24
ұстап, нәпсісін тыйып, ар-ұяттан аттамай, сабырлы бола білген
адамның сезімі. Алайда жүректегі сезім оның еркінен тыс, оның
бұл сезімге әмірі жүрмейді, оны өзгерте алмайды. Ол ізгілікпен
сезімін жасырып, ғашықтық дертіне сабыр етеді. Соның
нәтижесінде үлкен сауапқа ие болады.
б) Қызғану
Қызғану дегеніміз – адамның өзіне тиесілі нәрселерге басқа
біреудің ортақтасуын қаламауы. Бұл да – махаббаттан
туындайтын сезім. Адам өзінің сүйіктісін ғана қызғанады.
Қызғану еркектің бойынан табылса да, әйелдің бойынан табылса
да, жақсы қасиет деп есептеледі.
Әйел күйеуінің екінші әйел алуына қарсы тұрып, қатты
ашуланып, қызғанады. Бұл – әйел затының жаратылысына тән
қасиет. Ол күйеуінің екінші әйел алуына үзілді-кесілді қарсы
болады. Күйеуіне өзі ғана иелік еткісі келеді. Себебі ол күйеуін
жақсы көреді. Жақсы көрмегенде, бұған мән бермес еді.
Күйеуінің екінші әйел алуын қаламайтын әйелдің «көп
әйелділікке» рұқсат еткен шариғат үкіміне қарсы келуіне
болмайтындығын бірінші бөлімде айтқанбыз. Өйткені әйелдің
қызғаныш сезімі салдарынан шариғат үкімдерін мойындамауға
хақысы жоқ. Әйел шынайы, ізгі мұсылман болса, күйеуін
қызғанып, екінші әйел алуын қаламағанына қарамастан, еш
ойланбай шариғат үкімін қабылдайды. Осы жерде Аллаһ
тағаланың жұмақта мұсылман ерлер үшін дайындап қойған хор
қыздары болатынын айта кету керек. Мұсылман әйелдер ерлерін
қанша қызғанса да, хор қыздарын жоққа шығара алмайды.
Себебі, біріншіден, жұмақта күйеуімен бірге бола ма, жоқ па, оны
білмейді. Екіншіден, жаннаттық адамның жан дүниесіне бұл
дүниедегідей қызғаныш сезімінің жат екендігін әйелдер білуге
тиіс. Үшіншіден, Аллаһ тағала жаннатта әйелдер үшін де
көптеген нығметтер, сый-сияпаттар дайындап қойған. Әрине, біз
ол нығметтерді түгел біле бермейміз. Өйткені жаннатта адам
баласының көзі көріп, құлағы естімеген, ойына келмеген
ғажайыптары бар. Бұл жайлы Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: