Приречный орта мектебімізде жыл сайын жазғы сауықтыру лагерінде жоспар құрылып жүйелі жұмыстар атқарылады.
Мектептегі сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушылары. Мектебімізде маусым айынан ашылған "Достар" лагері жұмыс жасайды. Әр күнге жүйелі жұмыс жоспары құрылып тәрбиешілер жұмыс атқарады. Танымдық сабақтар өткізіліп,қызықты ойындар ойнатылып оқушылардың тиімді дем алуына жағдай жасалынады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, дұрыс сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру мақсатында түрлі деңгейде тапсырмалар орындайды. Мектеп әкімшілігі үлемі бақылау жасап лагерь жұмысының жаңдануына үлес қосады. Жайрандаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Лагердегі ұстаздар оқушының бос уақытың дұрыс пайдалануға бағыт беріп қана қоймай,бос уақытта дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын қарым - қуатты жетілдіретін түрлі әрекеттерді ұйымдастырады. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу - шындалу мәселесімен қатар, мерекелік іс - шараларға тарту арқылы оқушылардың жан -жақты қабілетін ашып, өз өнерлерін көрсетуді тәрбиелеуде. Лагерде тек мерекелік шаралар түрлі ойын - сауық орталықтары мен табиғат аясына серуендеу жумыстары жоспар бойынша жүргізіліп отырады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де,сәнді өтуде. Биылғы жылғы сауықтыру лагері жоғарғы денгейде жұмыс атқарды.