Жедел гематогенді остеомиелит Орындаған: Джанаев Нуриман Тобы: 608



бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#191777
1   2   3   4
Байланысты:
Жедел гематогенді остеомиелит

Атипті остеомиелиттер.
Атипті остеомиелиттер балаларда кездесетін барлық остеомиелиттердің 4 – 7,5% — ін құрайды. Атипті остеомиелит бала организмінде иммунобиологиялық қасиеті жоғары болған кезде анықталады, сондықтан сүйектегі қабыну ошағы бірден шектеледі.
Бұл остеомиелиттің түріне келесі сүйек қабынулары жатады:
— Броди іріңдігі
Склероздаушы Гарре остеомиелиті
— Альбуминозды Олье остеомиелиті
Антибиотиктік остеомиелит
Броди іріңдігі
Склероздаушы Гарре остеомиелиті
Диагнозды анықтауда, сүйек қуысындағы қысымды өлшеу маңызды роль атқарады. Ол үшiн сүйек метафизі кеңiстiгіне арнайы ине қойылады. Осы ине арқылы, алдыменен, сүйек майының түсi байқалады, қалыпты жағдайда, қою қоңыр түстi, онда басқа бiр қосылыстар көрiнбейдi. Егер сүйек майы iрiңдесе, ине арқылы қою қоңыр қызыл қанмен бiрге iрiң шығуы мүмкiн немесе ыдыраған сүйек майы шығады. Түсiнiксiз жағдай болғанда, сүйек қуысының қысымын анықтайды. Оны Вальдман аппаратымен орындайды. Метафизге енгiзiлген инемен сүйек арнасына суда жақсы еритін верографин, кардиотраст, уротраст дәрiлерiнің бiрі 5-10 мл көлемде енгiзiледi. Рентген суретiн түсiрудi, контраст затты инеге енгiзiп жатқан кезде және он минуттан кейiн қайталайды. Егер контраст заттар 10 минуттан кейiн түсiрiлген рентген суретiнде байқалынса, онда сүйек майы қабынуға ұшыраған, яғни ауруда остеомиелит үрдісi бар деген сөз.
Қан талдамасынан:
-ақ қан түйiршiктерiнiң 15-20 мыңға дейiн көбейгенi,
-эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылағаны,
-анемия анық аңғарылады
Ажыратпалы нақты диагнозды:ревматизм (буындық түрі), флегмона, сүйек туберкулезі, жарақатпен жүргізеді.
Ревматизмде көп буындардың ауруы, электрокардиографиялық зерттеу нәтижесінде жүрек жағынан бұзылыстар байқалады. Зақымданған аймақты мұқият қарау және пальпация жасау кезінде, ревматизмнің остеомиелиттен үлкен бір айырмашылығы ауырсыну және ісінгендіктің сүйек үстінде емес, буын үстінде орналасатындығы.
Флегмона да остеомиелиттің клиникалық көрінісін беруі мүмкін. Бірақ остеомиелитпен салыстырғанда флегмона кезінде терінің қызаруы мен беткей флюктуация өте ерте дамиды. Егер флегмона буын аймағында орналасатын болса, контрактураның болуы шарт. Бірақ остеомиелитпен салыстырғанда оны тұрақты және пассивті қозғалыс жасау арқылы буынды қалыпты жағдайға келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет