Жаттыѓу ж¦мысы


Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет24/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
chem10-1-tasks-kaz, я 7-Әдебиет ЖББ 2022-23
4.1.Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны 
 
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл 
ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай 
және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең
жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді 
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, 
тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, 
эксперт-анкета әдісі. 
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі 
синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын 
материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны 
мыналарды қамтиды:


28 
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім 
көлемін белгілеу. 
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік 
мәнін ашу. 
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау. 
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі 
жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының 
түрлерін белгілеу. 
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен 
терминдерін жасау. 
Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -
қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан 
талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін 
жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты 
нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор. 
Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын 
жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған 
мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің 
синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа 
бағдарламалар жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет