ЖҰБАНОВ МАРШЫ
Сөзі — Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫНІКІ
Әні — Орал-Қосай БАЙСЕҢГІРДІКІ
Сыйлаған жанға шуақ ақ самалы,
Жастықтың шырқалады асқақ әні.
Бақыттың ауылына апарар жол
Білімнің ұясынан басталады.
Білім кені,
Ғылым кені —
Қазынаға толған төрім!
Даңқың ерек,
Нарқы бөлек —
Қасиетті ордам менің!
Шыққанда сәуле шашып, қуанып күн,
Сүйеді ескерткішін ұлы алыптың.
Ұрпақпыз жеткізетін болашаққа
Есімін Құдайберген Жұбановтың.
Арманы — асқар,
Алға бастар,
Дуалы ауыз, құт-көмейім.
Ғалымдарың,
Нар ұлдарың
Асқақтатар ұлт мерейін!
Дала ғұрпын,
Дана рухын
Қабыл алдық мұра ғып біз.
Тілім дейтін,
Ділім дейтін,
Біз бүгінгі Жұбановпыз!
Елім дейтін,
Жерім дейтін,
Біз бүгінгі Жұбановпыз!
Ұлтым дейтін,
Жұртым дейтін,
Біз бүгінгі Жұбановпыз!
Достарыңызбен бөлісу: |