АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МИФТІК ЭЛЕМЕНТТЕР Аңдатпа Ұсынылып отырған мақалада жазушы Айгүл Кемелбаеваның әңгімелеріндегі мифтік сарын, мифтік кейіпкерлерге талдау жасалған. Әңгімелеріндегі ғажайып, тылсым бейнелердің сырын ислам дінімен байланыстыра отырып ашқан. «Жезтырнақ», «Қақпаншы», «Алмұрт» әңгімелері діни бағытта жазылған, сол әңгімелеріндегі негізгі идеяны көркем түрде жеткізе білген. Жазушының үздік шығармаларының бірі «Қоңыр қаз» әңгімесіндегі қыздың құсқа айналып ұшып кетуін магиялық реализммен байланыстырған. Шығармаларындағы кейіпкерлердің сюжеттік әрекеті мол дәйектеліп, қорқынышты сәттер шынайы психологиялық сарыны көрсетіліп, қорытынды жасалған.