- 25 жасар науқас әйел, мамандығы инженер, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: бетінің, аяқтарының ісінуі, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, дел-салдық, жүрек қағуы, белінде ауырлық сезу, мезгіл-мезгіл бел аймағында күшті ауырсыну мазалайды.
- Анамнезінде: 2,5 апта бұрын фоликулалық ангинамен ауырған. Үйінде жанұялық дәрігермен емделген, 8-ші күні жұмысқа шығарылған. 2 күн бұрын көз алдының ісінуін байқаған, несебі - қызыл түсті болған. Дәрігерге қаралмады, артынша ісіну аяғына дейін тарап, кешке қарай кемімей, несебінің мөлшері азая бастады.
- Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары қуқыл, бетінде, аяқтарында және бел айтағында айқын ісінулер. Өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы. Аускультацияда везикулалық тыныс, сырылдар естілмейді. ТАЖ 21рет минутына. Жүректің үндері басыңқы, ырғақты.
- АҚ 120/80 мм.рт.ст. ЖСЖ 88 рет минутына. Бүйрек аймағында ісінулер байқалады, қағу симптомы «теріс» мәнді. ЖҚА: қалыпты.
- ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1021, белок – 4,0г/л, эритроциттер 20-25 көру аймағында, лейкоциттер 6-8 көру аймағында, аздаған гиалин цилиндрлері.
Клиникалық есеп - 33 жасар ер адам, мынадай шағымдармен дәрігерге қаралды: сол жақ бүйірінің ауырсынуы және зірінің түсінің өзгеруіне (зәрі қызыл түсті), сонымен қатар артериялық қысымға байланысы жоқ басының ауыруы. Кіші дәретке отырғанды ауырсыну сезілмейді.
- Ауру тарихынан: Жоғарыдағы шағымдар соңғы 5 жылдың ішінде 3 рет жедел респитаторлық инфекциядан кейін қайталанған.
- Об-ті: Жалпы жағдайы орташа. Тері қабаттары бозғылт, таз, ісіктер жоқ. Өкпесінде везикулалы тыныс, сырыл жоқ. Жүректің ырғағы дұрыс, ЖСС 90 - 1 мин.
- АД 135/90 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
- Тексерулер: ЖҚА: Нв – 110г/л, лейкоциты – 6х109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ.
- ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1012, белок – 1,066г/л, эритроциттер 20-25 көру аймағында, лейкоциттер 5-6 көру аймағында, аздаған гиалин цилиндрлері. Креатинин 70 мкмоль/л, шумақ фильтрациясының жылдамдығы 95 мл/мин.
Достарыңызбен бөлісу: |