Жаужүрек мың бала Тарихи ұлттық маңызы бар фильміндегі басты кейіпкерлер туралы қысқаша шолу



Дата24.02.2022
өлшемі8,72 Mb.
#133210
Байланысты:
ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА

Жаужүрек мың бала

Тарихи ұлттық маңызы бар фильміндегі басты кейіпкерлер туралы қысқаша шолу

ЖМ21 – 026-02

Басқамбаева Аружан

Мақсаты: Бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым: қазақ киноматографиясының тарихын ,қалыптасуын және дамуын зерттей отырып , қазіргі тарих ғылымының бүгінгі таңдағы көтерілген деңгейі тұрғысынан талдап , саралап ,шынайы баға беру.


Мақсаты: Бұл тақырыптың мақсаты: «Жаужүрек мың бала» - қазақтың кино әлемінің тарихи жоғарғы деңгейден көрініс тапқан ерекше фильмінің, жастардың отан сүйгіштігін, елдің басына қиындық түскен кезде қазақ халқы бірігіп, Отан үшін отқа түсуге тайынбайтынын көрсете білген, жастардың бүгінгі таңдағы өміріміздің деңгейі тұрғысынан талдап, саралап, шынайы баға беру.

Жоспары: Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған өрімдей жас боздақтардың, осы жасақтардың атақты «Аңырақай» шайқа­сын­да жоңғардың туын жыққаны туралы көріністер. «Жаужүрек мың бала» фильміндегі ак­тер­лердің келбеті, киімдері өте жара­сым­ды образдары жайлы қысқаша мәліметтер.


Жоңғар шапқыншылығы - азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыз­дар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі - Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауыр­ларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлық­тай.

Картинада XVIII ғасырда қазақ дала­сын­да билік құрған қазақ хандығы, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған.

        • Картинада XVIII ғасырда қазақ дала­сын­да билік құрған қазақ хандығы, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған.
        • Алайда бұл фильмнің идеясы бойынша өрімдей жас батыр Сар­тай мен оның жасағына баса назар ауда­рылып, осы жасақтың атақты «Аңырақай» шайқа­сын­да жоңғардың туын жыққаны фильмнің негізгі жүгін көтереді.
        • Қысылтаяң уақытта қазаққа қашанда бірлік пен ынтымақтың жетіспей жататыны фильмнен анық көрініс тапқан.

Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Қорлан сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді.

  • Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Қорлан сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді.

Олар кезінде ата-анасыз қалғанда өздеріне пана болған ақсақалдан тәлім алып, тау-тасты паналап, соғыстың тәсілдерін үйреніп, шы­нығумен болды, сәті түскенде әр жерде қос­тарын құрып, алаңсыз жатқан жоңғарларға тұтқиылдап тап беріп, өздерінше соғысып жүрді, өздері сынды жетім қалған жасөспі­рім балаларды жасақтарына қосып алып, күннен-күнге көбейе берді. .

  • «Сартай деген батыр жасақ жинап жатыр» дегенді естіген жастар өз еріктерімен келіп жасаққа жиналады. Осы кезде Сартайдың кішкен­тайынан бірге өскен Таймас деген досы қызғаныш­тан жарыла жаздап, атақ пен даңқтың тек Сартайға бағышталғанына күйініп, тіпті досын өлтіру­ге әрекет жасайды. Алайда Сартай аман қалып, кейін Таймас «Аңыра­қай» шайқасында Сартай үшін жан беріп, өздерінің «жаудан кек аламыз» деп бір-біріне берген сертін орындайды.

Бүгінде соғыстың қорлығын, жоқшылықтың ащы дәмін татып көрмеген ұрпақтың болмашы қиындыққа сағы сынып жатады. Осындайда адамды бір сілкіп, тәубесіне келтіретін фильмдердің болғаны жақсы-ақ. Біз үшін ең маңыздысы, «Жаужүрек мың бала» - қазақ халқының рухын биіктететін, ынтымағын нығайта түсетін нағыз патриоттық фильм. XVIII ғасырда қазақ халқының рухы осы фильмдегідей биік болғанын қазақ киносына жаңа келген буынның бейнесі арқылы көрдік. «Біз жүз болсақ та, әрқайсымыз он жоңғарға төтеп береміз, сондықтан біз мыңбыз», - деп Сартай батырдың жасағына қарата айтқан сөзі фильмді көргендердің көзіне жас үйірілтері анық. Ендеше, бүгінгі қазақ жастары осындай фильмдермен рухтанып өссе екен деп тілейік...

Өндіруші — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Компания Новый Киноформат»

  • Өндіруші — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Компания Новый Киноформат»
  • Режиссёрі — Ақан Сатаев
  • Сценарий авторлары — Жайық Сыздықов, Мұхамед Мамырбаев, Тимур Жақсылықов
  • Қоюшы-оператор — Хасан Қыдыралиев
  • Продюсерлер — Әлия Увальжанова, Анна Качко

«Жаужүрек мың бала» — Ақан Сатаевтың көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2012 жылы 3 мамырда кесілді.
Ақан Қарғамбайұлы Сатаев

Назарларыңызға рахмет!!! Спасибо за внимание!!! Thank you for attention!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет