Өт қабының жедел қабынуы -85-90% -да өт қабында тастың болуына байланысты , созылмалы түрінде жиі қайталанатын ауру. Тарихта бірінші болып өт қабын алу операциясын Американың хирургі Карл Лангенбух 1882 жылы жасаған. Бірінші лапороскопиялық холецистэктомия операциясын 1985 ж. немістің хирургі Эрик Мюхе жасаған.
Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады.