы бар. Пәндердің бәрінен дерлік тестік бақылау алуға компьютерді қолдануға болады. Компьютер бір мезгілде топтың не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың аты-жөндері әртүрлі болғандықтан, экранға сауалға даярланған жауаптар шыққанды, әр мониторда түрлі ретпен орналасады. Оқушы қай нөмерлі жауапты дұрыс деп есептесе, сол цифр жазылған пернені басутиіс. Берілген жауаптың дұрыстығын экранға шығаратын хабарлардан білуге болады. Сауалдарға ойланып, жауап беру үшін белгілі уақыт беріледі. Егер осы уақыт ішінде жауап алынбаса, онда оқушы білмейді деп есептелініп, келесі сұрақ экранға шығады. Компьютер дұрыс жауаптар санын есепке алып, текст соңында қорытынды баға қояды.
Кемшіліктері- жорамал жауаптар мүмкіндігі, ықтималдылығы ½, оқушылар дұрыс емес мағлұматты естеріне сақтап қалуы мүмкін, «иә» не «жоқ» деп те жауап беруге болатындай сұрақты таңдау қиындығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет