Жаза бастадым.” “Ең алғашқы еңбегім 24 жасымда
Дата 11.01.2017 өлшемі 18,92 Kb. #6757
“27 жасымда драмалық шығармалар жаза бастадым.” “Ең алғашқы еңбегім 24 жасымда “Қазақ” газетінде басылды.” “... Ең алғаш менің өлең жазғаным 13 жасар кезім болды.” “Ақат ағам екеуіміз де әрі молда, әрі етікші, ағашшы, шимайшы, әрі домбырашы болып өстік. Әкем домбыра тартушы еді.” Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Ана күнгідей емес, бұйығы, момақан жігіт. Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Әнші жіберді. Сүмірейте, қылмита соқты, желдете, құтырта соқты, лебізі құлаққа жағып кетті . Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды, Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рахаттанып, гүл-гүл жайнап, кісі емес, гүлге айналады.
4. Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын адам. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Қалаға келсе, бізге соқпай кетпейтін. 5. – Менің де құжырамды бір көріңдер,-деп қайта-қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды. Құжырасы бір іншік екен. Үйінде мәз төсеніш те жоқ. Бар асыл бұйымы-домбырасы. 6. - Сөйткен Ақтамақпен бір-ақ жұмадай дәурен сүрдім, ой, дүние-ай!-деп Әмірқан ауыр күрсінді. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр.
Әміре Қашаубаев 1888- 1934 Прототип – көркем шығармадағы әдеби бейнені жасауға негіз болған, өмірде бар түпкі тұлға. Әміре Қашаубаев 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданында дүниеге келген. Сұңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей... Ауылды жерде тиянақты табыс болмаған соң, әкесі Семейге көшіп барады Арқа әншілерінің ордасы болған Қоянды жәрмеңкесіне барып, содан біржола бет бұрады Өнер жолын 1917 ж. бастайды. Семейде құрылған Жастар ұйымының мүшесі болып, әншілік өнерін шыңдай түседі. 1924 жылы халық өнерпаздарының байқауына қатысып, әншілер сайысында бас бәйгені иеленеді. 1927 жылы Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін шырқады. Сол жылы Германияда 9 концерт беріп, қазақ әндерін айтып, әлемге паш етті. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік көрмеде қойылған этнографиялық концертте өнер көрсетіп, 2 бәйге мен күміс медальды иеленеді. Париждің “Комедия” залында өтіп жатқан орыстың этнографиялық өнері әдеттегі біз көріп жүрген концерттерден ерекше. Әсіресе, қазақтың әншісі – Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айтылатын емін-еркін даусына ұлт аспабы домбыраны сүйемелдеуі ерекше құбылыс болып көрінді. Сол әндерінің бәрінен де өзінің Отанына деген жалынды сүйініші сезіліп тұрды. 1925 жыл 31 шілде Әміренің орындаған әндері Әнші _________________________________________ _________________________________________ шырқады. Әнші _____________________________________________ _____________________________________________ жан. __________________________________________________ __________________________________________________ . Әміренің театр сахнасында сомдаған рольдері “Еңлік- Кебек” пьесасы қойшы Жапал “Бәйбіше-тоқал” пьесасы қария “Айман-Шолпан” либреттосы Жарас ...Жүсіпбек семинарияда оқып жүргенде Семей қаласында болып тұрған ойын-сауық, әдеби кештерге үзбей қатысып,өзі қойылымдардағы рөлдерде ойнап, тіпті өз жанынан шағын пьесалар жазып,сауық кештерінде қояды. 1917 жылы 17 желтоқсанда оқушы жастардың әдебиет кеші болып, Жүсіпбектің екі пьесасы қойылыпты. Онда атақты әнші Ә.Қашаубаев пен ұлы жазушы М.Әуезов рөлдерде ойнап, жұртшылық қошеметіне бөленіпті. Қ.Шәкәрімов “Әміре” 1973 жыл Қ.Жармағамбетов “Әнші азамат” 1951 жыл Қ.Шәкәрімов “Әміре Қашаубаев” 1980 жыл Қ.Шәкәрімов “Ән жұлдызы” 1978 жыл М.Тоқжігітов “Ән атасы-Әміре” 1972 жыл Н.Анонов “Ән қанаты” 1956 жыл Әншінің баға жетпес бұйымдары Ә.Қашаубаев концерттермен гастрольдік сапарға шыққанда өзімен бірге Парижден әкелген үш жақты айнаны ала жүрген. Әншінің қызы Күләш Жақыпова 1975 жылы бұл бұйымды мұражайға тапсырған. ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы қорында Ә.Қашаубаевтың домбырасы сақтаулы. Бұл домбыра ХХ ғасыр басында белгісіз шебердің қолынан жасалған Қазақтың классикалық әндері Әміре айтқан үлгі-өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілер Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасарлар болды. Ән айтады, домбыра тартады Төмендете сорғалап, Тас бұлақтың суындай. Әсем, әсем нақышы, Айдынның сұлу суындай Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп, Қоздырып делебеңді әсерлетіп. Шырқатып, шарықтатып, шалықтатып, Шапшытып, шүмектетіп, тамылжытып Әнші Әміре Өнер Жетістік Ізбасар Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре - әншіліктің ақыны Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: Достарыңызбен бөлісу: