Бүйрек тастарының түрлері. Химиялық құрамы бойынша бүйректе кездесетін тастар.бейорганикалық және органикалық тастар болып бөлінеді. Бейорганикалық тастарға: Кальций оксалаттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты жатды. Органикалық тастарға: Цистинді, ксантинді тастар жатады.
Несептас ауруының асқынуы және соңы: Егер тас несепағарды тығындап тастаса бүйректе “Гидронефроз” дамиды. Несептің несеп жолдарында іркіліп қалуы, іріңді инфекцияның дамуына жағдай жасайды ол “Іріңді пиелонефрит, абсцесс, пионефроз, іріңді пери- және паранефритті “ дамытады. Осы өзгерістер Уросепсиспен аяқталуы мүмкін, аурудың соңы осылардың асқынған түрі болуы мүмкін.