Жаттыѓу ж¦мысы



Pdf көрінісі
бет52/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

Осындай бағыттарды ала отырып, лексиканы, фонетиканы 
оқутуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: 
- сөз мағыналары, тіл дыбыстары туралы бастауыш сыныптарда 
алған түсініктерін ғылыми тұрғыда жүйелеп, қазақ тілінің лексика, 
фонетика салалары жөнінде теориялық білім беру; 
- сөздік қор, сөздік құрам тілдің сөз байлығы, сөздердің 
мағыналық топтары, олардың ішкі ерекшеліктері туралы нақты 
ұғымдар қалыптастырып, сөздерді орынды қолдану дағдыларын 
жетілдіру; 
- тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің ой дәлдігін 
берудегі көріктеуіш тәсілдерін таныту арқылы сөзді талғап, саралап 
қолдануға машықтандыру; 
- лексикалық және фонетикалық білімді тілдің қоғамдық сипаты 
мен танымдық рөлін игертуге қарай бағыттау, коммуникативтік дағды 
қалыптастырудың базасы ретінде пайдалану; 


52 
- сөздердің стильдік реңіктерін таныту арқылы тіл мәдениетін 
меңгертуде этнолингвистиканы кең қамтып, оқушылардың ұлттық 
мәдениет, өнер туралы дүниетанымын кеңейту; 
- лексиканы, фонетиканы оқыту үстінде оқушыны сауатты 
жазып, әдеби тіл нормаларына сай сөйлеуге үйрету; 
- қазақ тілінің үндестік заңы, оның халықтық сипатын танытатын 
ең басты ерекшелігі екенін дәйектеу; 
- сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай 
қолдану дағдыларын дамыту. 
Қазақ тілі лексикасы мен фонетикасын оқытуда оқушының 
дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет