Жаттыѓу ж¦мысы


 Мазм±ндамалар жинаќтарына талдау жасау



Pdf көрінісі
бет84/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

1. Мазм±ндамалар жинаќтарына талдау жасау 
 
«IV-XI сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын оқып 
үйренуде алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың 
тілін байыту, дамыту, ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс, 
келісті баяндай білуге үйрету» - деп көрсетілген әдебиет 
бағдарламасының түсінік хатында. [8, 3] 
Міне, осы аталған міндетті әдебиет пен тіл пәндерінің ұстаздары 
жүзеге асыру үшін, оларға көмекші құрал ретінде «Мазмұндама 
текстерінің жинағы» ұсынылады. 
Әр жылда шыққан мазмұндамалар жинақтарын салыстырып, 
талдайтын болсақ, олардың құрамындағы мәтіндердің заман талабына 
сай өзгергендігін байқауға болады. Мысалы, 1981 жылы жарық көрген 
«Мазмұндама текстерінің жинағы» 1973 жылғы басылымға негізделіп 
жазылғанымен, оған едәуір өзгерістер, қосымшалар еңгізілген. 
Бірсыпыра аударма материалдар жинақтан алынып тасталып, олардың 
орнына төл әдебиетіміздің үлгілері берілген. 
Жаңа 
бағдарламаның 
талаптарына 
сәйкес 
тіл 
дамыту 
жұмыстарының ең негізгі түрі болып табылатын мазмұндама мен 
шығарма жаздыруда оның қай түрі, қалай жаздыру керектігі мәтін 
соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылған. 
Мұндай тапсырмалар мәтіндерге үлгі ретінде ғана берілген. Бұдан тіл 
дамыту жұмысын тіл сабақтарының тақырыбымен ұштастыра, 
байланыстыра жүргізілуі керек деген міндет туып отырғаны 
байқалады. Сондықтан да мұғалімдер жинақты пайдаланғанда, тіл 
тапсырмаларының берілген үлгісін басшылыққа алып, басқа 
мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн. 
1981 жылғы «Мазмұндама текстерінің жинағының» авторлары 
С.Омаров пен Н. Бәйділдаев мұғалімдердің пайдалануына қолайлы 
жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп 


86 
берген. Жинаққа қосымша ретінде IV-XI сыныптарда жүргізілетін 
шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары берілген. Бірақ та 
авторлар әр мектептің, әр сыныптың өзіне лайық ерекшелігін күні 
бұрын дәлме-дәл болжау қиындығын айтады. [9, 3]. Сондықтан 
мәтіндердің әр сыныпқа бөлініп берілуі мұғалімдердің өз сыныбының 
ерекшелігі мен жүргізейін деп отырған жұмыстың мақсатына қарай 
еркін таңдап алу, мәтіндерді бір сыныптан екінші сыныпқа 
ауыстырып пайдалану мүмкіншілігін жоққа шығармайды.
Жинақтағы материал IV-XI сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту 
жұмысының төмендегідей түрлерін қамтиды: 
а) ауызша әңгіме өткізу; 
ә) берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару; 
б) жай және күрделі жоспар жасау; 
в) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және шығарманың тіл, стиль 
ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша 
мазмұндау; 
г) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ 
формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе 
керісінше мазмұндау; 
д) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді негізгі 
мәселелерін ғана мазмұндау; 
е) мәтіннен цитат және эпиграф келтіре отырып мазмұндау; 
ж) берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау; 
з) шығарма жұмыстары; 
и) сөздік жұмыстары. 
Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет