97
бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі
жалғаулар жалғанып,
бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада
кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында
көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда
балалар мәтіндегі
сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің
жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушыларға сұрақ қойылады.
Сұрақ
алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол
сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан
кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан
соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып,
екінші тақтадағы
алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.
Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар
мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей,
тек ондағы сұраулардың
орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы
мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді:
Достарыңызбен бөлісу: