Ырым. Егер шөп шуласа – ашық ауа райы болады. Қимылды ойын «Чехарда» Аяқтарын екі жаққа созып, сүйіліп төрт аяқтап тұрған серіктестерінен секіріп өту шеберлігін бекіту.Күш-қуатты,шыдамдылықты дамыту. Еңбек іс-әрекеті. Шамаға шақ бағбанға көмектесу Еңбек қызметі процесінде балаларда еңбекті сүю ,ортақ пайдаға еңбек ету ынтасын,жауапкершілікті тәрбиелеуді жалғастыру. Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер. «Сипап,иіскеп біл» Көкөніс,жемістерді сипап ажыратуды,гүлдерді иіскеп білуді үйрету;ойын ережелерін орындау.Адалдыққа тәрбиелеу. Эксперимент.Шабылған шөпті күннің астында және көлеңке жерде қалдыру. Қорытынды.Күннің астындағы шөп көлеңкедегі шөпке қарағанда тезірен құрғап қалды. Өзіндік іс-әрекеті Балалар қоғамы өмірінің ұйымдастыру нысаны ретінде тұрақты балалар ойындарының біріктіруін пайда болуы мен балалардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру сияқты ойын дамуына үлес қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |