орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін. Емі: - Төсек режімі дене қызуы түскеннен соң тағы 2-3 күнге тағайындалады.
- Диета: Баланың тамағында сүт, өсімдік тағамдары болуы керек. Витаминге бай, құнарлы, сұйықтық жеткілікті болғаны жөн. Әсіресе мүкжидек, итмұрын тұнбасы, боржоми, лимон қосылған шай, бал аралас сүт, таңқурай қосылған шай, жалбыз беру керек.
- Қақырық түсіретін дәрілер - алтей тұнбасы, мукалтин, мия түбірі, бромгексин, пертуссин (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин)
- Жөтелді азайту үшін көп беруге болмайды, себебі жөтел қорғаныс реакциясы, қақырық шықпай обструкция болуы мүмкін. (декстрометорфан, кодеин, тусупрекс)
- бронходилататорлар (сальбутамол - бронхиалды гиперреактивтілік белгілері кезінде)
- Қыздырғыш компресс, қышамен аяққа ванна жасау.
- В тобының витаминдері
- Физиоемі – УКС (ультракүлгін сәулелендіру), калий иодидімен, эуфиллинмен кеуде клеткасына электрофорез жасау.
- Оттегімен дем алдыру, ингаляциялар.
- Ең жиі асқынуы - өкпе қабынуы (пневмония).
Достарыңызбен бөлісу: |