Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет41/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

орындалу тәсіліне қарай
ауызша, жазбаша, 
орындалу орнына қарай 
үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік 
талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады: 
1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет; 
2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс; 
3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек; 
4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол 
болуы қажет. 
Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы 
дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары 
мынандай элементтерден тұрады:
1.Мәтін, сөйлем таңдалады. 
2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады. 
3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады. 
4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы, 
тұрлаусыз 
мүшелері 
талданады; 
ә) 
құрамалас 
сөйлем 
компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай 
сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.
Мысалы
: Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, өйткені ол ауыл 
жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. (С.Мұқанов). 
Талдау:
Мұнда екі жай сөйлем бар. Біріншісі- бұл сөз 
Кенжетайға ауырлау тиді. Екіншісі- Өйткені ол ауыл жігіті 
болғанымен сауатты еді. Себеп-салдар салалас сөйлем, себебі 
сөйлемнің бірінші компоненті салдар мағынасында, екінші 
компоненті себеп мағынасын білдіреді. Жалғаулық шылауы- өйткені, 
себеп мәнді жалғаулық шылау.
Бірінші жай сөйлем мынадай мүшелерден құралған: 
сөз-
бастауыш, зат есімнен жасалған дара бастауыш, не деген сұраққа 
жауап береді; 
тиді-
баяндауыш, етістіктен жасалған дара баяндауыш, 
сұрағы-не істеді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет