Жауаптар
1. Энергетикалық биотехнология деген не? 1973 жылы энергиялық дағдарыс, 1986 жылы Чернобыль апаты, және сондай сияқты оқыс оқиғалар көптеген елдердің балама энергия көздерін (БЭК) қолдану қарқыны мен болашағы жөнінде өздерінің энергетикалық саясатын қарастыруына тура келді. Сондықтан да көптеген елдер, көрші елдер Чернобыльдағы АЭС-ке ұқсас атомдық нысаналарды құрастырып жатқанда тек қана экологиялық таза энергияны игеру, дамыту жеткіліксіз екендігін түсінді.
2. Дәстүрлі энергетиканы дамытудың кері тенденциялары қандай
факторларға байланысты? Дәстүрлі энергетиканы дамытудың кері тенденциялары негізінен екі факторға байланысты: табиғи ресурстың таусылуы мен қоршаған ортаның ластануы. БҰҰ–ның мәліметі бойынша көмір кенінің қоры 2082–2500 жылға дейін жетеді деп жорамалдануда.
3. Дәстүрлі емес энергетиканы дамытудың маңызы Дәстүрлі емес энергетиканы дамыту барысында түрлі елдердің ғалымдары бірге жұмыс жасауы керек.
4. Биоотын дегеніміз не? Оның қолданылуы Биоотын-жану үстінде энергия беруге қабілетті (ағаш сүрегі, шымтезек, балдырлар, т.б.) кез-келген биомасса мен одан алынатын өнімдер (спирт, биогаз, т.б.), органикалық қалдықтар (қоқыс, көң, саңғырық, үгінділер, т.б.).
5. Биоотынды құрайтын биомассаның құрамы қандай? Күкірттің мөлшері 0,1%, ал күлділігі – 3-5%-дан аспайды (көмірде бұл көрсеткіштер керісінше 2–3% және 10–15%-5а тең).
6. Биоэтанол өндірісінің маңызы Ағаш биомассасынан алынған метанолды отын ретінде жаққанда шыққан көміртек оксидінің мөлшері бензинді жаққанда бөлінетін газ көлемінен 2 еседей төмен. Метанолға альтернативті этанолды қант өндірісінен шыққан биомассадан ферменттер көмегімен алып, оны бензиннің орынына қолдануға болады.
7. Биогаз деген не? Биогаз- органикалық қалдықтардың (көң, сабан, арамшөптер, ағаш ұнтағы, т.б.) немесе басқа да тұрмыстық органикалық қалдықтардың ыдырау процестерінде пайда болатын газдардың қосындылары.
8. Биогаздың құрамы Метан – 55-60 пайыз, көмірқышқыл газы – 35–40 пайыз, азот, сутек, күкіртті сутек қосындылары.
9. Биогаздың қолданылуы Дүние жүзінде қазіргі кезде биогаз алу үшін 20 млн- нан көп қондырғылар жұмыс істейді.
10.Биогаз алу талаптары Мынадай талаптар қойылады:биогазды қант және сүт зауыттарының, мал шаруашылығының сұйық қалдықтарынан алуды жолға қою тиімді. Биогаз алу процестерін зерттей отырып, көп елдің (АҚШ, Франция, Жапония) ғалымдары бактериялардың метандық және басқа түрлерін алу әдістерін жасады;
Кейбір фирмалар осы микроорганизмдерді сатумен айналысуда. Осы жасанды бактерияларды қолдану арқылы ашыту мен биогаз алу процестерін жылдамдатады.
11.Пайдаланылатын қалдықтардың құрамы қандай болуы керек? Құрамында көмірсулар массасы көп, ал азот аз болуы керек. Егер азоттың мөлшері көп болса, аммиак түзіліп, метандық бактериялардың өсуін тежейді, процесс нәтижесінде биогаз түзілуі тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |