байланысты. Ендеше терең әсерді –
слог ұқсастығын іздеуіміз керек.
Осылай шалыс басқандықтан,
кейде біз бір жазушының ерекшеліктерін
зерттегенде үстірт қарап өтеміз. Мысалы, кейіпкерлерді дара
-
дара
көрсетуді де бір автордың еншісіне тиген ерекшелік деп те ұғамыз, адам
портретін шебер жасауды да ерекшелікке қосамыз. Бұлар жеңіл
-
желпі
карағанда ерекшелік
-
ақ шығар, алайда жалпы ірі жазушылардың бәріне
бірдей ортақ қасиет емес пе?
Қорыта айтсақ, ұқсастықтың тиекті айғағы автордың слогына
байланысты. Стиль –
әдіс ұқсастығы, кей кезде, тікелей қарым
-
қатысы
жоқ авторларда да болуы мүмкін. Сондықтан негізінен алғанда, слог
ұқсастығы шешуші жәйттің тиянақты шарты.
Біздің ойымызша, Гогольдің негізгі ерекшелігі оның ащы мысқылында.
«Әзіл түбі –
зіл» дегендей Гогольдің зілді мысқылы барған сайын
айқындалып, өмірдің алуан қырын аша береді. Гоголь өз тұсындағы
өмірде болған қайшылықты шебер сурттейді. Оның биязы сықақ әзілі де,
өткір мысқылы да осы қайшылықтан барып қоздап жатады. Бірақ,
мұндай әзіл, мысқыл әдіс басқа жазушыларда да болады, ендеше оның
бұл да негізгі ерекшелігі емес тәрізді. Гогольдің
ешкімге ұқсамайтын
оқшау ерекшелігі сөз саптауында демекпіз.
Пікірімізді айқындау үшін осы арада ұлы сыншымыз
В.
Г. Белинскийдің сөзін тағы құлақтарыңызға сала кетелік: «Слог –
это
сам талант, сама мысль... слог делится на столько родов, сколько есть на
свете великих или по крайней мере сильнодаровитых писателей. Если у
писателя нет никакого слога, он может писать самым прекрасным
языком, и все
-
таки неопределенность и ее необходимое следствие –
многословие будут придавать его сочинению характер болтовни, которая
утомляет при чтении и забывается тотчас по прочтении...
Гоголь вполне владеет слогом. Он не пишет, а рисует, фраза как живая
-
картина, мечется в глаза читателю, по
-
49
Достарыңызбен бөлісу: