7. Истинжа – ішдәрет Истинжа – таһаратқа жататын істердің бірі. Бұл – дәретке
отырғаннан кейін оның орнын кесекпен немесе күнделікті өмірде
қолданыста жүрген дәрет қағазы сияқты нәжiсті кетiретін затпен
тазалау. Бұдан кейін нәжiс орнын сумен жуу абзал.
Истинжа зәр шығып болғасын, оның қалдығы қалмағанына
көз жеткізгеннен кейін ғана жасалады. Зәрді шығарып болғаннан
кейін аз ғана күтіп, сосын тазалап жуса, әйелге жеткілікті. Ал ер
адам сол қолымен жыныс мүшесін ақырындап бірнеше рет
сығады және зәр шығару жолдарында қалып қалған зәр
қалдықтарының толық шығуын қадағалап, сосын тазалап жуады.